08/03/2023
Құрметті ханымдар мен аяулы арулар!😍
🌸 Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Сіздерді 8 — наурыз Халықаралық әйелдер мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
🥰 8 наурыз — Дүниежүзілік әйелдер күні ғана емес, сонымен қатар әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтіп, бүкіл әлем әйелдерінің өткенін, бүгінін және болашағын көрсететін сұлулық пен даналықтың мерекесі.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!❤️
*
Дорогие дамы, девушки и женщины!😍
🌸 Казахская головная архитектурно-строительная академия от всей души поздравляет Вас с весенним праздником — 8 марта!
🥰 8 марта — это всемирный день женщин, праздник красоты и мудрости, в который отмечаются достижения женщин в политической, экономической и социальной областях, празднуется прошлое, настоящее и будущее женщин всей планеты.
Пусть этот день подарит Вам прекрасное настроение и станет стартом для новых начинаний, которые принесут только радость! Желаем исполнения всех сокровенных желаний, любви, здоровья и благополучия Вам и Вашим семьям!❤️
06/03/2023
«KazGASA» құрама командасы «Nomad» КВН лигасына жолдама жеңіп алды😍
2023 жылғы 30 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Астанада «Жайдарман» ойынына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген команда жиналды🔝
Байқау қорытындысы бойынша «KazGASA» құрама командасы тамаша нәтиже көрсетіп, «Nomad» КВН лигасына жолдама жеңіп алды👏🏻
Айта кетсек, осы маусымда еліміздің барлық аймақтарынан 350-ден астам команда тіркелген.
🤩«Жайдарман» — бұл ерекше атмосфераның, шығармашылық жастарды қуаттандыратын командалық қойылымдар мен күнделікті ойын-сауық іс-шараларының үздіксіз қоспасы.
KazGASA құрама командасын құттықтаймыз және алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!❤️
*
Сборная команда «KazGASA» выиграли путевку в лигу КВН «Nomad»😍
С 30 января по 5 февраля 2023 года в Астане вновь собрались сотни команд со всего Казахстана, увлекающиеся игрой «Жайдарман»🔝
По итогам конкурса Сборная команда «KazGASA» показав отличный результат, невероятный поток юмора и веселья выиграли путевку в лигу КВН «Nomad»👏🏻
Стоит отметить, что в этом сезоне было зарегистрировано более 350 команд со всех регионов страны.
🤩«Жайдарман» — это уникальная атмосфера, непрерывный микс командных выступлений и ежедневных развлекательных мероприятий, которые заряжают творческую молодежь энергией.
Поздравляем Сборную команду KazGASA и желаем удачи в предстоящих играх!❤️
06/03/2023
1 наурызда KazGASA студенттері RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті 🤩
RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясы сәулет-құрылыс жобалары мен жобалау-құрылыс жұмыстарын әзірлеуге бағытталған компания болып табылады 🏢
Кездесуге қатысушылар RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясының қызмет бағыттары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, даму перспективалары және т.б. туралы білді 📈
Компанияның Бас директорымен бірге өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері де талқыланды. Студенттерге арналған өндірістік практика — бұл еңбек нарығын білуге және болашақ мамандықта өзіңізді табуға мүмкіндік беретін оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі 🤔
RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясына жемісті кездесуі үшін алғыс айтамыз!👏🏻
*
1 марта студенты KazGASA встретились с представителями компании ТОО RAS GROUP PROJECT, с целью содействия занятости студентов и трудоустройства выпускников университета🤩
Компания ТОО RAS GROUP PROJECT занимается архитектурно-строительным проектированием и предлагает полный перечень услуг по разработке проектно-строительных работ🏢
Участники встречи узнали о направлениях деятельности компании ТОО RAS GROUP PROJECT, возможностях трудоустройства, перспективах развития и др. Отдельно представители компании остановились на опыте реализации компанией строительных проектов на территории Казахстана📈
Вместе с Генеральным Директором компании обсуждались также возможности прохождения производственной практики. Производственная практика для студентов – важная составляющая учебного процесса, позволяющая сориентироваться на рынке труда и найти себя в будущей профессии🤔
Благодарим компанию ТОО RAS GROUP PROJECT за плодотворную встречу!👏🏻
02/03/2023
✅ Бүгінгі таңда жақсы өмір сүргісі келетін және дені сау болғысы келетін барлық адамдар өмірдегі болып жатқан оқиғаларды талдай білу, ақпаратты ретке келтіру, мамандықты таңдау, өмірлік жағдайларға қатысты шешім қабылдай алу үшін интеллект деңгейін дамыту қажет.
Алайда, кейде эмоционалды интеллект жақсартуды және қолдауды қажет етеді🫂
Егер Сізге психологтың көмегі, сондай-ақ ашық пікір қажет болса, Сіз кез-келген уақытта ХБК-дағы психологиялық қолдауға жүгіне аласыз. Біздің психолог Досанов Алгатай Борисович Сізге көмектесуге және кеңес беруге әрдайым дайын!❤️
📍Қабылдау уақыты:
Күн сайын (дүйсенбі - жұма аралығы)
🕣 8:00-17:30
🏢 ҚАУ, 201 кабинет
*
✅ Сегодня всем, кто хочет жить хорошо и быть здоровым, необходимо развивать свой уровень интеллекта, чтобы уметь анализировать происходящие события в жизни, упорядочивать информацию, выбирать то, что нужно для жизни, принимать решения относительно профессии, жизненных ситуаций.
Однако, время от времени эмоциональный интеллект нуждается в улучшении и поддержке🫂
Если Вам необходима помощь психолога, а также дружеская беседа, Вы в любое можете обратиться в психологическую поддержку МОК. Наш психолог Досанов Алгатай Борисович всегда будет рада помочь Вам и проконсультировать!❤️
📍Время приёма:
Ежедневно (с понедельника по пятницу)
🕣 8:30-17:30
🏢 КАУ, 201 кабинет
01/03/2023
Халықаралық білім беру корпорациясы Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтайды!💐
Алғыс айту күні — Қазақстан Республикасының көпұлтты елінің бірлігінің символы және әлеуметтік ынтымақты, өзара көмек көрсетуді қолдау күні🥰
🇰🇿 Сондай-ақ, мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылғанын және жас ұрпақтың бойында бір-біріне деген құрмет пен достық сезімін тәрбиелеуге бағытталғанын атап өткен жөн.
Көктемнің алғашқы күнінде жарқын мереке, Алғыс айту күні, еліміздің басты байлығы — халық бірлігін одан әрі сақтауға және арттыруға ықпал етуіне тілектеспіз.
Сізге және Сіздің отбасыларыңызға амандық, бақыт пен түсіністік тілейміз! Тәуелсіз Қазақстан даму мен бақытты өмірдің сенімді мекені болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін!👏🏻
*
Международная образовательная корпорация поздравляет Вас с Днём благодарности!💐
День благодарности — это символ единства многонациональной страны Республики Казахстан и уважение нашей общей истории, всех народов, проживающих в нашей стране🥰
🇰🇿 Стоит также отметить, что праздник приурочен ко дню образования Ассамблеи народа Казахстана и направлена на воспитание у молодого поколения чувства толерантности, уважения и дружелюбия друг к другу.
Пусть в первый весенний день светлый праздник, День благодарности, способствует дальнейшему сохранению и приумножению главного достояния нашей страны - единства народа.
Желаем благополучия Вам и Вашим семьям, счастья и понимания! Пусть независимый Казахстан будет надежным тылом для развития и счастливой жизни. Достатка, процветания и благополучия!👏🏻
28/02/2023
Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің жазғы мектебі✅
«Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті» бүгінде — ірі оқу және ғылыми орталық, сонымен қатар Ресей Федерациясының солтүстік-батыс федералды округіндегі құрылыс, сәулет, көлік және инженерлік-экологиялық жүйелер саласындағы мамандарды кешенді дайындауды жүзеге асыратын бірден-бір университет🔝
Жазғы мектепте оқу бірнеше бөлімді қамтиды:
- Ресейдегі Солтүстік астананың архитектурасымен танысу;
- Тәжірибелі оқытушылармен жеке жаңарту жобаларын әзірлеу.
📍Жазғы мектепке қатысу Сізге қандай мүмкіндіктер сыйлайды?
- әртүрлі архитектуралық стильдермен танысу;
- халықаралық командада жаңа білім мен тәжірибе алу;
- жаңа таныстықтар мен кәсіби байланыстар;
- портфолиоңызды жарқын кейспен толықтыру.
📌 Жұмыс форматы:
- командалық және жеке жобалық жұмыс.
Жазғы мектептің негізгі тілі:
- орыс.
Нәтижесі:
- 4 ECTS сертификаты (72 академиялық сағат).
💰Құны:
– 15 000 рубль (оқу мен Санкт-Петербургтегі жатақханада тұруды қамтиды)
📞 Байланыс нөмірлері:
Пастух Ольга Александровна (жетекші), сәулет канд., доцент
e-mail: [email protected]
🏢 Жатақханада тұру мәселелері бойынша:
Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің Халықаралық қызмет басқармасы
Тел. +7 (812) 575 09 78
e-mail: intern.depart@spbgasu.
ru; [email protected]
27/02/2023
KAZGOR Жобалау академиясының жас мамандарға арналған BIM жобалау бойынша байқауы✏️
27 ақпанда Қазақстандағы ең ірі KAZGOR жобалау ұйымы, bimQ және Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы жанындағы Жас сәулетшілер секциясы ұйымдастырған сәулет саласындағы студенттер мен жас мамандарға цифрлық модельдерді әзірлеуге арналған конкурс аяқталды.
🏆Байқаудың жеңімпаздары болып Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері жарияланды:
1 орын-Үсенқызы Ақмарал (Сәулет факультеті, 3 курс)
3 орын - Пяк Оксана (Сәулет факультеті, 4 курс)
4 орын - Гармаш Илья (ҚазБСҚА колледжі)
Финалистер шағын тәжірибеден өтіп, сыйлықтар, кітаптар, ақшалай жүлделерге ие болып, жобалаудың қыр-сырымен танысты.📐
Халықаралық білім беру корпорациясы атынан студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Сіздерге сәттілік пен үлкен шығармашылық биіктер тілейміз!💐
*
Конкурс по BIM проектированию для молодых специалистов от проектной академии KAZGOR✏️
27 февраля завершился конкурс на разработку цифровых моделей для студентов и молодых специалистов в сфере архитектуры, организованный крупнейшей проектной организацией в Казахстане KAZGOR, bimQ и Секцией Молодых Архитекторов при Союзе Архитекторов Республики Казахстан.
🏆Победителями конкурса стали студенты Международной образовательной корпорации:
1 место - Үсенқызы Ақмарал (Факультет Архитектуры, 3 курс)
3 место - Пяк Оксана (Факультет Архитектуры, 4 курс)
4 место - Гармаш Илья (Колледж КазГАСА)
Финалисты прошли мини-практику, получили подарки, книги, денежные подарки и познакомились с реальным проектированием.📐
От имени Международной образовательной корпорации поздравляем наших студентов с победой!
Желаем успехов и больших творческих высот!💐
22/02/2023
Халықаралық білім беру корпорациясында әскери кафедра ашылды✅
🇰🇿 2023 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Р. Жақсылықов «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес халықаралық білім беру корпорациясында әскери кафедра құру туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісілді.
📍Айта кетейік, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында 48 мамандық бойынша запастағы офицерлер даярланады. Кафедрада оқуды аяқтағаннан кейін білім алушы келісімшарт бойынша одан әрі әскери қызметке кіруге құқылы. Негізгі мамандықтан басқа студенттердің әскери мамандық алуға мүмкіндігі бар. Бітіргеннен кейін оларға офицер атағы беріледі. Оқытудың басты артықшылықтарының бірі-міндетті әскери қызмет өткеруден босату.
*
В Международной образовательной корпорации открылась военная кафедра✅
🇰🇿 10 февраля 2023 года министр обороны Республики Казахстан Р. Жаксылыков подписал приказ о создании военной кафедры в Международной образовательной корпорации в соответствии с подпунктом 26-23) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан «Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан». Данное решение было согласовано с Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан.
📍Отметим, что на военных кафедрах высших учебных заведений города Алматы осуществляется подготовка офицеров запаса по 48 специальностям. После завершения обучения на кафедре обучающийся имеет право поступить на воинскую службу далее по контракту. Помимо основной специальности у студентов есть возможность получить еще и военную профессию. После окончания им присваивается звание офицера. Одно из главных преимуществ обучения — освобождение от прохождения обязательной воинской службы.
21/02/2023
✅ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 17 ақпандағы № 85 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен Халықаралық білім беру корпорациясы Сәулет факультетінің Сәулет докторы, зерттеуші профессор Абдрасилова Гүлнар Сейдахметқызына «18.00.00 — Сәулет» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді👏🏻
Гүлнара Сейдахметқызын ғылыми атағымен құттықтаймыз және ғылым саласында және білікті ғылыми кадрлар даярлауда табыс тілейміз!💐
*
✅ Приказом председателя Комитета по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан № 85 от 17 февраля 2023 года «О присуждении ученого звания» доктору архитектуры, профессору-исследователю факультета архитектуры Международной образовательной корпорации Абдрасиловой Гульнаре Сейдахметовне присуждено ученое звание профессора по специальности «18.00.00 — Архитектура»👏🏻
Поздравляем Гульнару Сейдахметовну с ученым званием и желаем дальнейших успехов на ниве науки и подготовке квалифицированных научных кадров!💐
15/02/2023
Халықаралық білім беру корпорациясына мемлекеттік грантқа түсу үшін 2022 жылғы шекті баллдар✅
Құрметті талапкер!
Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы мемлекеттік грантты жеңу ұпайларын ұсынамыз📚
🎨Шығармашылық емтихан қарастырылған мамандықтарға түсетін оқушылар ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы пәндерін және шығармашылық емтихандарды тапсырады.
* Екі шығармашылық емтиханды талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарында тапсырады және әр емтихан 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Мемлркеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер:
- ҰБТ-да кемінде 50 балл;
- ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Сіздерді Академиямызда күтеміз!😉
*
ПРОХОДНЫЕ БАЛЛЫ 2022 года для поступления в Международную образовательную корпорацию✅
Дорогие абитуриенты!
Представляем вашему вниманию проходные баллы 2022 года для поступления на грант📚
🎨 Абитуриенты, поступающие на специальности, где предусмотрены творческие экзамены сдают на ЕНТ историю Казахстана, грамотность чтения, а также творческие экзамены.
* Творческие экзамены, которые оцениваются по 45-балльной системе необходимо сдать в выбранных ими вузах.
Для участия в конкурсе на присуждение государственного образовательного гранта абитуриенту необходимо набрать:
- на ЕНТ не менее 50 баллов;
- по каждому предмету ЕНТ и (или) творческому экзамену необходимо набрать не менее 5-ти баллов.
Ждем вас в стенах нашей Академии!😉