05/09/2023
.kz
🔹Бүгін көрнекті лингвист-ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының және қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық әліпби мен емле реформаторы, алғашқы ұлттық әліппенің авторы, қазақ ғылымын ұйымдастырушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры
(1928), қазақтың алғашқы білім министрі, ақын, философ, мәдениеттанушы, саясаткер, идеолог, педагог, XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясын тәрбиелеген ағартушы ғалым, қазақ руханияты тарихындағы аса ірі тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлт Ұстазы АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ!
🔹Ахмет Байтұрсынұлы 1913-1918 жж. қазақ тіліндегі алғашқы ұлттық басылым – «Қазақ» газетін шығарды. 1917 ж. Қазақтың ұлттық-территориялық мемлекеттілігі – Алаш-Орда автономиясын құрушылардың бірі және Алаш-Орда үкіметі Оқу-ағарту комиссиясының төрағасы, 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің мүшесі, 1920-1921 жж. Қазақ АКСР-і Халық ағарту
комиссары (Қазіргі Білім және ғылым министрі), 1922 ж. Өлкелік Халық ағарту
комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың (ҚР ҰҒА-ның алғашқы
негізі), 1922-1925 жж. Халық ағарту комиссариаты «Білім кеңесінің» төрағасы
қызметтерін атқарды.
🔸Ғалымның ұлттық тілдегі қызметін мынадай төрт бағытта қарастыруға
болады:
✅қазақ тілінің ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу;
✅ қазақ тілінің практикалық қолданысын кеңейту, жетілдіру;
✅ қазақтілді ақпарат қорын байыту (аударма);
✅қазақ тілінің саяси базасын жасақтау және күшейту.
🔸Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілтанымы ғылыми курсының ұлттық негізі қаланып, болашақ даму бағдары қалыптасты. Қазақ тілін көркейту мен қолданысын кеңейту, қазақтілді қауымның ғылыми санасын көтеру жолына ғұмырын арнады, ұлтқа қауіп төндірген саяси-әлеуметтік себептермен күресіп, ғасырлар бойы тұнық қалпында жеткен ұлт жады мен ұлтты өктем тілдердің экспансиясы мен отарлауынан қорғауға бар күш-жігерін жұмсады.
🔸Ғалымның ұлттық мүдде жолындағы бар қызметінің жасампаздығы мен бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетіп келе жатқан артынан қалдырған мол мұрасы, өнеге тұтарлық жанкешті күресі – адами және ғалымдық келбетінің басты ерекшелігі ретінде бағаланады.
04/09/2023
Құрметті оқырман!
Бүгінгі айтулы мереке - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», деп ұлағатты өсиет сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған.
Бүгін отандастарымыз қазақ әліпбиінің негізін салған ғұлама ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін атап өтеді.
Тіліміз әрдайым төрден орын алып, мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!
#тілдеркүні
#тілмәртебесі
#қазақтіліқоғамы
29/08/2023
Қадірлі, қазақ елі! Бүгінгі біздің ұлық мереке - Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймых!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін!
Отбасыларыңызға бақытқа кенеліп, еңбекте шалқар табысқа жете беріңіздер!
Отанымыз, заңымыз, көк туымыз мен тіліміз әрдайым әрқайсысымыздың жүрегіміздің төрінен орын алып, әрқашан елім деген ер-азаматтарымыз көбейе берсін!
#конституциякүні
#қазақтіліқоғамы
22/07/2023
🔹Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметінде еліміздің түкпір-түкпірінен ашылып, санын 135-ке дейін жеткізген қоғамның бас кеңсесімен, облыстық филиал басшыларының еңбегі өте зор.
🔹Әсіресе, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы өңірлеріндегі, іскер де тіл тағдырына жанашыр азаматтардың еңбегі орасан зор.
🔹Мысалы, Қарағанды облысы филиалының төрағасы Бекзат Алтынбек мырзаның табанды еңбегі мен іскерлігінің арқасында бір жыл мерзім ішінде өңірде 1 филиалдан 13 өкілдікке дейін ашылып, жергілікті тұрғындарға қоғамның қызметі мен миссиясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақмола облысында мүлде қоғамның өкілдігі болмаған, филиал төрағасы Ермек Нұғманов мырзаның қолға алуымен, өңірде 18 филиал есігін ашып, ұлттық мүдде, ономастика мәселелері қолға алынып, жер-су атаулары мемлекеттік тілге ие болуда.
🔹Сонымен қатар, қоғамның Астана қалалық филиалының жетекшісі Лариса Алдаберген ханымның өңірлік өкілдіктерің жұмысын жолға қоюдағы, ұйымдастыру жұмысы мен құжатнаманы жүргізуге жетекшілік етіп, қоғаммен байланыс орнатудағы еңбегі ерекше.
🔹Ел өңірлерінде қызмет атқарып, тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып, түрлі маңызды жобаларды қолға алып, жемісті еңбек еткен филиал басшыларына ерекше алғыс білдіреміз.
obl
Күй
21/07/2023
Құрметті оқырман!
Бүгін Астанада Халықаралық "Қазақ тілі"қоғамының кезектен тыс құрылтайы өтіп, қоғамның президенті болып,
Bilim Media Group компаниясының басшысы, "Ұлттық аударма бюросының" директоры Рауан Кенжеханұлы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Түркістан қаласында 2021 жылдың 26- қарашасында өткен VI құрылтайында қоғам президенті болып Берік Әбдіғалиұлы сайланған болатын.
Бүгінгі кезектен тыс құрылтайда Берік мырза жиылған қауым мен тіл жанашырларының және БАҚ өкілдерінің алдында осы аралықта қоғам ұжымымының атқарған қыруар жұмысы бойынша толық есеп берді.
Берік мырза, әсіресе, ұйымның қызмет атқаруына тартылған қаржының ашықтығы, қоғамдық ұйымдармен серіктестік орнату, қоғамның ел өңіріндегі өкілдіктер санының 80-нен 135-ке дейін жеткізіліп, тіл қолданысын арттыруға бағытталған маңызы зор жобалардың жүзеге асырылғанын баяндап берді.
Жаңа президент Рауан Кенжеханұлы ендігі қоғамның басым бағыттары - білім жүйесіндегі қазақ тілінің оқыту сапасына, тілдің қолданыс аясын кәсіпкерлік саласында, ақпараттық технологиялар саласында қарқындату, сонымен қатар, әсіресе, балалар арасында сапалы түрде оқытуды қолға алу болатындығын атап айтты.
#қазақтіліқоғамы
#құрылтай
#қазақтілініңқолданысаясынкеңейту
20/07/2023
СЕРІКТЕСТЕР ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС
🇰🇿Қоғам серіктестікке әркез ашық әрі өз жұмысын жүргізу барысында түрлі ұйымдармен тығыз қатынаста жұмыс істеп келеді.
🔹Қоғам серіктестерінің ішіндегі бірегейі – Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры. Қоғам жұмысының бастапқы кезеңдерінде жомарттық танытып, үлкен демеушілік көрсетті.
🔹Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Қазақ тілінің оқыту әдістемесін жетілдіруді және қазақ тілінің білім беру саласындағы мүдделерін қорғайтын белді ұйым. «Қазақ тілі» қоғамы мен Алтынсарин академиясы арасындағы серіктестік стратегиялық сипатқа ие.
🔹Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. «Қазақ тілі» қоғамының іргетасы Тіл білімі институтында қаланғанын бәріміз білеміз. Институт директорлары ұзақ жылдар бойы «Қазақ тілі» қоғамы басшылығында жүргені де белгілі.
🔹Maqsut Narikbaev атындағы KazGUU университеті. Аталған университет құқықтану және заңтану саласындағы ең беделді ең заманауи оқу орны. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін айқындап беруге көмектесіп жүрген Maqsut Narikbaev атындағы KazGUU университеті қоғамға қазақ тілінің құқықтық мәселелері тұрғысынан құнды мәлімет беріп отырады.
🔹«Әкелер одағы»
қоғамдық ұйымы «Қазақ тілі» қоғамы бастамаларына үнемі қолдау көрсетеді. Қоғам мен «Әкелер одағының» қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты позициясы бір жерден шығуда.
🔹Respublica партиясымен екіжақты серіктестік орнатып, Меморандумға қол қойылды.
Серіктестік аясында қоғам мен партия арасында бірлескен ортақ жобалар іске асырылып, қоғам игілігіне пайдалы іс-шаралар қолға алынады деп келісілді.
🔹«Qazaq Grammar» қозғалысы. Қазақ тіліндегі контент саны мен сапасын арттыруды мақсат ететін қозғалыс, тілдің өзекті мәселелерін көпшілікке креативті жеткізе алады. Қоғам мен қозғалыс қазіргі таңда бірлескен жобалар жүргізуде.
🔹«Qazaqsha Jaz» қозғалысы. Тұтынушылардың қазақ тілінде ақпарат алу құқығын қорғау үшін құрылған қозғалыс, қазақ тілінің көпшілік қатынастағы қолданысы мәселелерін ашық жеткізіп жатыр. Арадағы серіктестік, тілдік құқықтық мәселелерін практика жүзінде түсінуге мүмкіндік берілуде.
🤝 Тілімізді көркейтуге бағытталған серіктестікке әрқашан ашықпыз!
#қазақтілі
17/07/2023
🔹Ағымдағы жылдың 30- маусымында Алматы қаласында Мағжан Жұмабайдың 130 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл: Жаңа ақпарат және озық тәжірибе» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
🔹Шараның мақсаты - мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, тіл саясатының болашақтағы тиімді тәсілдері мен іс-шаралар жүйесін белгілеу.
🔹Шарада медициналық мекемелерде тіл саясатының табысты жүзеге асырылуына қомақты үлес қосқан тұлғаларға Мағжан Жұмабайдың 130 жылдық құрметіне арналған мерейтойлық төсбелгілер, сондай-ақ ҚР ДСМ атынан Құрмет қағаздар мен Алғыс хаттар табысталды.
🔹Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қаласының төрағасы — Шалабаев Құсман Кәрімұлы да мерейлі төсбелгі иегері атанды.
🔹ХҚТҚ ұжымы атынан Құсман Кәрімұлын құттықтап, қоғамдық денсаулық сақтау саласында екіжақты әріптестікті нығайтып, қоғам қызметінің дамуы мен миссиясын орындау жолындағы үлесі үшін алғыс білдіреміз!
#құрметтөсбелгісі
#қазақтіліқоғамы
#серіктестік
05/07/2023
Осыдан үш жыл бұрын мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбатында қоғамдағы көптеген мәселелер төңірегінде ой қозғалды.
Президенттің айтуынша, қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес.
«Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек», - деген пікірі дүйім жұртқа ой салары анық.
Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік, ағайын!
Білім-ғылым, ілім іздеген ұрпағымыз көп болсын!
#салиқалыой
#саналыұрпақ
#қазақтіліқоғамы
02/07/2023
Шілденің бірінші жексенбісі ұлтвмыздың баға жетпес қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп, ата-бабамыздан қалған асыл мұра - Домбыра күні!
Домбыра ұлтымыздың үні, мұңы мен шерін төгілтіп жеткізетін, қазақтың тарихына куә қасиетті аспап.
Заманауи Қазақстанда әрбір қоғамдық орындарда, стратегиялық маңызы бар нысандарда қазақтың қасиетті қара домбырасына аса сый- құрметпен қаралуы тиіс. Әсіресе, соңғы кездері отандық аэропорттарда орын алған домбыраға қатысты келеңсіз жағдайлар міндетті түрде мемлекеттің тарапынан .kz , қадағаланып, домбыраның қадірін түсірген тәртіп бұзушылар қатаң жауапқа тартылуы керек.
#ұлттықдомбыракүні
#қазақтіліқоғамы
30/06/2023
🇰🇿Қазақ еліне Сүйінші хабар!
🔹Қазақ тілі Telegram'да ресми тілдер қатарына қосылды. Әзірге iOS пен Android жүйелеріндегі қолданбасында және браузер (web) нұсқасында бар.
🔹 Telegram'ға қазақ тілін қосу үшін қолданбаның баптауындағы "Тіл" деген тармаққа кіріп, тізімнен "Қазақша" дегенді таңдайсыз.
🔹 Қазақ тілі Telegram'ға түркі тілдері арасында түрікше мен өзбекшеден кейін үшінші болып қосылды.
🔹Бұған дейін Telegram'ның қазақшасы тек сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде таратылған. Telegram'ның негізгі аудармашысы Мұрат Кәрібайға және QazaqGrammar мен QazaqshaJaz'дағы@qazaqshajaz барлық белсендіге алғыс білдіреміз.
🔹Халықаралық "Қазақ тілі " қоғамының ұжымы атынан жобаның авторларына қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, инновациялық жобаларды жүзеге асырып, тіліміздің дамуына қосқан қомақты үлесі үлін ерекше алғыс білдіріп, сәттілік тілейміз!
#қазақтілі