Kausarbilim

Kausarbilim

Share

Біз балалар мен жасөспірімдердің өз уақытын тиімді пайдаланып, жеке қабілетінің дамуына ықпал етеміз

Operating as usual

27/01/2024

🏫Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
Осыған орай мектепте ДӘІЖО Г.А.Абдраймованың ұйымдастыруымен «Мұғалімдердің көшбасшылық құзіреттіліктерін дамытудағы кәсіби шеберлік» тақырыбында әдістемелік күн өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Е.Құрманбаева мен Х.Б.Кошимбаева көшбасшы мұғалім келбетін сомдаса, химия пәні мұғалімі А.Т.Екейбаева мұғалім көшбасшылығын дамыту жолдарына тоқталды.
Ал бастауыш сынып мұғалімдері Г.А.Ауганбаева, Б.М.Айбекова, Н.Ахман оқушы көшбасшылығын дамытуда мұғалімнің шеберлігін ортаға салды.

Әріптестерімізге шығармашылық шабыт тілейміз!

27/01/2024

🔷📚Әмбебап мұғалім. ХХІ ғасырдың кез-келген адамға қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңызды. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе топ жарып шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. Осындай топ жарып жүрген А.Е.Тусупжанова, Г.Т.Койбагарова, З.Төлеухан, Л.Боранбай сынды әріптестеріміз ауданымызда өткен «Ауыл мектебі: Ізденіс. Шығармашылық. Нәтиже» тақырыбындағы облыстық әдістемелік күнде сабақ өткізіп, озық іс-тәжірибелерімен бөліссе, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Абдраймова жоба жұмысын көпшілік назарына ұсынды.
🔹Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан әріптестеріміз облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

26/01/2024

📚Аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақтың дана Қадыры!» байқауының «Сөздің бәрі құдіретті...» номинациясы бойынша 3-сынып оқушысы Жүсіп Санжар жүлделі 3️⃣ орынды иеленді.

Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ауғанбаева Г.А.

Білім алушымызды құттықтаймыз!

Photos from Kausarbilim's post 25/01/2024

📚"Баспалдағы білімнің бастауыштан басталады"атты Бастауыш бірлестігінің онкүндігінде 3"Ә"сынып оқушылары арасында "Білім бәйгесі"болып өтті.Сайыстың өту мақсаты:Оқушылардың білімге деген құштарлығын,ізденісін,оқуға қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту, ортада өзін ұстауға,ұқыптылыққа үйрету.
Оқушыларды еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылық пен еңбектенуге дағдыландыру.
🔹Ұлттық құндылықтарымызды бойларына дарыту.
Сынып жетекшісі: Сулейменова Қыздығой Анаркуловна

25/01/2024

🏫Мектеп психологы Разаева Асел Ахметкалиевна жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін “Алматы облысының білім басқармасы” ММ облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Photos from Kausarbilim's post 25/01/2024

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020883 ; Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Балаларға қосымша білім беру үшін құжаттарды қабылдау және қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды оқу орындарына және үйлеріне тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтандыру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Мемлекеттік білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін балалардың ауылдық және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478 ; Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025038 ; Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017553 ; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау https: //adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013317 ;

Прием документов и зачисление детей в дошкольные организации образования https://adilet.zan.kz/ru

24/01/2024

📢🔆Республикалық “ДосболLike: достық қолын ұсын” акциясын қолдай отырып,көңіл-күй бағыты бойынша оқушыларға көңіл- күй сыйлау,ұлттық құндылықтарды насихаттау,достық қарым- қатынасты нығайту.

19/01/2024

📚 Құрметті №20 орта мектебінің оқушылары, біздің мектептің тағы да бір жаңалығы бар!

🔸Жас полиция клубы — мектебіміздің тәртібіне, қауіпсіздігіне, салауатты өмір салтын ұстануына жауап береді.
Мақсаттары:
1.Қауіпсіз орта орнату🛑
2.Эко-әлем жаңғырту♻️
3.Еңбекке баулу🔗
4.Салауатты өмір салтын ұстану🍽️
5.Тәртіп пен тәрбие орнату💡
6.Рухани құндылықты дәріптеу📉
7.Жеті жарғы заңдарын үйрету👨‍⚖️👩‍⚖️

❗Жас полиция клубына 8-10 сыныптар арасынан іріктеу жүріп жатыр.
♦️Егер сіз біздің клубтың мүшесі болғыңыз келсе және сұрақтарыңыз болса төменде көрсетілген нөмірмен
байланысыңыз:
+77016246611
- Исматулла Асель

Photos from Kausarbilim's post 18/01/2024

“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”- деп Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаса керек.
👩🏻‍🏫Мұғалім - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген әріптестеріміздің бірқатары аудандық «Үздік сабақ» байқауына қатысып жүлделі оындарға ие болды. Атап айтсақ, Төлеухан Зияш, Тусупжанова Арай, Койбагарова Галия, Боранбай Ләззат 1-орын иеленсе, Кадырова Расима, Жумабекова Кульшара 3-орын иеленіп мектеп мерейін өсірді. Әріптестеріміз алдағы уақытта өтетін облыстық әдістемелік күнде өз іс-тәжірибелерімен бөліспек.

Photos from Kausarbilim's post 18/01/2024

Мемлеттік қызмет көрсету бойынша 2023-2024 оқу жылының екінші жарты жылдығында көрсетілген қызметтер:
1. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру бойынша 1 дана (бір дана) негізігі білімі туралы телнұсқасы (дубликат) берілді.
2. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша №20 орта мектепте білім алушыларды тегін ыстық тамақты қамтуды сапалы ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылды.
2023 – 2024 оқу жылының екінші жарты жылдығына тегін ыстық тамақпен қамтуға өтініш қабылданып, жанұяларға зерттеу жүргізіліп, өтініш білдірген ата – аналардың құжаттары қаралып, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар тізімге алынды, өтініштері қанағаттандырылып мемлекеттік қызмет көрсетілді.
5-11 сыныптар арасында 125 оқушы, жалпы мемлекет тарапынан қарастырылған қаржы есебінен 1-4 сыныптар бойынша 732 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың жалпы саны: 857 оқушы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы негізінде АБББ-нің 2022 жылғы 27 тамыздағы №552 бұйрығына сай бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары басшылыққа алынып, ұйымдастырылды.

3. Үйден оқытылатын балаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3- оқушының ата-анасынан уақытша денсаулығына байланысты өтініш қабылданып, құжаттары жинақталып, үйден оқыту ұйымдастырылды.
4. Мектепке 12 км қашықтықтан қатынайтын оқушылардың ата-аналарынан өтініштер қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетілді «Местоподсолнцем» саяжайына барлығы 148 оқушы тасымалданып оқытылады.

17/01/2024

🏫Мектебіміздің 10 жылдығына орай «10 жылдыққа 10 іс-шара» тақырыбымен әр бірлестікте, мектептің жас мамандары арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Әр аптада бізбен бірге болыңыздар!

Photos from Kausarbilim's post 15/01/2024

📚📌Бастауыш сынып бірлестігінің «Баспалдағы білімнің-бастауыштан басталған» атты онкүндігінің іс-шаралары бойынша жұмыс басталып та кетті. Мектептің ашылына 10 жыл болуымен қатар келген Апталығымыздың ашылуы ұстаздарымыз бен білім алушылар арасында әр түрлі ойындармен басталды. Іс-шараға барлығы белсенді қатысты. Сыныптар арасында білім алушылардың шығармашылықтарын шыңдады. Өздерінің іс-тәжірибелерімен, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Ұстаздық ету тек сабақпен шектелмейтінін ұстаздарымыз өз іс-әрекеттерімен тағы да бір дәлелдеді.

Photos from Kausarbilim's post 10/01/2024

📚 Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Тлеубергенова Аружан ЖББП бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 3-орын иеленді!
Сахиева Сабина ауыл мектептерінің білім алушыларына арналған ЖББП бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен 3-орын иеленді.
🏆 Шәкірттерімізге жеңістеріңіз көп болсын дейміз.

Photos from Kausarbilim's post 24/12/2023

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты
дамыған маман – уақыт талабы.

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік – «педагогикалық шеберлік».

Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер. Осыған сәйкес мектебімізде «Педагогтердің кәсіби шеберліктері – сапалы білім кепілі» тақырыбында кезекті әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшілері Зейнелғабит Е, Сабырова К.А, Ермухамедова Г.И өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушы мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс жасап, ізденіс жолындағы шеберліктерін шыңдай түсті.

16/12/2023

🇰🇿 Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет өзін тәуелсіз ел деп жариялады. Бұл күн 16, 17 желтоқсан күндері атап өтілетін ұлттық мейрам.

⚜️ Мерекелік күнге орай 8️⃣ дерек назарларыңызға ұсынамыз:

1️⃣ 1990 жылдары ел халқының саны 17 млн-нан 14 млн адамға азайды. Бүгінде Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жетті.

2️⃣ Қазақстандықтар мерекелерді жақсы көреді. Бізде тоғыз мемлекеттік және бір ұлттық мейрам бар. Біздегі мерекелік күндер - 1-2 қаңтар Жаңа жыл, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 21-23 наурыз Наурыз,1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні, 6 шілде Астана күні, 30 тамыз Конституция күні, 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні және 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

3️⃣ Қазақстан жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде тоғызыншы орын алады (2 млн 724,9 мың шаршы шақырым). Ал 7 мың шақырымнан асатын Ресеймен шекарамыз әлемдегі ең ұзын шекара. Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігі көпшілік ойлайтындай дала емес, шөл мен жартылай шөлден құралған. Қазақстандағы далалық аумақ 26%.

4️⃣ 1997 жылы астанамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ресми шешім шығарылды. Қала Астана атауына ие болды.

5️⃣ 2019 жылы Қазақстан Doing Business рейтингінде Исландия (26 орын), Аустрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын) және басқа елдерді артқа тастап 25 орынға ие болды. 2016 жылы 35-ші, 2014 жылы – 77- орында болған еді.

6️⃣ 1990 жылдары Қазақстанда зауыттар мен фабрикалартоқтап, дағдарыс басталды. Қазір елімізде 1,3 мың өнеркәсіп орындары жұмыс істеп, өнімдері әлемнің 120-дан астам еліне экспортталады.

7️⃣ Осы жылдар ішінде елімізге 1 млн астам отандасымыз оралды. Қазақстанда тұрақты түрде дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтеді. “Оралман” термині заңды түрде “қандас” болып өзгеретін болды.

8️⃣ Қазақстан елдің түкпір-түкпіріне жетуге ыңғайлы көлік жүйесін қалыптастырды. Бұрын Астанадан Алматыға пойызбен жүру тәуліктен асса, қазір 12 сағат. Атыраудан Алматыға адамдар 4-5 күнде жетсе, қазір 1,5 тәулік қана. Қазақстанда 99 халықаралық әуе маршруттары ашылған.

16/12/2023

Қымбатты әріптестер, ата-аналар, оқушылар!

🇰🇿 Егемен еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Өткен 32 жыл жаңғыру мен жасампаздық жылы болды. Ұлт болып ұйысып, қаншама қиындықты бірге еңсеріп еңсел елге айналдық.

Білім саласыда егемендік жылдары жаңарып, жаңа сипатқа ие болды. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында еңбек етудеміз. Бұл Тәуелсіздік жемісі!

Ағымдағы оқу жылы біздің мектебімізге 10 жыл толды. Бұл қысқа ғана мерзім болғанымен қаншама шәкірттер қанат қағып, ел дамуы үшін еңбек етуде. Мемлекетіміздің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұл біз үшін зор қуаныш.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Videos (show all)

🏫Математикалық есептер шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруғ...
🎥Мектебімізде 10 сынып оқушыларымен еліміздегі "Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу"  мақсатында пікірлесу өтті....
🏫Мектебімізде Республикалық “ДосболLike:достық қолын ұсын”  акциясын қолдай отырып,көңіл-күй бағыты бойынша оқушылар “Қа...
🎥"Бұлақ көрсең,көзін аш” демекші бала шығармашылығын дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі Ақылова Жа...
🎥 “Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері” туралы сейсмо жаттығу ұйымдастырылды.
📌"Ізденіс, шығармашылық пен жетістіктерге толы 10жыл!”📚Алтын орда мектебіміздің он жылдығына орай жас мамандар арасында ...
«Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы: ұлттық  жоба аясында Алтын сақа Республикалық челенджіМақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмыты...

Location

Telephone

Website

Address


Жапек батыр
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00