01/09/2022
Барлық оқушыларды 1 қыркүйектен құттықтаймыз! Білім күні 👩🏫 Бірінші қоңырау мерекесі құтты болсын!🔔
__________________________________
Поздравляем всех учащихся с 1 сентября! С днем знаний 👩🏫 и с праздником первого звонка!🔔
05/07/2022
Қайырлы күн қымбатты ата-аналар! 🌼
Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесінің стильдерін талқылағымыз келеді.
Әдетте бала тәрбиесінде 4 негізгі стиль анықталады: 1. Авторитарлық тәрбие стилі
2. Еркін тәрбие стилі
3. Немқұрайлы тәрбие стилі
4. Саналы ата-ананың тәрбие стилі
Сіз қалай ойлайсыз, ең тиімді стиль қандай және сіз қандай тәрбие стилін ұстанасыз?🤔
төменде пікірлеріңізді жазыңыз 👇
Ал келесі постта біз сіздермен әр стиль бойынша тәрбиенің жағымды және жағымсыз жақтарын бөлісеміз🙌
21/06/2022
Сәлем достар!
“Саналы ата-ана, саналы бала” атты курсымыз басталды. Бүгін екінші вебинарымызды өткізіп алдық💞
“Баланы ақыл айтып емес, үлгі болып тәрбиелеу” деген ұстанымды ту еткен ата-аналарымызға көп рахмет🙏😘
26/05/2022
Құрметті ата-аналар! 🥰
Сіздерді «Халықаралық балаларды қорғау күніне» 🥳 арналған дөңгелек үстелге шақырамыз.
Дөңгелек үстелде бала тәрбиесіне байланысты күнделікті кездесетін қиыншылықтар, сіздерді ойландырып жүрген мәселелер талқыланады. Сіздердің пікірлеріңіз бен ойларыңыз біз үшін өте маңызды.
Сіздерді дөңгелек үстел басына күтеміз, өзіңізге ыңғайлы уақыт таңдап қосылыңыз, кездесулер үш рет өтеді:
📍 28 мамыр күні сағат 15:30 Алматы уақыты бойынша
📍 31 мамыр күні сағат 19:30 Алматы уақыты бойынша
📍 2 маусым күні сағат 13:00 Алматы уақыты бойынша
🎁 Қатысушыларға цифрлық психология бойынша видеовебинар сыйлыққа беріледі!
Бұл ақпарат сіз білетін балаңыздың мықты жақтарын, қабілетін тереңірек тануға, балаңызбен қарымқатынасыңызды жақсартуға және түсінуге көмектеседі 🙌
Дөңгелек үстел зумда онлайн өтеді, қосылу үшін WhatsApp https://api.whatsapp.com/send?phone=77777133838 арқылы аласыз!
26/05/2022
Reposted from Мамандық таңдау қиын және жауапты шешім. Мүмкіндігінше, жасөспірімдер тәжірибелі және білімді адаммен кеңескісі келеді, бірақ, өкінішке орай, мұндай адам жанында бола бермейді. Өйткені, ересектердің 60% - ы өз мансабына қанағаттанбайды.
Осы мақсатпен 17 мамыр сағат 19:00-де Атырау облысының менторы – Ж.Қайранованың қолдаумен "Кәсіптік бағдар – Болашақты таңда және басқар" жобасын жүргізіп отырған «INTEGRITY» жеке тұлғаны дамытудың
қоғамдық қорының өкілдері – Ш.Бисалиева және Н.Курманова IQanat-тың ата-аналары мен оқушыларымен онлайн форматта кіріспе кездесу өткізді.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер қаралды.
✅ кәсіптік бағдардың қажеттілігі
✅ жобаның кезеңдері мен оларды өту жолдары
✅ ата-ана мен бала үшін жобаның құндылығы
✅ жоба бағдарламасын қалай тиімді өтуге болатыны
Өз кезегінде тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
07/05/2022
С днем защитника отечества! Мира и добра всем нам!
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
05/05/2022
Салем достар, біз сіздермен пайдалы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз.
Қазақ дүниетанымында адамның жаратылысы, табиғаты өте маңызды. Адам өмірге тек сол адамға ғана тән бірегейлік пен қабілетімен келеді. Адам осы бірегейлік пен қабілетін танып, қабылдап, сол арқылы өмір сүрсе бақыт деген осы! Адам өзінің қабілетін өзі қызыққан салада пайдаланып, қызмет етсе білгір және шебер болады. Ал бір істің шебері құрметке лайық, табысы мол адам. Мұндай адам қоғамға да орасан пайда келтіреді. Қазақ дүниетанымында тәрбиенің негізгі қағидасы осы.
Балаға өз бірегейлігі мен қабілетін танытып, соған сендіру және оны дамыту үшін ұстаз немесе тәлімгер керек. Ал ең бірінші тәлімгер ата-ана болса керек!
01/05/2022
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын ағайын!
С праздником единства народа Казахстана!