КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"

КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"

Share

спортивная организация

29/04/2022

Қасиетті қадір түні кешінде Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің басшысы Саламат Жұбатқанұлы Утарбаевтың ұйымдастыруымен, ораза тұтып жүрген қызметкерлерге Евразия кафесінде ауызашар берілді. Ауызашарда оразаның қасиеті туралы жақсы тілектер айтылып, алдағы уақытта да еліміздің тұрақтылығы мен біртұтастығына әрбіріміз атсалысып, еліміздің дамып көркейуіне өз үлестерін қосатындарын айтып , алдағы күндерден еліміздің амандығын, бейбітшілік заман тііледі.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 20/04/2022

Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің грек рим күресі бөлімінің спортшылары Сағитжан Дінислам, Құрман Азамат, Жұма Арсен мекеме басшысы Утарбаев Саламат Жұбатқанұлының кездесуінде болып, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға мекеме басшысы өз ой пікірімен бөлісіп, алдағы уақытта да биік белестерден көрініп, халықаралық ірі жарыстарда жақсы табыстарға жетулерін тіледі. Спортшыларды жеткен жетістіктерін қолдау мақсатында спорттық киім және спорттық құралдарды табыстады.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 19/04/2022

Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің таеквандо бөлімінің спортшылары Ізғалиев Әсет пен Асқарова Жанельге мекеме басшысы Утарбаев Саламат Жұбатқанұлы спорттағы жетістіктері үшін өзінің алғыс сезімін білдіріп, спортшыларға алдағы уақытта да жақсы табыстар тілеп, спорттық киімдер табыстады.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 15/04/2022

Грек-рим күресінен 13-14 сәуір аралығында Қызылорда қаласында u 17 жас аралығында ҚР чемпионатында, Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің грек рим күресі бөлімінің спортшысы Жұма Арсен 48кг салмақта чемпион атанса, Мұқан Бекнұр 45кг салмақта 3орынға ие болды. Спортшыларымызға және бапкері Қуанбаев Асланды жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестен көрініп, жақсы жетістіктерге жете беріңіздер дейміз. ОРДО ұжымы.

08/04/2022

Жүзуден Ақтөбе қаласында 29 наурыз 02 сәуір айы аралығында жазғы ҚР чемпионаты өтті. Осы жарыста Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің жүзу бөлімінің спортшылары Абубакирова София 50м баттерфляйдан 1орын, 200м комплекс жүзуден 1орын, 4×100м кешенді жүзуден 1орын, 4×100м еркін жүзуден 1 орын,4×50м кешенді жүзу 1орын, 100м брасс жүзуден 2орын,4×100м эстафеталық жүзуден 2 орын, 50м еркін жүзуден 2 орынға ие болса, Тасжанова Диана 1500м қашықтықтан 1 орын алып рекорд орнатса, 200м еркін жүзуден 1орын, 200м баттерфляйдан 1орын, 100м баттерфляйдан 1орын, 4×100м еркін жүзуден 1орын, 4×100м эстафеталық жүзуден 2орын, 50м баттерфляйдан 3орын алса, Назарова Диана 4×100м аралас жүзуден 1орын, 4×100м еркін жүзуден 1орын, 4×50м кешенді жүзуден 2орынға қол жеткізсе, Коваленя Глеб 4×100м кешенді жүзуден 1орын, 4×50м кешенді жүзуден 1орын, 50м арқамен жүзуден 1 орын, 100м арқамен жүзуден 1орын, Рогожникова Елизавета 4×100м еркін жүзуден 1орын, 4×100м кешенді жүзуден 2орын,50м арқамен жүзуден 3орын алды. Жалпы командалық есепте Ақтөбе командасы 2орынға шықты. Спортшыларымызды және бапкері Сарбасов Азаматты жүлделі орындарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер дейміз. ОРДО ұжымы.

07/04/2022

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұқаралық спортпен айналысатын облыс тұрғындарының үлесі 34,6% құрады (2020ж. – 32,3%).
Жылдан – жылға қолданысқа беріліп жатқан спорт нысандарының саны артуда.
Былтырғы жылы бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 60 бірлік жаңа нысан іске қосылған болатын.
Ағымдағы жылы жаңадан 91 спорт нысандарының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, олардың ішінде Ақтөбе қаласында «Үстел теннис орталығы», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық», «Футбол академиясы», аудандарда бой көтеретін 5 дене шынықтыру-сауықтыру және 14 ангар типтес кешен және т.б.
​Сонымен қатар, жалпы құны 622 млн. теңгеге «Дельфин» бассейні, футболдан олимпиада резерв мектебі қайта жаңғыртудан өтеді.

По сравнению с прошлым годом доля занимающихся спортом возросло на 34,6% (2020г. – 32,3%).
Из года в год увеличивается количество вводимых в эксплуатацию спортивных объектов.
В прошлом году из бюджета было выделено 2,1 млрд. тенге, в результате чего введено в эксплуатацию 60 единиц новых объектов.
В текущем году планируется завершить строительство 91 новых спортивных объектов, в том числе «Центр настольного тенниса» в г. Актобе, «Центр для людей с ограниченными возможностями», «Академия футбола», 5 физкультурно-оздоровительных и 14 комплексов ангарного типа в районах и др.
Также, будет реконструированы бассейн «Дельфин» и школа олимпийского резерва по футболу на общую сумму 622 млн тенге.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 03/04/2022

Наурыз айының аяғында Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің биатлон бөлімінің спортшысы Хасенов Ильяс 7,5км спринттен топ жарып жеңімпаз атанса, пурсит сайысынан да чемпион атанды. Жекелей сында күміс медальге ие болды. Жалпы жарыста екі алтын, бір күміс медаль алып, өзінің табандылығын көрсетті. Спортшымызды және бапкері Закирзянова Аминаны жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңіс төрінен көріне көріне беріңіздер дейміз. ОРДО ұжымы.

30/03/2022

Грек-рим күресінен Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығының күрес залында, сәуір айында Қызылорда қаласында болатын 23 жастар арасындағы ҚР чемпионаты алдындағы оқу жаттығу жиыны аяқталды. Спортшыларымызға және жаттықтырушыларға сәттілік, жақсы табыстар тілейміз. ОРДО ұжымы.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 30/03/2022

Ақтөбе қаласындв таеквандодан өтіп жатқан жастар арасындағы ҚР чемпионатында, Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің таеквандо бөлімінің спортшысы Ізғалиев Әсет 48 келі салмақта топ жарып, чемпион атанды. Спортшымыз Ізғалиев Әсетке және бапкері Айса Еркінге жақсы табыстар тілеп, алдағы уақытта да жақсы табыстар тілейміз. ОРДО ұжымы.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 29/03/2022

Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің таеквандо бөлімінің спортшысы Асқарова Жанель Ақтөбе қаласында өтіп жатқан таеквандодан жастар арасындағы ҚР чемпионатында 59кг салмақта чемпион атанды. Жанельді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да сәттілік, жеңіс төрінен көріне бер дейміз. ОРДО ұжымы.

Photos from КГУ "Центр подготовки олимпийского резерва"'s post 10/03/2022

Баскетболдан Щучинск қаласында 2005-2006ж.т. жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында, Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы баскетбол бөлімінің спортшылары финалда Атырау командасына жол беріп, екінші орынға тұрақтады. Жаттықтырушысы Жилкибаев Асқарды және спортшыларымызды жүлделерімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңіс төрінен көрінуге тілектеспіз. ОРДО ұжымы.

10/03/2022

Шымкент қаласында еркін күресінен жастар арасындағы ҚР чемпионатында, Ақтөбе облысының олимпиада резервін даярлау орталығы мекемесінің еркін күресі бөлімінің спортшысы Умаров Иримбек 70кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Жаттықтырушысы Ділмағамбетов Шоқанға және спортшымызға алдағы уақытта да биік белестерден көрініп, жақсы нәтижелерге жете берулеріне тілектеспіз. ОРДО ұжымы.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Aktobe
030002

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00