Түлектер

Түлектер

Share

«TULEKTER MEDIA» ақпараттық медиа орталығы «Ақтөбе мектеп-интернат түлектері» қоғамдық бірлестігінің ресми бұқаралық ақпарат редакциясы.

2021 жылы «Ақтөбе мектеп-интернат түлектері» қоғамдық бірлестігі құрылды.
АШИ түлегі дегеніміз – мектеп-интернат қабырғасында білім алған әрбір шәкіртке нәсіп болған ғұмыр және өмір қағидасы деп есептейміз. Мектеп-интернат түлегі атағына лайық бола білу, өнегесімен үлгі бола білу, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қоса білу біздің өмірлік ұстанымымыз.

«TULEKTER MEDIA» ақпараттық медиа орталығы «Ақт

14/05/2026

Болашақпен үндескен ұстаз.

​Тәртіп — нәпсіңнен азат ететін жол.

Үнсіздікпен жазалау.
​Кешкі сағат төрт-бестің шамасы. Сыныптың ұлдары мектеп ережесіне сай түстен кейін болатын қосымша сабақты ұмытып, жөн-жөнімен пытырап жүргенімізді көріп, директор ағай интерсовет Алтынбекке шұғыл «нұсқау» жасайды. Барлық 11-сыныптың ер балаларын директор кабинетінің алдындағы шағын фойеге жинап, тізерлетіп, малдас құрып, құбыламыз болатын — мектеп директорының кабинетіне қарап сап түзеп отыру бұйрығы берілгенін Алтынбек жеткізді. «Тәртіпке бағынбаған құл болады» демекші, ешкім құл болғысы келмей, жағалай қатар-қатар жайғасып, басымыз салбырап, еденнің сыры кетіп, сан боялған сұп-сұр түсіне қарап, сарғайып ағайдың кабинетінен қандай «аян» беретінін күтіп отырдық. Арада 30–40 минут өтті. Ағай да жоқ, аян да жоқ. Тек қана әрлі-берлі сыныптың қыздары өткенде тығылар тесік таппай, ұяттың отына күйіп отырмыз.
​Сөйтсек, ағай мектептен кетіп қалған екен. Жаймен бір-екі бала ағайдың жоқ екенін барып барлап келген соң, жаппай тарқастық. Ертеңіне ұрыс та жоқ, сөгіс те жоқ. Кезекті оқу күні жалғасып кете берді. Ағайдың осындай үнсіздікпен сазайыңды тарттыратын тәрбиесі болатын. Бұл, әрине, сағыңды сындыру емес, тәртіпті сақтау арқылы санаңды шынықтыру екенін, кілең ауылдың ерке-шолжаңдарына тәртіп — өз биігіңе көтерілетін баспалдақ екенін түсіндіру екен. Сол тәртіп сені босаңсып, былжырап кетуден қорғайтын сауыт тәріздес екенін түсіндік. Бұл және осыған ұқсас көптеген өміршең тәрбиелер жас баланың санасына «қағазбасты» педагогикадан: теориялық өлі сөздер, Маркс, Ленин атамның санаға сыймайтын моральдық лекцияларынан тезірек жететінін ағай жақсы ұғынса керек. Тәртіп — нәпсіңнен азат ететін жол екенін ұғындырады. «Өзім дегенде өгіздей күшім бардағы» күшті, ішкі ресурсты шашыратып құртпай, мұратқа жеткізер жолға салуды үйретеді.

​Еркіндік — лас жерден аяғыңды былғамай өту. (Өмір мектебінен арыңды биік ұстап өту жауапкершілігін сезіну)

​Жоғары сыныпта оқып жүрген кезіміз. Қыздарға қарап бойымызды, ойымызды түзеп жүрген кезең. Бәріміз бір шаш үлгісінде шаш қидырамыз. Ол үлгі әйгілі «асимметрия» еді. Таңдау қабілетіміздің дамымағанынан ба, әлде түсіндіріп айтатын орысшамыздың жұтаңдығы ма (ол кезде барлық жерде көбіне орысша сөйлесетін), әлде кеңестік ұжымдық идеологияның әсері ме, білмеймін, жаппай бәріміз осы үлгіде шаш қидыратын едік.
​Сондай бір күні су жаңа шаш үлгіме мәз болып жүрсем, ағай мені көріп: «Осы сендер неге бір шаш үлгісін таңдайсыңдар барлығың? Мүмкін біреудің басы таз болып, соны жасыру үшін бір жағына қайырған болар?!» — деп таңырқады. Ағайдың таңырқауынан әрбіріміз дербес тұлға, индивид болғанымызды қалайтынын аңғару қиын емес еді.
​Шаш қою үлгісі сенің ішкі дүниеңнің сыртқы көрінісі екенін қазір түсініп жүрміз ғой. Ішкі дүниеде әлемге жар салып айқайлайтын ештеңе болмаған соң, көптің көшірмесі болып жүре беріппіз. Еркіндік — біреудің ізіне еру емес, сол іздің ізеттілігі мен ағаттығын айыра алу және жауапкершілікті сезіну қабілеті екенін бүгінгі педагогикадағы индивидуация процесі ашып берді.

​Мені мектепке қабылдар алдында, бір жыл училищеден келген соң оныншы сыныптың табелі жоқ болатын. Ағайға мамыр айында таныс-тамырсыз барып, кішкене өмірлік «навигаторым» қателесіп кеткенін айтып, қайта оқығым келетінін білдіргенімде: «Екі ай уақытыңды пайдаланып, табелге түспеген пәндерді оқып кел. Оқу басталарда емтихан тапсырасың, өтсең аламыз», — деді. Бұл сол кездегі ешқандай заңға сай келмейтін әрекет еді. Сөйтіп, ағай заңды бұрып, мен мектепке қабылдандым. Өзгеге қиянат тигізбей, менің тағдырыма сырт көзбен қарамай, «оқу іздеп келдім» деген балаға сенім білдіріп, тәртіптің өзін адамгершілік ауласына бұрып, бюрократиялық заңның шеңберінен аттап өте алатын алып қадамды адам еді. Осындай істері арқылы оқушыларға ұлағатты үлгі көрсететін.

​Жақында Ақтөбеде өткізілген республикалық ғылыми конференциядан ағай идеяларының жас ғалымдар арасындағы талдап-талқылаулары мен академиялық ғылыми-теориялық ізденістерін көре алмағаным, ағайдың идеяларының оты сөніп, тек естелік пен тарихтың қойнауына өтіп кете ме деген алаңдаушылығымды ұйымдастырушылардың құлағына «алтын сырға» ретінде білдіремін.

​Педагогикада тәртіп пен еркіндікті қайықтың қос ескегіндей қатар есіп, оқушысын болашақтың жағасына жеткізуге тыңнан жол іздеген ұстазымыз — Мақсот Құсайновтың рухына арналады.

Құрметпен, Дулат Каликов.

20/05/2024

Даурен Омаргали досыммен АШИ мектебінде бірге оқыған кластаспыз. Анамыз Қаракесектің қыздары болғандықтан "Бөле" деп аталатын туысқанбыз.
---------------------
Дәурен досыма Алматыға барғанымда хабарласып кездесетінбіз. Келгенімен шынайы ықыласпен әрқашан қуанатын, бірге әңгімелесіп, мектепті еске алып, түрлі қызықтарды айтып шүйіркелесіп қалатын едік. Таныстар, достар, кластастар да көп қой, бірақ Дәурен ерекше және АШИ-75 группамыздағы класстар арасында діни сауатты, қазақы тәрбие көрген тағылымды әңгімелерімен тәнті етер адал, шынайы досымыз еді.
Ең жақсы дос, Алланы және ақыретті еске салатын досың дегенді өмірде үлгі ретінде көрсеткен, жанашыр, ақыреттік бауырым еді. Бұйырса, ақыреттік әлемде кездесерміз, бір болармыз деп үміттенемін.
Өмірде мал дәрігерлік саласында үздік еңбек етіп, халыққа адал қызметімен танымал болып, құнды кеңестерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді.
---------------
Досым Бақұл бол, иманың әрқашан жолдасың болсын, ақыреттік әлемде жүзің жарқын болсын. Сағынышпен еске аламыз, әрқашан жүрегіміздесің ! Достар сау болсын!

05/01/2024

Педагогикалық ұжым мен білім алушыларға жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып, үй тапсырмасын автоматтандырылған тексеруді және оқу бағдарламаларын жоспарлауды пайдалану мүмкіндігі беріледі.
Ұстаздар Жасанды Интеллект арқылы сабақ әзірлеуді үйренеді, кәсіби біліктілігін арттырады. Білім аттестациясынан өту барысында заманауи құралдарды пайдаланып, білімін шыңдауға қол жеткізе алады. Оқушыларға сабаққа әзірленудің заманауи жолын үйретуге мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу арқылы АИ академиясының сарапшылары мен педагогтар қауымдастығынан сұрақтарға жауап алады.
Сілтеме: https://45minut.biz/?p=143311

05/01/2024

Технологиялық мүмкіндіктердің дамып, оқушылар тарапынан білімге қойылатын талаптардың артуына байланысты мұғалімдерге қойылатын талаптар да артуда.
Диплом немесе тіпті оқушылардың белгілі бір санатымен жұмыс істеу тәжірибесі жеткіліксіз. Мұғалімнің әр салада біліктілігі болуы керек, сондықтан білім беруде соңғы технологияларды қолданатын білім мекемелері саны артуы міндетті. Сілтеме: https://45minut.biz/?p=143311

28/12/2023

«QAZAQ MURA» цифрлық кітапханасы - бұл-республиканың қалалары мен ауылдарындағы кітапхана инфрақұрылымының жетілмеген мәселелерін шешуге бағытталған. Нәтижесінде кітапхана қорының айналымындағы кітаптардың барлығының электронды нұсқасы қолжетімді болады.
Cілтеме: https://45minut.biz/?p=143283

29/09/2022

Құрметті ҰСТАЗДАР !
ҰСТАЗДАР КҮНІ қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды құттықтаймыз!
Оқушыға ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңдіруші - ҰСТАЗ !
Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Алғысымыз шексіз!
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін.

14/09/2022

Құрметті Түлектер !
Сіздермен ақылдасу, бірлесе жұмыс жасау өте маңызды.
-------------
"Интернат түлектері" ҚБ жанынан құрылған «БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы «Өз біліміңмен бөліс» атты жаңа қоғамдық-әлеуметтік білім беру жобасын бастайды. Жоба аясында білікті маман иелері, сарапшылар, кәсіби мамандар өзінің іс-тәжірибесін ұсыну арқылы оқушыларға тренинг сабақтар өткізеді. Тренинг сабақтар тікелей және қашықтан да ұйымдастырылады.
Ақтөбе мектеп интернатын бітірген әрбір түлектің кейінгі ұрпаққа тәлім берер тәжірибесі, өмірлік кеңестері бар деп сенім білдіреміз.
Жобаға қатысу үшін бірлестікке хабарласыңыздар.
------------
Осы жоба туралы ақыл-кеңес, пікір, ұсыныс бағытында Сіздерден кері байланыс күтеміз.
Бірлестік жұмысын бірлесе атқарайық. Жоба жұмысы бойынша шаруаларды бөліп атқарсақ нәтижесі болады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ 11/07/2022

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ»
«TULEKTER MEDIA» ақпараттық медиа орталығы Шалабаева Жулдыз Бердибековна - АШИ-1999 жылғы мектеп-интернат түлегімен сұхбатты назарларыңызға ұсынады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ «TULEKTER MEDIA» ақпараттық медиа орталығы Шалабаева Жулдыз Бердибековна — АШИ-1999 жылғы мектеп-интернат түлегімен сұхбатты назарларыңызға ұсынады.…

07/07/2022
Photos from Түлектер's post 07/07/2022

1992-2022 - Түлектердің 30 жылдық кездесуі.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Актобе
Aktobe