Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Share

Инновационная модель общего среднего образования, соч

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 20/09/2021

🌱Ата аналар сенбілікте⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 7 сынып оқушыларының ата-аналары «Сенбілік» ұйымдастырды. Олар мектеп ауласындағы көгалдандыруға арналған аумақтың топырағын қопсытып, орнын дайындап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасына қырыққа жуық ата-ана қатысты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Оқушының⠀тәртіпті де тәрбиелі, білімді болып қалыптасуының алғы шарты⠀мектеппен отбасының өзара байланысы арқылы жүзеге асады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Ата аналары демалатын алаңның айналасын тазартып, бізге оның ішінде жеке кездесулер мен кураторлық сағаттар ұйымдастыруға қолайлы қылып берді. 2 сағат уақыттарын бөліп, жанашырлық танытып, мектепті абаттандыруға көмектескен белсенді ата-аналарға рахмет, – деді педагог-ұйымдастырушы-куратор Бұрымды Түймебай.⁣⁣⠀
Ата-аналардың айтуынша мұндай шаралар табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, ата-аналарды өзара жақындастырады және мектеп оқушыларын еңбекке баулиды.

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 16/09/2021

🌱Ақтөбедегі NIS өкілдері батыс өңіріне танымал «Тандем» радиосында қонақта

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Бибігүл Жакиева мен 11-сынып оқушысы Қызжібек Айтқұл «Тандем» радиосына сұхбат берді. Облысқа белгілі журналист Айсын Байтақованың «Аймақ тынысы» бағдарламасында Ақтөбедегі NIS-те өткен тәуелсіздік сабағы сөз болды. 3000-нан ақтөбелік оқушыны қашықтан біріктірген шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, ел жетістіктері баяндалды.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖

🌱Представители NIS в Актобе - гости популярного радио «Тандем» в западном регионе.

Бибигуль Жакиева, учитель истории Назарбаев Интеллектуальной школы в Актобе, и Кызжибек Айткул, ученица 11 класса, дали интервью радио «Тандем». В программе «Аймақ тынысы» известного в области журналиста Айсын Байтаковой прозвучал урок независимости в NIS Актобе. Мероприятие, дистанционно объединившее более 3000 актюбинских школьников, было приурочено к 30-летию Независимости РК, где были освещены достижения страны.

🎙
🗣
📸:

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 15/09/2021

🌱Уроки Независимости в NIS Актобе

В Назарбаев Интеллектуальной школе города Актобе прошел урок независимости «Время созидания», посвещенный 30-летию Республики Казахстан. К уроку подключились более 100 ведущих школ области.

Преподаватель NIS в Актобе Бибигуль Жакиева отметила, что миссия дисциплины «Казахстан в современном мире» - патриотическое воспитание молодого поколения, формирование личной ответственности за развитие государства:

⁃ Главная тема этого года – юбилей независимости страны. В ходе урока мы сравним прошлое и настоящее Казахстана, спрогнозируем будущее методом форсайта, а также проанализируем имидж страны на мировой арене. В каждом разделе учащиеся рассматривают способы решения проблем.

Важнейшие достижения суверенной страны за тридцать лет – закрытие Семипалатинского полигона и создание Евразийского экономического союза. Интеллектуалы провели SWOT-анализ. В рамках урока были проведены количественные и качественные исследования, посвещенные соглашению по взаимодействию и мерам доверия в Азии, Законе «О миротворческой деятельности» и о сьезде лидеров мировых религий. Также была обсуждена концепция президента Касым-Жомарта Токаева по внешней политике РК.

В разделе «Моя судьба в истории страны» прозвучали истории успеха наших земляков, внесших большой вклад в развитие государства в различных сферах. Предприниматель и член попечительского совета Асхат Айтжанов поделился опытом в повышении экономического благосостояния региона, а в сфере культуры Канат и Светлана Айтбаевы, так же известный во всем мире спортсмен, чемпион мира по боксу Галиб Джафаров рассказали о достижениях в карьере.

⁃ Мой бизнес – ровесник независимого Казахстана. За это время мы построили новые современные здания, обеспечили работой земляков, приняли участие в озеленении Актобе. Это наш личный вклад в развитие страны. Мы надеемся, что в будущем вы будете неустанно трудиться на процветание нашей страны, - отметил предприниматель Асхат Айтжанов.⤵️

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 15/09/2021

🌱Ақтөбедегі NIS-те Тәуелсіздік сабақтары

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел еркіндігінің 30 жылдығы аясында «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында тәуелсіздік сабақтары өтті. Дәріске облыстың 100-ден астам жетекші мектептері қосылды.

Ақтөбедегі NIS ұстазы Бибігүл Жакиева «Қазақстан тарихы» пәнінің миссиясы – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, мемлекетті дамыту үшін жеке жауапкершілік қалыптастыратынын атап өтті:

⁃ Биылғы жылдың басты тақырыбы – ел Тәуелсіздігінің мерейтойы. Сабақ барысында Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстырып, форсайт әдісі арқылы болашағына болжам жасаймыз, сонымен қатар мемлекеттің әлемдік аренадағы бейнесін талдаймыз. Оқушылар әр бөлімде қоғамдағы мәселелерді шешу жолдарын қарастырады.

Егемен елдің отыз жылдағы маңызды жетістігі – Семей полигонының жабылуы және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы. Зияткерлер осы оқиғалар желісімен SWOT-талдау жүргізді. Сабақ аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы келісім, «Бітімгерлік қызмет» жөніндегі ҚР Заңы және Әлемдік діндер көшбасшыларының сьезі туралы да сандық әрі сапалық әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР сыртқы саясаты жөніндегі конценпциясы талқыланды.

«Ел тарихындағы менің тағдырым» бөлімінде әр түрлі қызмет аясында мемлекеттің дамуына орасан зор үлес қосқан жерлестеріміздің де пікірі тыңдалды. Кәсіпкер әрі қамқоршылар кеңесінің мүшесі Асхат Айтжанов өңірдің экономикалық ауқатын арттырудағы тәжірибесімен бөліссе, мәдениет саласы бойынша Қанат және Светлана Айтбаевтар мен әлемге белгілі спортшы, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров мансаптық жолындағы жетістіктеріне тоқталып, оқушыларға мотивация берді.

⁃ Менің кәсібім – Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы. Осы уақыт ішінде шаһарымыздың көркін келтіріп тұрған ғимараттарды салдық, жерлестерімізді жұмыспен қамтамасыз еттік, Ақтөбені жасылдандыруға атсалыстық. Бұл – біздің ел дамуына қосқан өзіндік үлесіміз. Болашақта сіздер де еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынымсыз еңбек ететіндеріңізге сенеміз, - дейді кәсіпкер Асхат Айтжанов.⤵️

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 15/09/2021

with
・・・
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары - ақтөбелік Рустам Валеев пен Ернар Батыржановқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құтықтау хатын және бағалы сыйлықтар табыс етті.

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ел тарихында тұңғыш рет 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан география пәні бойынша халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Ақтөбелік оқушы 46 мемлекеттен қатысқан 200 баланың арасынан үздік атанды. Олимпиада Стамбұлда ұйымдастырылған, алайда, эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн түрде өтті.

Кездесу барысында білім саласын дамыту, дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушыларды пәндік олимпиадаларға даярлау сияқты өзекті сұрақтар талқыланды.
Облыс әкімі балаларға оқуда алдағы уақытта да табыстар мен ел игілігі үшін жемісті қызметтер тіледі.

➖➖➖➖➖➖➖➖

Аким Актюбинской области Ондасын Уразалин вручил благодарственные письма от Главы государства Касым-Жомарта Токаева и ценные подарки актюбинцам Рустаму Валееву и Ернару Батыржанову - победителям престижных международных предметных олимпиад.

Выпускник НИШ города Актобе Рустам Валеев впервые в истории страны завоевал золотую медаль Международной олимпиады по географии, которая проводится с 1996 года.

Актюбинец стал лучшим из 200 школьников, представлявших 46 государств. Олимпиада была организована в Стамбуле, но в связи с текущей эпидемиологической ситуацией в мире, прошла в онлайн формате.

В ходе встречи были обсуждены актуальные вопросы развития образования, работы с одарёнными детьми, подготовки школьников к предметным олимпиадам.

Аким области пожелал ребятам дальнейших успехов в учебе и плодотворной деятельности на благо страны.

14/09/2021

🤔 Стартаптың не екенін білмейсіз бе? Ештеңе етпес!

🥳 Astana Hub сізді Startuphana онлайн іс-шарасына шақырады. Ол жерде сіз Қазақстанның ең үздік стартаптарының тарихымен танысып, Арман Юсупов пен Мағжан Тлеухановтан ынталандырыла аласыз және осының барлығы бір күнде!

Шақырылған спикерлер өздерінің стартаптарды құру жолдарын айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, келесі тақырыптар бойынша құнды кеңестерін береді:
🔺 идеяны қайдан табуға болады;
🔺 армандаған команданы қалай құруға болады;
🔺 қажетсіз өнімді қалай жасамау керек;
🔺 Минималды тіршілікке икемді өнім дегеніміз не;
🔺 нарықты қалай талдау керек;
🔺 және инвестицияларды қалай тартуға болады.

🤩 Өткізіп алма! Өзіміз отырып стартап жасайық!

📆 Қазірден жоспарлаңыз: 18 қыркүйек, 11.00.
Тіркелу және толығырақ ақпарат профиль сипаттамасындағы (https://astanahub.com/pages/startuphana) сілтеме бойынша

13/09/2021

🌱«Берите саркыт, помогите природе»

В последние годы появились понятия «шопперы», «экобоксы», «сухоцветы». А слышали ли вы про foodsharing? Наша юная землячка, ученица 12 класса НИШ Гульназ Аманжолова рассказала читателям «АВ» об этом движении, откуда возникла идея делиться едой и почему важно ее развивать.

Читайте подробнее на сайте https://avestnik.kz/berite-sarkyt-pomogite-prirode/

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 11/09/2021

🌱Ақтөбедегі NIS педагогы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалисті атанды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мират Оспанов 2021 жылғы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының 10 үздік финалисі қатарына енді.

6 жылдан бері білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хаты мен көптеген марапаттарды иеленді. Бүгінде оның шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарының жеңімпаздары атанып, ел намысын абыроймен қорғап келеді. Сондай-ақ жас педагог пән және академиялық білімін арттыру мақсатында «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда тағылымдамадан өтті.

Мират Оспанов 2020 жылы NIS мұғалімдері арасында «Үздік ұстаз» байқауының үшінші орнын иеленсе, ҚР БҒМ ұйымдастыруымен өткен «Үздік педагог – 2020» республикалық сайысының жүлдегері атанды. Енді ол «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы, яғни Қазақстандағы жаһандық сыйлықтың амбассадоры құрметті атағы мен 10 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйлыққа үміткер.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖

🌱Педагог из NIS Актобе стал финалистом национальной премии «Учитель Казахстана»

Учитель физики Назарбаев Интеллектуальной школы г. Актобе Мират Оспанов вошел в число 10 лучших финалистов Национальной премии «Учитель Казахстана» 2021 года.

В сфере образования он уже 6 лет и за это время его воспитанники успели стать победителями республиканских и международных олимпиад и научно-исследовательских конкурсов, а сам молодой педагог обладатель множества грамот и благодарственного письма от МОН РК. Мират Оспанов также прошел стажировку в Великобритании по программе «Болашак», чтобы улучшить свои предметные и академические знания.

В 2020 году он занял третье место в конкурсе «Лучший учитель» среди преподователей NIS, стал победителем республиканского конкурса «Лучший педагог – 2020», организованного МОН РК. Теперь Мират Оспанов претендент на Национальную премию «Учитель Казахстана», т. е. на почетное звание амбассадора глобальной премии в Казахстане и денежную премию в размере 10 000 долларов США.

Photos from Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 01/09/2021

🌱Ақтөбедегі NIS-те тәрбие сағаты өтті

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-12 сынып оқушылары үшін алғашқы білім күні Тәуелсіздік сабақтарымен жалғасты. «Жасампаздық пен даму жылдары» тақырыбында өткізілген кіріспе дәріс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттап, ел тарихындағы елеулі жетістіктерге тоқталды. Сабақ барысында 1991-2021 жылдары аралығында болған саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, спорт салаларындағы маңызды оқиғалар мен тың деректер айтылды. Қазақстанды әлемдік аренаға алып шығудағы қиындықтар мен маңызды шешімдер, мемлекеттің тұтастығы мен болашағын қалыптастырудағы жүйелі жоспарлар талқыланды.

Сондай-ақ әр түрлі қызмет аясында ел дамуына орасан зор үлес қосқан жерлестеріміздің де пікірі тыңдалды. Кәсіпкер әрі қамқоршылар кеңесінің мүшесі Асхат Айтжанов өңірдің экономикалық ауқатын арттырудағы тәжірибесімен бөліссе, мәдениет саласы бойынша Қанат және Светлана Айтбаевтар, сондай-ақ әлемге белгілі спортшы, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров мансаптық жолындағы жетістіктеріне тоқталып, оқушыларға мотивация берді.

⁃ Отан отбасынан басталады. Еліміздің тәуелсіздігі біздің жанұямыз үшін көптеген жақсылықтар әкелді: шаңырақ көтердік, балалы болдық, мәдениет саласында адал қызмет атқарып, шетелдерде ел намысын қорғадық. Бүгінде парасатты ұрпақ тәрбиелеп, Қазақстанымыздың өркендеуіне үлесімізді қосып жатқанымызға ризамыз, - деп бөлісті Айтбаевтар отбасы.

Зияткерлердің бойында патриоттық сезімдерді дамытумен қатар, олардың мектеп қабырғасындағы қауіпсіздіктері қолға алынды. Білім алушылар жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын нұсқаулықпен танысып, өз сауалдарына жауап алды.

➖➖➖➖➖➖➖➖

🌱Воспитательный час в NIS Актобе

Первый день знаний для учащихся 7-12 классов Назарбаев Интеллектуальной школы Актобе продолжился уроками Независимости. Наставление на тему «Годы созидания и развития», посвященная 30-летию Независимости Республики Казахстан, ознаменовала значительные успехи в истории страны. В ходе урока были озвучены важные события и факты в политической, социально-экономической, культурно-духовной, спортивной сферах, произошедшие в период с 1991 по 2021 годы.⤵️

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


мкр. Батыс, 2
Aktobe
03000

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 14:00