04/04/2024
Хабарландыру студенттер мен ұстаздардың назарына!
ДҮНИЕ колледжі
DUNIE college
г.Актобе,ул.Маресьева 10,2 корпус
04/04/2024
Хабарландыру студенттер мен ұстаздардың назарына!
04/04/2024
Хабарландыру!
Құрметті колледж студенттері егерде сен баскетбол спортына қызығатын болсаң, немесе ойнай алатын болсаң сені баскетбол тренировкасына шақырамыз!
Толық ақпарат: 8702-893-8394 Малика.
Объявление!
Дорогие студенты колледжа, если вы интересуетесь баскетболом или умеете играть, приглашаем вас на тренировки по баскетболу!
Детали: 8702-893-8394 Малика.
03/04/2024
03.04 күні “Сырласу” клубының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің қауіп-қатері» тақырыбында колледжіміздің қыз балаларымен отырыс ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара мақсаты-ерте жүктіліктің қауіпін түсіндіріп, алдын алу.
02/04/2024
Колледжімізде “Абай әлемі” клубының ұйымдастыруымен өткен “Абай Құнанбаевтың 45 қара сөздері” туралы түсінік қалыптастыру мақсатында колледж білім алушылары жазбаша түсінік жазды.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
23/03/2024
23 наурыз “Тазарту” жобасы аясында «Тазалық эстафетасын баста» тақырыбында жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында концерттік шарадан кейін киіз үй іші мен колледж ауласы тазартылды. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі.
#көрісукүні
#наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын #наурызмейрамы
22/03/2024
22 наурыз “Жыл басы” жобасы аясында «Барлық жерде стильді этноауылдар мен мерекелік жәрмеңкелер» тақырыбында колледж FAE-сінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерінің қоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады.
#көрісукүні
#наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын #наурызмейрамы
20/03/2024
“Ұлыстың ұлы күні” аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған.
20 наурыз колледж ауласында Наурыз мерекесіне орай қонақтарымыз келіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ киіз үй құрылып, ұлттық ойындар жарысы яғни, асық ату, арқан тартыс, қол күрес ойындары ұйымдастырылып, өткізілді.
Ойындар нәтижесі:
Қол күрес (ұлдар):
1-орын: Темірғалиев Жантас
2-орын: Максотов Данияр
3-орын: Түркбенбай Диас
Қол күрес (қыздар):
1-орын: Гнатюк Мария
2-орын: Райжан Ақарай
3-орын: Суннатуллаева Сабина
Арқан тартыс:
1-орын: ДТжС 3 курс
2-орын: Қт 3 курс
3-орын: ДТжС 2 курс
Орын алған барша жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!🙌🏻
#көрісукүні
#наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын #наурызмейрамы
20/03/2024
“16 наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күніне орай «Бабаларымыздан қалған асыл қазына” тақырыбына сәйкес халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің бірі «Бесікке салу» дәстүрі өткізілді.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.
#көрісукүні
#наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын
#наурызмейрамы
20/03/2024
“Ұлыстың ұлы күні” аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған.
19 наурыз колледж ауласында Наурыз мерекесіне орай қонақтарымыз келіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ киіз үй құрылып, ұлттық ойындар жарысы яғни, асық ату, арқан тартыс, қол күрес ойындары ұйымдастырылып, өткізілді.
Ойындар нәтижесі:
Қол күрес (ұлдар):
1-орын: Темірғалиев Жантас
2-орын: Максотов Данияр
3-орын: Түркбенбай Диас
Қол күрес (қыздар):
1-орын: Гнатюк Мария
2-орын: Райжан Ақарай
3-орын: Суннатуллаева Сабина
Арқан тартыс:
1-орын: ДТжС 3 курс
2-орын: Қт 3 курс
3-орын: ДТжС 2 курс
Орын алған барша жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!🙌🏻
#көрісукүні
#наурызақтөбе
#наурызқұттыболсын #наурызмейрамы
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |
| Saturday | 08:00 - 18:00 |