Ақтөбе облысы Темір ауданы

Ақтөбе облысы Темір ауданы

Share

№3 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

23/07/2026
Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 23/07/2026

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.

Суға тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылу, белгіленбеген және ағысы қатты аумақтарға бармау қажет. Сонымен қатар балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударған жөн.

Балалардың қауіпсіздігі – ата-аналар мен заңды өкілдердің басты жауапкершілігі. Балаларды су айдындарына жалғыз жібермеу, оларды үнемі ересектердің бақылауында ұстау және жүзуді үйрету маңызды. Тіпті су таяз болған жағдайда да балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені кез келген сәтте қауіпті жағдай туындауы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, қарапайым сақтық шараларын сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі болып табылады. Су айдындарында демалу кезінде әр азамат қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз өмірі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауы қажет.

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 20/07/2026

📌 ЖАДЫНАМА

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институты
Dinara Zakiyeva
ҚР Оқу-ағарту министрлігі|Министерство просвещения РК

#ӘлеуметтікПедагогикалықБағыт
#БіртұтасТәрбие
#ПсихологиялықҚолдауОрталығы
#БілімБасқармасы
#БілімБөлімі

17/07/2026

⚠️ Балалардың қауіпсіздігі – ата-ананың басты жауапкершілігі!

Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау деректері көбейеді. Бір сәттік қараусыздық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
✅ Баланы ашық терезенің жанында жалғыз қалдырмаңыз.
✅ Терезеге арнайы қорғаныс бекіткіштерін орнатыңыз.
✅ Терезе маңына жиһаз қоймаңыз.
Бір сәттік сақтық – баланың өмірін сақтайды!

⚠️ Безопасность детей — ответственность взрослых!

С наступлением теплого сезона возрастает риск падения детей из окон. Всего несколько секунд без присмотра могут привести к трагедии.
✅ Не оставляйте маленьких детей одних рядом с открытыми окнами.
✅ Установите на окна специальные блокираторы или ограничители.
✅ Не ставьте мебель возле окон, чтобы ребенок не смог забраться на подоконник.
Помните: открытое окно — это опасность для ребенка. Берегите самое ценное — жизнь и здоровье ваших детей!

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 17/07/2026

⚠️ Жасөспірімдер мен жастар үшін әлеуетті қауіптер

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен жастар түрлі қауіп-қатерлерге жиі тап болады. Олардың қатарында интернеттегі алаяқтық, кибербуллинг, зиянды әдеттерге әуестік, құқық бұзушылық, жалған ақпараттың ықпалы және күмәнді орталардың әсері бар.

Өз қауіпсіздігіңізді сақтау үшін:
✅ Интернетте жеке мәліметтеріңізді жарияламаңыз;
✅ Бейтаныс адамдармен сақтықпен қарым-қатынас жасаңыз;
✅ Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз;
✅ Заң талаптарын сақтап, жауапкершілікті ұмытпаңыз;
✅ Қиын жағдайға тап болсаңыз, ата-анаңыздан, ұстазыңыздан немесе сенімді ересектерден көмек сұраңыз.

Болашағыңыз – өз қолыңызда! Саналы таңдау жасап, қауіпсіз өмір салтын ұстанайық.

#ҚауіпсізЖастар #Қауіпсіздік #Жасөспірім

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 10/07/2026

☀️ Жаз – қуанышқа толы балалық шақ! 🌿🎉
2026 жылғы мектеп жанындағы «Көңілді жаз – бақытты бала шақ» жазғы сауықтыру лагерінің үш кезеңі де өз мәресіне сәтті жетті.
Лагерь жұмысының басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, туған жердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру болды.
Үш кезең бойы оқушылар түрлі танымдық, спорттық, шығармашылық және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты. Балалар аудандық мұражайға барып, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасымен танысты. Кітапханаға саяхат жасап, кітап әлеміне қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар орталық саябақта серуендеп, түрлі ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты демалыс өткізді.
Лагерь аясында ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, интеллектуалдық сайыстар, шығармашылық шеберлік сағаттары, тренингтер мен танымдық кездесулер ұйымдастырылып, балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуге ерекше көңіл бөлінді.
Жазғы лагерь әрбір балаға жаңа достар, жарқын әсерлер, көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.
Барша лагерь қатысушыларына белсенділіктері үшін алғыс айтып, алдағы оқу жылында биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
🌞 Жазғы демалыс – жарқын естеліктерге толы болды!

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 08/07/2026

📚♟️ Аудандық кітапханаға саяхат

Жазғы лагерьдің оқушылары аудандық кітапханаға барып, танымды әрі қызықты уақыт өткізді. Балалар кітап әлемімен танысып, кітапхананың тыныс-тіршілігін көрді.

Іс-шара барысында оқушылар шахмат ойнап, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлықтарын шыңдады. Достық қарым-қатынас пен білімге деген қызығушылық қатар өрілген бұл кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

📖 Кітап – білімнің кілті, ал шахмат – ақыл-ойдың шыңдалуына жол ашатын ерекше ойын. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады.

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 07/07/2026

🎨 «Бояулар әлемі» 🎨
🌈 «Бояулар әлемі» шығармашылық сағаты өтті!
Жазғы лагерь аясында ұйымдастырылған «Бояулар әлемі» тақырыбындағы коллаж жасау жұмысы барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Түрлі-түсті бояулар мен қызықты идеялар үйлесім тауып, ерекше туындылар дүниеге келді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
✨ Әрбір жұмыс – баланың қиялы мен талантының көрінісі!

Photos from Ақтөбе облысы Темір ауданы's post 03/07/2026

🎼 «Домбыра – қазақтың қазынасы» 🎶
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде «Домбыра – қазақтың қазынасы» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар қазақ халқының қасиетті ұлттық аспабы – домбыраның шығу тарихы, құрылысы, ұлттық мәдениеттегі орны туралы мол мағлұмат алды. Домбыра күйлерін тыңдап, күй өнерінің құдіретін сезініп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды.
Танымдық сағаттың мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеу және домбыра өнеріне деген құрметті қалыптастыру.
🇰🇿 Ұлттық өнер – ұлттың мәңгілік қазынасы!

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Жамбыл көшесі/1
Aktobe