zkmu_official

zkmu_official

Share

Марат Оспанов атындағы БҚМУ

ЗКМУ имени Марата Оспанова

04/06/2026

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР!

🇰🇿 Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігі мен егемендігінің, ұлттық бірлігі мен рухани құндылықтарының жарқын белгісі. Бұл қасиетті рәміздер әрбір азаматтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың парызы. Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін еселей түсу жолында бірлесе еңбек ете берейік.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс және Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Талғар Абилов.

УВАЖАЕМЫЕ КОЛЛЕГИ, СТУДЕНТЫ!

🇰🇿 От всей души поздравляю вас с 4 июня — Днем государственных символов Республики Казахстан!

Государственный Флаг, Герб и Гимн являются яркими символами независимости и суверенитета нашей страны, национального единства и духовных ценностей народа. Эти священные символы формируют в каждом гражданине чувство любви к Родине и гордости за свою страну, а также укрепляют ответственность за будущее государства.

Уважение к государственным символам — долг каждого гражданина. Давайте и впредь бережно хранить наши национальные ценности и совместными усилиями приумножать достижения Независимого Казахстана.

Желаю всем крепкого здоровья, благополучия, больших успехов и новых достижений в труде на благо нашей Родины!

С уважением,
Председатель Правления – Ректор
Западно-Казахстанского медицинского университета имени Марата Оспанова Талгар Абилов.

Photos from zkmu_official's post 03/06/2026

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

🔰 №1 Көпсалалы қалалық ауруханасында орналасқан хирургия бөлімшесінің конференц-залында №1 хирургиялық аурулар кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 13-бағыты - «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – резиденттер мен оқытушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, еліміздегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау және олардың халық денсаулығына әсерін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмір мен кәсіби қызметте қолдану мәселелерін талқылады.

Кафедра жетекшісі, доцент М.С. Келимбердиевтің айтуынша, экологиялық қауіпсіздік мәселелері қазіргі медицина саласының ажырамас бөлігі болып табылады. Қоршаған ортаның қолайсыз факторлары түрлі аурулардың дамуына әсер ететіндіктен, болашақ медицина қызметкерлерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекше маңызға ие.

Осындай танымдық іс-шаралар білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдық денсаулық сақтау және тұрақты даму мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

#ТДМ
.......................................
ЦУР: КРУГЛЫЙ СТОЛ ПОСВЯЩЕН ЭКОЛОГИЧЕСКИМ ПРОБЛЕМАМ

🔰 На кафедре хирургических болезней университета в рамках реализации Цели устойчивого развития ООН №13 «Борьба с изменением климата» состоялся круглый стол на тему «Экологические проблемы Казахстана и пути их решения».

В мероприятии приняли участие преподаватели кафедры и резиденты 1, 2 и 3 года обучения. В ходе круглого стола были обсуждены актуальные экологические вызовы современности, включая загрязнение атмосферного воздуха, дефицит водных ресурсов, последствия изменения климата, опустынивание земель, а также вопросы накопления бытовых и промышленных отходов.

Особое внимание участники уделили влиянию экологических факторов на здоровье населения. Были рассмотрены вопросы роста хронических заболеваний, распространенности аллергических реакций и болезней органов дыхания, связанных с неблагоприятной экологической обстановкой.

В рамках дискуссии также обсуждались вопросы экологической безопасности в медицинских организациях, обращения с медицинскими отходами, соблюдения санитарно-эпидемиологических требований и рационального использования ресурсов в системе здравоохранения.

Участники отметили важную роль медицинских работников в формировании экологической культуры общества, проведении санитарно-просветительской работы и реализации экологических инициатив.

Проведение подобных мероприятий способствует повышению экологической грамотности будущих специалистов здравоохранения и внедрению принципов устойчивого развития в профессиональную деятельность. #ЦУР

Photos from zkmu_official's post 03/06/2026

ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

Бүгін «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағының (қоғамдық бірлестігі) тапсырмасы аясында кәсіби өсу орталығының ұйымдастыруымен «Медициналық ұйымдарындағы адам ресурстарын дамыту мәселелері» жөнінде тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинарға облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымының басшылары мен медицина ұйымдарының кадр қызметінің қызметкерлері қатысты.

Семинарда Адами ресурстарды басқару департаментінің жетекшісі Гульнара Рпашаева «ҚР Еңбек кодексінің өзгерістер мен толықтырулары туралы», Мейіргер ісі курсмен қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының жетекшісі Людмила Ермуханова «ҚР медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі. Тәуелсіз сарапшыларды дайындау» Персоналды дамыту бөлімінің HR менеджері Марина Наренбаева «Мамандыққа кіріспе рәсімдері» тақырыбында баяндамалар жасады.

Семинар барысында қатысушылар адам ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.
……
ПРАКТИЧЕСКИЙ СЕМИНАР

Сегодня в рамках поручения Актюбинского профсоюза работников здравоохранения «Qamqor» (общественное объединение) Центром профессионального роста был организован и проведён практический семинар на тему «Вопросы развития кадрового потенциала в медицинских организациях».

В семинаре приняли участие руководители первичных профсоюзных организаций области и сотрудники кадровых служб медицинских организаций.

С докладами выступили руководитель Департамента управления человеческими ресурсами Гульнара Рпашаева на тему «Изменения и дополнения в Трудовой кодекс Республики Казахстан», руководитель кафедрой общественного здоровья и здравоохранения с курсом сестринского дела Людмила Ермуханова на тему «Страхование профессиональной ответственности медицинских работников в Республике Казахстан. Подготовка независимых экспертов», HR-менеджер отдела развития персонала Марина Наренбаева на тему «Процедуры введения в профессию».

В ходе семинара участники обсудили актуальные вопросы управления человеческими ресурсами, обменялись опытом и получили исчерпывающие ответы на интересующие их вопросы.

Photos from zkmu_official's post 03/06/2026

⚠️ ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Жазғы демалыс — демалып, күш жинайтын тамаша уақыт 🌿☀️

Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрқайсымыздың міндетіміз!

🌊 Су айдындарында шомылу кезінде сақ болыңыздар:
• тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
• қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
• жалғыз суға түспеңіз.

🚦 Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар:
• жаяу жүргінші өткелдерін пайдаланыңыз;
• көлік жүргізу кезінде жылдамдықты асырмаңыз;
• телефонға алаңдамаңыз.

🔥 Өрт қауіпсіздігін ұмытпаңыздар:
• табиғат аясында отты абайлап пайдаланыңыз;
• электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
• төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар ❤️

Сіздерге қауіпсіз, жарқын әрі пайдалы жазғы демалыс тілейміз!

#БҚМУ

03/06/2026

❗ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Су айдындарында орын алатын қайғылы жағдайлардың негізгі себептері — азаматтардың құтқарушылардың бақылауынсыз су қоймаларында демалуы, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуы, судағы қауіпсіздік ережелерін білмеуі немесе сақтамауы, суға жүзе алмауы және ересектердің бақылауынсыз судың жанында балаларды тастап кетуі.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау — адамдар қауіпсіздігінің басты шарты. Демалыста тәртіп сақтап, мұқият болыңыздар!
….
❗ДЕПАРТАМЕНТ ПО ЧРЕЗВЫЧАЙНЫМ СИТУАЦИЯМ ПРЕДУПРЕЖДАЕТ

Основными причинами гибели населения на воде являются отдых граждан на неконтролируемых спасателями водоемах, купание в запрещенных и необорудованных местах, незнание или не соблюдение правил безопасности на воде, неумение плавать и оставление детей у воды без должного присмотра взрослых.

Соблюдение правил безопасности на воде — главное условие безопасности людей на водоемах. Будьте дисциплинированы и осторожны на отдыхе!

#зкму

Photos from zkmu_official's post 02/06/2026

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!

Назарларыңызға диплом табыстау салтанатты шарасының кестесін ұсынамыз.

Жарқын сәттерге толы студенттік өмірді қорытындылап, жаңа белеске қадам басатын маңызды күні баршаңызды күтеміз! 🎓✨

УВАЖАЕМЫЕ ВЫПУСКНИКИ!

Представляем вашему вниманию график торжественной церемонии вручения дипломов.

Будем рады видеть вас в этот особенный день, который станет завершением яркой студенческой жизни и началом нового этапа! 🎓✨

DEAR GRADUATES!

We are pleased to present the schedule of the Graduation Ceremony.

We look forward to seeing you on this special day that marks the end of your unforgettable student journey and the beginning of a new chapter! 🎓✨

02/06/2026

ТДМ: «ҮМІТ» СӘБИЛЕР ҮЙІНЕ КӨМЕК

🔰 Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының оқытушылары кафедра меңгерушісі А. Қалиевтің жетекшілігімен Ақтөбе қаласындағы «Үміт» мамандандырылған сәбилер үйіне барды.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қайырымдылық көмек көрсетіліп, қажетті заттар табысталды. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 10-мақсаты – «Теңсіздікті азайту» аясында өткізілді және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетуге бағытталды.

#ТДМ
……
ТДМ: АДРЕСНАЯ ПОМОЩЬ ДОМУ РЕБЕНКА «ҮМІТ»

🔰 Профессорско-преподавательский состав кафедры патологической анатомии и судебной медицины во главе с руководителем кафедры А. Калиевым посетил специализированный дом ребенка «Үміт» в городе Актобе.

В ходе визита воспитанникам была оказана благотворительная помощь и переданы необходимые вещи. Мероприятие было направлено на поддержку детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, и способствовало реализации Цели устойчивого развития №10 «Уменьшение неравенства».

#ЦУР

01/06/2026

🎓 ОҚЫТУШЫЛАРДЫ IELTS ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАУ КУРСТАРЫ

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-да профессор-оқытушылар құрамына арналған IELTS халықаралық емтиханына дайындық курстары жалғасуда. Курстар университет қаражаты есебінен ұйымдастырылған.

✨ Курстар белсенді әрі тәжірибеге бағытталған форматта өтуде: қатысушылар Reading және Listening дағдыларын дамытып, Speaking сессияларында ағылшын тілінде сөйлеу машықтарын жетілдіруде, академиялық мәтіндер мен ағылшын тіліндегі ақпаратты жылдам қабылдауды үйренуде.

📚 Бағдарлама халықаралық жобаларға, академиялық ұтқырлыққа, ғылыми қызметке және шетелдік тағылымдамаларға қатысу үшін қажетті академиялық және кәсіби ағылшын тілін дамытуға бағытталған.

📝 Маусым айында оқытушыларды қорытынды тестілеу және алған білімдерін бекітуге арналған тілдік тәжірибе курстары күтуде.

🌍 Профессор-оқытушылар құрамының тілдік құзыреттілігін дамыту университетті интернационалдандыру мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

🎓 КУРСЫ ПОДГОТОВКИ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ К IELTS

В НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова» продолжаются курсы подготовки к международному экзамену IELTS для профессорско-преподавательского состава, организованные за счет средств университета.

✨ Курсы проходят в активном и практико-ориентированном формате: участники развивают навыки Reading и Listening, совершенствуют разговорный английский на Speaking-сессиях, учатся быстрее воспринимать академические тексты и английскую речь на слух.

📚 Программа направлена на развитие академического и профессионального английского языка, необходимого для участия в международных проектах, академической мобильности, научной деятельности и зарубежных стажировках.

📝 В июне преподавателей ожидают итоговое тестирование и дальнейшие курсы языковой практики для закрепления полученных знаний и повышения уровня владения английским языком.

🌍 Поддержка языкового развития ППС является одним из приоритетных направлений интернационализации университета и расширения международного сотрудничества.

01/06/2026

🎓 БҚМУ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ!

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ-да студент-белсенділер мен халықаралық қосдипломды білім беру бағдарламаларында білім алушыларға арналған ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Университеттің халықаралық бағыттағы маңызды жобаларының бірі — Литва денсаулық ғылымдары университетімен бірлесіп іске асырылатын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы.

📚 Оқудың алғашқы жылында студенттер академиялық және кәсіби ағылшын тілін дамытуға бағытталған қарқынды тілдік дайындықтан өтеді. Бұл халықаралық білім беру ортасында білім алуға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, шетелдік тағылымдамаларға қатысуға және кәсіби дамуға мүмкіндік береді.

🌍 Ағылшын тілін меңгеру студенттерге халықаралық ынтымақтастыққа, ғылыми қызметке және денсаулық сақтау саласында табысты мансап құруға жол ашады.

🌍 Қосдипломды білім беру не береді?
✔ екі университеттің дипломын алу мүмкіндігі;
✔ халықаралық академиялық тәжірибе;
✔ мультимәдени ортада білім алу;
✔ академиялық ұтқырлық пен шетелдік тағылымдамалар;
✔ халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік;
✔ кәсіби ағылшын тілін тереңдетіп оқу;
✔ шетелде оқу мен мансапты жалғастыру мүмкіндігі.

✨ Қосдипломды білім — халықаралық мүмкіндіктерге, кәсіби дамуға және болашаққа жасалған сенімді қадам!
...........................................................
🎓 АКТИВИСТЫ И СТУДЕНТЫ ДВУДИПЛОМНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ ЗКМУ УСПЕШНО ЗАВЕРШИЛИ ПЕРВЫЙ ГОД УГЛУБЛЁННОЙ ЯЗЫКОВОЙ ПОДГОТОВКИ!

В НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова» продолжается реализация программ углубленного изучения английского языка для студентов-активистов и обучающихся международных двудипломных образовательных программ.

Одним из ключевых международных направлений университета является двудипломная образовательная программа по специальности «Общественное здоровье», реализуемая совместно с Литовским университетом наук о здоровье.

📚 В течение первого года обучения студенты проходят интенсивную языковую подготовку, направленную на развитие академического и профессионального английского языка, необходимого для дальнейшего обучения в международной образовательной среде, участия в академической мобильности, зарубежных стажировках и профессионального развития.

🌍 Владение английским языком открывает студентам новые возможности для международного сотрудничества, научной деятельности и успешной карьеры в сфере здравоохранения.

🌍 Что дает двудипломное обучение?
✔ возможность получить дипломы двух университетов;
✔ международный академический опыт;
✔ обучение в мультикультурной среде;
✔ академическую мобильность и зарубежные стажировки;
✔ конкурентоспособность на международном рынке труда;
✔ углубленное изучение профессионального английского языка.
✔ возможность продолжения обучения и карьеры за рубежом.

✨ Двудипломное образование — это инвестиция в профессиональное будущее, новые возможности и международное признание!

01/06/2026

🎈 БАЛАЛЫҚ ШАҚ МЕРЕКЕСІ

1 маусым – балалар үшін ең қуанышты әрі асыға күтетін мерекелердің бірі. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бері бүкіл әлемде аталып өтеді.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырады. Биыл университеттің Конференц-холлында 13 жасқа дейінгі 400-ге жуық бала бас қосып, мерекені ән-бимен, қызықты ойындармен атап өтті.

Іс-шараға келген ата-аналар мен балаларды университеттің кәсіподақ комитеті тәтті сыйлықтармен қарсы алды.

Барша балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр бала махаббатқа, қамқорлыққа бөленіп, бақытты болып өссін! 🌈🎈
….
🎈 ПРАЗДНИК ДЕТСТВА

1 июня – один из самых радостных и долгожданных праздников для наших маленьких детей. Международный праздник, День защиты детей, который совпадает с первым днем лета, отмечается во всем мире с 1950 года.

Западно-Казахстанский медицинский университет имени М.Оспанова ежегодно проводит праздник для детей своих сотрудников. В этом году около 400 детей в возрасте до 13 лет собрались в Конференц холле университета, чтобы отметить праздник танцами и играми.

Родителей и детей, пришедших на мероприятие, организаторы – профсоюзный комитет университета встречали сладкими подарками.

Поздравляем всех детей и родителей с Международным днем защиты детей! Пусть каждый ребенок растет в любви, заботе и благополучии! 🌈🎈

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Маресьева 68
Aktobe