04/12/2024
Тұжырымдама түсіндірілді
3 желтоқсан күні Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша (мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі; мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері) түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Жасулан Жангазиевич Жаманкуловтың қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесті Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева жүргізіп, аталмыш шараның мақсатымен таныстырды.
Жасулан Жангазиевич өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқару барысындағы қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына тоқталып, мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту жолдары, мемлекеттік қызметке қатысты Тұжырымдамада айқындалған мәселелер (мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақысын белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін есептеу тәсілдері, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендірудегі кедергілерді жою үшін сатылас және деңгейлес даму жолдарын біріктіретін мансаптық өсудің гибридті моделіне көшу, заңнамада тәртіптік жауапкершіліктің негіздері, сондай-ақ жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды бір мезгілде ескеруге мүмкіндік беретін икемді тәсілдер, тб.) туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алысты.
20/09/2024