23/06/2023
Құрметті жас талапкер!
⠀
📌Назарларыңызға қажетті құжаттар тізімін ұсынамыз.
⠀
🔔Директор атына өтінішті оқу орнымызға келгесін толтырасыз.
⠀
❗️Талапкер 18-ге толмаған жағдайда ата-ананың ЭЦҚ/ЭЦП қажет болады.
⠀
📁Құжаттарыңызды салу үшін файлды папка әкелуіңіз сұралады.
⠀
📞 Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңызды дирекке қойып немесе оқу ісі жөніндегі орынбасарға +7 (747) 302-25-18 (Жексенбай Жумадиллаевич) хабарласуыңызға болады.
⠀
#ақтөбемедресеколледжі #талапкер2023
23/06/2023
Құрметті жас талапкер!
⠀
📌Ақтөбе медресе колледжінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын шілде айынан бастайтынын хабарлағымыз келеді!
⠀
📞 Оқуға түсу бойынша сұрақтарыңызды дирекке қойып немесе оқу ісі жөніндегі орынбасарға +7 (747) 302-25-18 (Жексенбай Жумадиллаевич) хабарласуыңызға болады.
⠀
#ақтөбемедресеколледжі #талапкер2023
21/06/2023
2023 жылғы түлектер 3 жылдық білімдерін қорытындылады
⠀
Ақтөбе медресе колледжінде "Исламтану" мамандығы "Имам-хатиб" біліктілігі бойынша білім алушы жастар мемлекеттік емтихан тапсырды📝
⠀
📌Студенттердің білімін тексеруге келген ҚМДБ "Діни білім және кадр даярлау" бөлімінің маманы Жаңабай Кожин төрағалық еткен комиссия құрамына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Орал медресе колледжінің ұстазы Наурызов Асылбек Ақтөбе медресе колледжінің арнайы пән ұстазы Нургалиев Бауыржан және аталған рухани білім ордасындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Торбаев Жексенбай Жумадиллаевич кірді. Айта кетсек, емтиханға қатысқан 24 түлектің 6-ы үздік тапсырып, қалған студенттер өздерінің тиісті бағаларын алды. Түлектеріміз еліміздегі аймақтарға жас маман ретінде мешіттерге жаңа қызметтерге орналасатын болады.
⠀
🔎Емтихан барысында болашақ имамдарға қосымша сұрақтар бойынша қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің дін тұрғысынан қалай орындалатындығы мен шешімдеріне жауап берілді.
⠀
Түлектердің алған ілімдері болашаққа жол ашсын деп, алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!🎓
⠀
#ақтөбемедресеколледжі #жасмаман #түлек2023
18/05/2023
2022-2023 оқу жылының ІІ-жартыжылдығында “Мәбдәун-наху” және “Мәбдәул қирағат 2” кітаптары бойынша колледжішілік сайысының жеңімпаздары анықталды⤵️
⠀
Аманғали Саят 🥇
Отарғали Нұрислам🥈
Исмағұл Алдияр🥉
Сағидолла Мейрамбек🥉
⠀
Құттықтаймыз!
⠀
#ақтөбемедресеколледжі #жаңалықтар