02/09/2021
«Кәрістермен 1 ай»
Корея компаниясындағы алғашқы ресми жұмыстың алғашқы айы аяқталды.
Ризамын және ешқашан естен кетпейді.
Мамандықты жақсы көріп оқыдым. Әрине, жұмысты да дәл солай жақсы көремін)
Ниетіңмен әрекетің қатар жұмыс жасаса барлығы болады.😉
Таңдадым. Оқыдым. Жақсы көрдім!
Келдім. Көрдім. Тұрдым!
Тек Алға!✊🏼
27/06/2021
МөпМөлдірім🤍
4 жылдың сыйлығы)
Әдемі естеліктер үшін аспаннан түскен фотограф — на от души рақмет!
27/06/2021
👨🏻🎓2017-2021
Өмірімдегі қызылмен белгілеп қоятын ең елеулі есте қалар шағым.
4 жыл 4 мезгілдей өте шықты.
Университет аяқтадық. Астын қызылмен шертіп қойдық) Қуаныш әрине😇
Бір өкініш бар. Ол - Қимастық...
Қайталанбас студенттік шақтың орны енді ештеңемен теңеспес.
Бірақ бұл өмір мен уақытты тоқтату мүмкін емес. Бұлда менің бағындырған бір белесім. Және алдағы уақыттағы жаңа белестерімді қуана қарсы аламын.
Бір толқында аяқтаған барлық достарыма сәттілік тілеймін.
Тек Алға!
Рақмет саған — Студенттік шағым! ❤
25.06.21
19/04/2021
Өмір тәтті, әрі шексіз сұлу
Қазіргі өмірде көп жағдайда ештеңенің қадірін білмейміз. Ол тіпті қолымыздағы затымыз болсын, жақын адамымыз болсын, денсаулығымыз болсын.
Бір әрекетке барып, өкінетін жағдайлар жиі бастан өтіп жатады. Бірі қателік, енді бірі әдейлеп немесе байқамай жасалынатын дүниелер. Соңы өкініш.
Қалыптасқан жағдай өте ауқымды. Әркім өзіне келетіндей фактормен ойланып, түйін түйер.
1 жыл.
Бүкіл санаулы өткен ғұмырым мен алдыдағы болашағым бірнеше секундтар ішінде көз алдымда зыр етіп өте шықты. Сезімің, қос жанарыңнан қатар айрылғандай болып, өзіңді аз уақыт ішінде мүмкіндігі шектеулі жан ретінде сезіну, санаң мен жүрегіңе үлкен соққы болып тиеді екен. Тәнің жаныңа, шексіз санаң жүрегіңе бағынбай, әр ойдың жетегінде кетесің.
Сынасың.
Бірақ Жарық дүниені жартылай ғана көретіндей жағдайдан 1мм қашықтық құтқарды. Бұл үшін кімге алғыс айтарыңды да білмейсің?!
Қорытынды:
Өмірдің әр-бір секунды өте тәтті және шексіз сұлу екендігін осындай басыңа түскен сәттерден ғана сезінуге болады.
Ал кері жағдайда, сол қадірін білмеумен ұштасып кетеді екен..
24/03/2021
Инстаграмдағы «Продвигать» батырмасы
Плюс және минустары⤵️
Көп адамдар «Продвигать» батырмасы арқылы өз өнімдерін жарнамалап жатады. Бірақ, Facebook арқылы толық настройка жасап, жарнама жіберудің әлде қайда эффективті екенін білмейді.
«Продвигать» батырмасының плюс жақтары➕
☑️Жылдам жарнама жібересіз
—Жылдам, яғни фейсбукқа кіріп бас қатырып отырмайсыз. Бизнес менеджер, фейсбук парақша, рекламный аккаунт және т.б ашуға, оларды түсінуге уақыт жоғалтпайсыз!
☑️Инстаграм парақшаға көп адам кіріп, конверсия арттырады
—Мысалы сіз инстаграмдағы суретіңізге «продвигать» батырмасы арқылы жарнама жібердіңіз. Ол басқа адамдарға көрінгенде фото астында "Открыть профиль в Instagram" деп тұрады. Басатын болсаңыз тіке инстаграмға өтесіз.
Ал фейсбук арқылы жарнама жасайтын болсаңыз сурет астында "Подробнее" батырмасы болады. Батырманы бассаңыз браузерге жібереді.(әрине ол жерден ватсапқа немесе сайтқа өтеді. Ол бөлек әңгіме)
Ал енді «Продвигать» батырмасының минус жақтары➖
Олар өкінішке орай өте көппп((
📍Жарнамаға тест жасай алмайсыз. Сізде бірнеше өнімнің фотосы және мәтіндері болуы мүмкін. Сіз олардың барлығын бірге жібере алмайсыз.
Ал кәсіпке тест жасау өте маңызды. Сол кезде ғана нақты аудитория табылып, продаж болады.
📍Геолокация сізге қажетті нақты жерді немесе аймақты көрсете алмайды.
📍Аналитика вообще ноль
Сіз тек 18-65 жас, ер және әйел деген ғана ақпарат аласыз и все.
📍Жарнама үшін тек 3 ғана «Цель» қарастырылған.
📍Места размещение
Қарапайым сөзбен түсіндірсем жарнама жіберу үшін «жарнама алаңы» өте аз.
Жіберген пост немесе суретіңіз тек лентадан және стористен көрінеді. Бұл клик бағасының қымбат болуына себеп болады.
☑️Қорытынды
Жалпы айтқанда минус жақтары көп. Мен тек жартысын ғана қысқаша жаздым.
Продвигать батырмасы арқылы жарнамаласаңыз салыстырмалы түрде көп қаражат құртасыз.
Ал Фейсбук арқылы әлде қайда аз қаражатпен көп продаж жасауға болады.
⬇️Түсінбегенің болса пікірге жазып қалдыр және Лайық бас!♥
#таргетинг
#бизнес
#бизнесонлайн
21/03/2021
NAURYZ QUTTY BOLSYN!
Tek Alga!
Dau bolyndar!
15/03/2021
Таргет жарнамасы деген не❓
Таргетолог деген кім❓
🔵Таргет — бұл әлеуметтік желідегі онлайн жарнама.
Бұл біздің күнделік лентадан, стористан, интересное және месенджерлерде толып жүрген жарнамалар.
⠀
Бұл қалай жұмыс жасайды?🤔
⠀
✔️Арнайы креативтер жасау арқылы (фото, видео) бізге қажетті целевая аудиторияға жіберіледі.
Яғни жасына, жынысына, тұрғылықты жеріне, қызығушылығына байланысты таңдап жарнама жіберу.
🔵Таргетолог — таргет жарнамасына толықтай настройка жасап және іске қосатын маман.
Яғни атқаратын жұмысы онлайн жарнама жіберу.
🔴Бұрын естімеген сөздер болса немесе түсініксіз бірақ түсінгің келетін нәрселер болса коментарийге жазып қалдыр.
Мен міндетті түрде жауап жазамын.
🔴Менен пайдалы контент, ал сіздерден тек қана белсенділік. Бұл маған мотивация және шабыт!😎
Лайық басып♥
Пікір қалдыр📝
Достарыңмен бөліс✈️
#таргетолог
#таргет
#бизнес
25/02/2021
МЕНДЕ НЕГЕ КЛИЕНТ ЖОҚ😡
НЕГЕ СІЗДІҢ ТОВАР НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТІҢІЗДІ ЕШКІМ АЛМАЙДЫ❓
— ЖАРНАМА ЖАСАМАЙСЫЗ!🤦🏻♂️
Елестетіңіз, тас қараңғыда билеп жатырсыз. Бірақ сіздің биіңізді өзіңізден басқа ешкім білмейді. Ал енді Ойланыңыз!
— НАШАР УПАКОВКА!🤦🏻♂️
Мен жеке блог жүргізбей тұрып өзімнің услугамды ешкімге жөнді сата алмайтынмын. Себебі авамда сапасы нашар, лентада не екенін білмейтін суреттер тұратын. Зона комфортада отырдым. Кімнен тығылғанымды білмедім, жау жейтіндей жабық ұстайтынмын.🕵🏻♂️
Бұлай болмайтынын түсініп резко бір күнде парақшамды 360 градусқа өзгерттім.
Ал бұл сіздің жағдайда дүкеніңізге ремонт жасаған секілді немесе қарапайым ёлканы ойыншықсыз және ойыншықпен көзге елестетіңіз. Қайсысы әдемі? Ойланыңыз!
— САТА АЛМАЙСЫЗ!🤦🏻♂️
Клиент сізге қоңырау шалды. Қоңырау барасында ойыңызға "Алмай қалса ше", "Жоқ десе ше", "Қымбат деп айтса ше" деген сан түрлі қыртымбай ойлар келеді. Өзіңізді таныдыңызба? Сізге жылдам «Сату өнерін» үйрену керек.
Есіңізде сақтаңыз❗
ӨЗІҢІЗДІҢ ТОВАР ЖӘНЕ УСЛУГАҢЫЗҒА ӨЗІҢІЗ СЕНБЕСЕҢІЗ СІЗ ОНЫ ЕШҚАШАН САТА АЛМАЙСЫЗ!
✔️Сондықтан жарнама жасаңыз, бәсекеге қабілетті болыңыз және сатыңыз!😉
🔴Менен пайдалы контент, ал сіздерден тек қана белсенділік
Лайық басып♥
Пікір қалдыр📝
Достарыңмен бөліс✈️