Актауский Технологический Колледж Сервиса

Актауский Технологический Колледж Сервиса

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Актауский Технологический Колледж Сервиса, Community College, Aktau.

19/03/2026

🔹️ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ🔹️

🔹️Әдістемелік бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандар апталығының іс-шаралар аясында «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» анықтап, 8-НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыстық білім басқармасы басшысы атынан алғыс және құрмет грамотасын алған әкімшілік құрам қызметкерлерді, оқытушыларды және кіші қызметкерлерді марапаттау сәті болып өтті

🔹️Апта бойы жас мамандар кәсіби шеберліктерін шыңдап, ашық сабақтар, танымдық шаралар, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық кездесулер арқылы өздерінің жаңашыл идеялары мен белсенділіктерін көрсете білді.

🔹️Әр күн жаңа тәжірибе, тың бастама және шығармашылық ізденіске толы болды. Жас педагогтердің білім беру саласына деген құлшынысы мен жауапкершілігі айқын көрінді.

🔹️Апталық аясында «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» анықталып, белсенділік танытып, ерекше көзге түскен жас мамандар әр түрлі номинациялармен марапатталып, еңбектері бағаланды.

🔹️Атап өтер болсақ, Мырзаева Айымгул Абайқызы - «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» атанды;
ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚ ШЕБЕРІ, ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ және т.б. номинацияларды жас мамандар иеленді.

🔹️Жас мамандарға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!
#ЖасМамандарАпталығы
#Наурыз2026
#КолледжӨмірі
#Педагогтар
#БілімБерудегіЖаңалық
АқтауКолледжі
ҰлттықҚұндылықтар
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау Тжкб Дамыту Орталығы
Амантаи Кумбаев
Талгат Утебаев
Мирсат Измухамедов
Білім Департаменті

16/03/2026

🔹️Ұлттық сән үлгі әрқашан маңызды! 🔹️

🔹️Әдістемелік бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандар апталығының іс-шаралар аясында шаштараз өнері мен тігін саласы бойынша өндірістік оқыту шеберлері Іңкәр Есбосынова, Келдіхан Әдемі және Көптілеуова Камшат ұлттық нақыштағы бұйымдармен сән әлеміне баулу мақсатында «Тігін саласы мен шаштараз өнерінің байланысы» атты Интеграцияланған шебер сынып өтті.
🔹️Интеграцияланған шебер сынып барысында бірі қазақтың ұлттық мерекелеріне арналған шаш үлгісін көрсеткен болса, бірі әшекей бұйымның жасалуын, енді бірі образды толықтыру үшін тақия тігу тәжірибесімен бөлісті.
🔹️Колледж оқытушылары іс-әрекеттерді көру арқылы тәжірибе алмасып, үй жағдайында жасап көруге болатынын айтып, жоғары деңгейде бағалады.

🔹️Шебер-сынып өте жоғары деңгейде өтті!
Сәттілік тілейміз!
#Жасмаман
#тігінсаласы
#Шаштараз
#АТҚКК
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Білім Департаменті
Мирсат Измухамедов
Талгат Утебаев
Маңғыстау Тжкб Дамыту Орталығы

Photos from Актауский Технологический Колледж Сервиса's post 12/03/2026

🔹️Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде - 11 наурыз күні «Бір ел- бір кітап акциясы бойынша таңдалынып алынған жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты романы «Ұлт рухын ұлықтаған қаламгер» атты танымдылық сағатын №3 кітапхана филиалымен бірігіп өткізді.
🔹️Шара аясында Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен «Тағдыр» романы туралы бейнематериал көрсетіліп, кітаптарына қысқаша әдеби шолу жасалды.
🔹️Мақсаты: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, рухани мұраны сақтауға және оқуға отандық әдебиетіне деген жастардың қызығушылығын арттыру.
#АТКС
#біртұтастәрбие
#ҚабдешЖұмаділов
#бірелбіркітап
#кітапхана

Photos from Актауский Технологический Колледж Сервиса's post 01/03/2026

✨ Колледжде «Жүректен жүрекке» психологиялық тренингі өтті ✨

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстарда ең бастысы — қорқыту емес, қолдау мен түсіністікке негізделген орта қалыптастыру.

Осы орайда колледжде «Жүректен жүрекке» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. 🤍

Жылы форматта өткен бұл кездесу студенттердің жүрегіне жол тауып, жағымды эмоция мен сенім сыйлады.

💙 Қауіпсіз әрі мейірімді орта — әрбір жас үшін маңызды. Біз әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз.

#ЖүректенЖүрекке
#ПсихологиялықҚолдау
#Колледж
#Біргеміз

АТҚКК
Маңғыстау Тжкб Дамыту Орталығы
Білім Департаменті
Талгат Утебаев
Мирсат Измухамедов

28/02/2026

🔹️«Қайырымдылық – жүректің ісі»
Колледжіміздің МК-24/01 топ студенттері және кураторы-Мендеева Сәнімгүл Амантайқызы рамазан айында қайырымдылыққа үлес қосып, азық-түлік жинады.
🔹️Жиналған тағамдар мен қажетті заттар колледждің кіші қызметкерлеріне табысталды.
🔹️Бұл іс-шараның басты мақсаты – қайырымдылықтың қоғамдағы маңызын арттыру және өзгенің еңбегін бағалай білуге шақыру болды.
#қайырымдылық
#АТҚКК
Білім Департаменті
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Мирсат Измухамедов
Амантаи Кумбаев
Талгат Утебаев

28/02/2026

Бүгінгі «Студенттің бір күні» видеосы — Байланыс жүйелері технигі мамандығына арналады 📡

Бұл салада оқитын студенттер – болашақта интернет, байланыс және цифрлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін білікті мамандар 👏

⚡ Байланыс жүйелері технигі – бұл дәлдік, жауапкершілік және жоғары технология!

#СтуденттіңБірКүні
#БайланысЖүйелері
#ТехникМамандығы
#Колледж

WorldSkills
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Білім Департаменті
Амантаи Кумбаев
Мирсат Измухамедов
Талгат Утебаев

27/02/2026

🌍✨ Халықаралық білім және инновация орталығы CIEI мекемесінің ұйымдастыруымен ТжКБ педагогтары (WorldSkills сарапшылары) мен студенттері (WorldSkills қатысушылары) үшін WorldSkills China стандарттарына сәйкес оқу курсы және шеберлік чемпионаты өтеді.

«Кондитерлік ісі” құзыреттілігі бойынша
білім мен бәсекенің биік шыңын бағындыруға колледжіміздің талантты студенті-Садықов Мирас өз мүмкіндігін көрсетіп, колледж абыройын қорғайтын болады. Жетекшісі-өндірістік оқыту шебері-Абдуллаева Алтынгүл Жылқыбайқызы.

Халықаралық шеберлік конкурсы 2026 жылдың 1–13 наурызы аралығында Қытай елінде, Wang Sen Education Group жанындағы WorldSkills China оқу-жаттығу орталығында өтеді.

🎯 Бағдарламаның мақсаты – жарыс жағдайына барынша жақын дайындық арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру, халықаралық тәжірибе жинақтау және шеберлікті шыңдау.

Колледжі басшысы -И. Е. Нурадинов қатысушыларға сәттілік тілеп, халықаралық аренада колледж абыройын асқақтатып, жеңіспен оралыңыздар деп тілегін білдірді.

Колледж ұжымы Сіздерге зор сенім артады!
Сәт сапар! ✈️
Жеңіс тұғырынан көрініңіздер! 🏆🇰🇿




#КондитерлікІс
#АқтауКолледжі
ХалықаралықБайқау
Маңғыстау Тжкб Дамыту Орталығы
Амантаи Кумбаев
Мирсат Измухамедов
Некоммерческое Акционерное Общество Талап
WorldSkills Kazakhstan
Талгат Утебаев

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Aktau
13000