21/07/2026
21 шілде күні Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің төрайымы, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленованың қатысуымен «Әйелдер кәсіпкерлігі. Білім беру – бірлескен шешімдер» тақырыбында өңірлік кездесу өтті.
Кездесу барысында әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау тетіктері, білім беру саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі жол картасы аясындағы ұсыныстар талқыланды.
Шара қорытындысында көтерілген ұсыныстар жинақталып, алдағы уақытта әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болатындығы айтылды.
14/07/2026
📌 Білім беру ұйымдарының 2026-2027 оқу жылына дайындығына мониторинг
✅ Департамент қызметкерлері және білім бөлімдерімен бірлесіп, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда.
✅Мониторинг барысында жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуына, білім алушылар үшін қауіпсіз жағдайлардың қамтамасыз етілуіне, оқу кабинеттері мен инженерлік инфрақұрылымның дайындығына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылының басталуына дайындық жөніндегі іс-шаралардың орындалуына ерекше назар аударылуда.
13/07/2026
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде мемлекеттік аттестаттау жүргізуге қатысатын сарапшылармен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында мемлекеттік аттестаттау кезінде басшылыққа алынатын құқықтық нормативтік актілер және сарапшылардың міндеттері, әдебі туралы түсіндірілді.
13/07/2026
Сарапшылар еңбегі еленді
13 шілде күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіровтің Алғыс хатымен білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын өткізуге белсенді қатысып, білім сапасын арттыруға үлес қосқан сарапшылар марапатталды.
Бұл марапат – кәсібилік пен жауапкершіліктің, адал еңбек пен сапалы қызметтің көрінісі. Білім беру жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген барлық сарапшыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, толайым табыс пен жаңа жетістіктерге жол ашсын!
*******
Экспертов отметили за профессионализм и вклад в развитие качества образования
13 июля 2026 года эксперты, внесшие значительный вклад в проведение мероприятий государственного контроля в сфере образования, были награждены Благодарственным письмом Председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения Республики Казахстан Серика Кенесовича Аширова.
Эта награда — признание высокого профессионализма, ответственности и преданности своему делу.
Именно благодаря совместной работе экспертов укрепляется система обеспечения качества образования и совершенствуются образовательные процессы.
11/07/2026
Департамент қызметкерлері республика көлемінде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық науқанына қатысты
Шараға 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер, қала әкімі және Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі бар.
Акция барысында бұлақтар мен өзге де су нысандары тазартылып, олардың айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы республика көлемінде ұйымдастырылып жатыр.
10/07/2026
Мемлекеттік мектептердің 2026–2027 оқу жылына дайындығына білім басқармалары мен білім бөлімдерімен бірлесіп мониторинг жүргізілуде.
Мониторинг аясында мамандар білім беру ұйымдарының қазіргі жай-күйін, мектептердің жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысын, сондай-ақ білім алушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралардың орындалуын бағалайды.
Атап айтқанда, ғимараттарға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарына, бекітілген жұмыс кестелерінің сақталуына, орындалып жатқан жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар инженерлік желілердің, оқу кабинеттерінің, спорт және акт залдарының, асханалардың, санитариялық дайындығ,сондай-ақ мектеп аумақтарының абаттандырылу деңгейі тексеріледі.
Мониторинг барысында анықталған бұзушылықтар немесе жұмыстардың уақытылы аяқталмау тәуекелдері болған жағдайда, оларды жою бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Мониторингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік мектептердің жаңа оқу жылына уақтылы әрі сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
08/07/2026
Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысында жергілікті атқарушы органдар басшыларының «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау бағытында аудандық білім беру ұйымдарында атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Күн тәртібіне сәйкес, Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы А. Тұржанова мен Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ш. Джаулыевтың есептері қаралды. Кеңес отырысы барысында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, педагогтердің құқықтары мен кәсіби әдеп қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ педагогтерді педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарымен кеңінен таныстыру жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.
Маңғыстау Аудандық Білім Бөлімі
@Бейнеу аудандық білім бөлімі
30/06/2026
*Маңғыстау энергетикалық колледжі түлектерге диплом табыстады*
Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Түлектер – жаңа өмірдің табалдырығында» атты диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Биыл колледжді 712 студент сәтті аяқтап, кәсіби білім туралы диплом алды. Осы көрсеткіш бойынша оқу орны Маңғыстау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында ең көп түлек даярлаған көшбасшы атанды.