Yessenov Faculty of Business & Law

Yessenov Faculty of Business & Law

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Yessenov Faculty of Business & Law, Community College, 32 мкр. Yessenov University, Aktau.

18/02/2021

Yessenov University-School Skills --студенттердің дағдыларын дамыту мектебі ашылды.

16/11/2020

18.11.2020 күні сағат 15.00-де «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен өтетін «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» онлайн кездесуге қатысуға шақырамыз.
Спикер: Қонарбаев Аллаберген - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Республикалық ақпараттық ағартушылық штабының Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі;
Спикер: Бәйгебаев Қайрат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы.
————
Приглашаем на онлайн встречу «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» организованный факультетом «Бизнес и право», который пройдет 18.11.2020 года в 15.00 часов.
Спикер: Конарбаев Аллаберген - Руководитель Мангистауского областного филиала республиканского информационно-просветительского штаба Агенства РК по противодействию коррупции;
Спикер: Байгебаев Кайрат – Начальник управления превенции и добропорядочности департамента Агенства РК по противодействию коррупции по Мангистауской области.

16/11/2020

Қазақтың біртуар мұзбалақ ақыны М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай “ Қара өлеңнің құлагері” атты ақынның өлеңдері мен әндерін #Мұқағалимұрасы атты хештегпен жарияланған байқау жариялаймыз. Байқау мақсаты ақынның шығармаларын насихаттау, шығармашылық ой қабілетті жандандыру. Байқау жеңімпаздары 30.11.2020 жылы анықталады.Университет студенттерін байқауға қатысуға шақырамыз! Жеңімпаз болған студенттер марапатталады.

Photos from Yessenov Faculty of Business & Law's post 13/11/2020

Биыл ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбаевқа (1845 - 1904) 175 жыл толады. Абай Құнанбаевтың мерейтойы халықаралық деңгейде, оның ішінде ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін болады. Бұл-біздің еліміз үшін де, барша қазақстандықтар үшін де үлкен мақтаныш. Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманист, композитор, көркем сөздің зергерлік шебері. Абай 170 — ке жуық өлең, 56 аударма жазды, 45 қысқа астарлы әңгімеден немесе философиялық трактаттардан тұратын «Қара сөз» жазды. Осыған орай «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде поэзиялық кеш өтті. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, қара сөздерінің мән-мағынасы түсіндірілді.

Photos from Yessenov Faculty of Business & Law's post 13/11/2020

«Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты интеллектуалды онлайн ойыны

2020 жылғы 12 қараша күні «Бизнес және құқық» факультетінде «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты интеллектуалды онлайн ойыны өтті.
Онлайн ойын екі кезеңнен тұрды, әрбір қатысушы өз білімдерін ортаға салды. Онлайн ойынның нәтижесі бойынша:
- І орын – Умирзаков Санжар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс студенті;
- ІІ орын – Жеткізген Қуанышбек, «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті;
- ІІІ орын – Алдоңғарова Ақмарал, «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті иеленді.

Photos from Yessenov Faculty of Business & Law's post 10/11/2020

9 қараша күні Smart Point орталығында "Бизнес және құқық" факультетінің тәлімгері Наурызбай Қанатұлы “Жастар тәрбиесіндегі Тәлімгер белсенділігі” тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Семинар еркін форматта болды. Тәлімгер міндеттері мен мақсаттары және қазіргі жастардың белсенділігі жөнінде айтылды. Семинар жастардың қызығушылығы жоғары болды.

07/11/2020

📍“Бизнес және құқық” және “Ғылым және технологиялар” факультеттерінің тәлімгерлері:Қанат Наурызбай және Алшын Жалғастың ұйымдастыруымен

📍07.11.20-15.11.20 күндері аралығында
“ҚАСИЕТ ДАРЫҒАН МАҢҒЫСТАУ БІЛЕСІҢ БЕ?” атты сайыс басталды..

📍Сайсытың ережесі:
1.Киелі Маңғыстау өлкесі туралы бейнеролик түсіріп,өз дауысында өлке туралы өлең оқу
2.Қатысушы Yessenov University студенті болу шарт
3.Бейнеролик ұзақтығы 1-3мин аралығында болу керек
4.Сурет А4 форматта болу керек
5.Маңғаз Маңғыстау қырларын бейнелеу
6. Жасалған видеоны телергамм желісінен жіберу.

📍Студенттік істер жөніндегі бөлім басшысы
📍Факультет декандары және вице-декандары
📍Тәлімгерлер

📍Байланыс үшін:

87781280340
87009822935

📍Қорытынды: 15.11.20ж сағат 16:00 де парақшасында жүргізілетін болады

📍Баршаңызға сәттілік🙂😉

05/11/2020

"Бизнес және құқық" факультеті Құқықтану кафедрасы С.Зимановтың 100 жылдық мерекесіне орай, студенттер арасында шығармалар сайысы өтеді. Университет студенттерін белсене қатысуға шақырамыз.

30/10/2020

30 қазан күні сағат 15:00-де Yessenov University президентінің м.а. Берік Бақытжанұлы Ахметов 2019-2020 жж. қорытынды есебін беріп, университеттің ПОҚ мен қызметкерлері үшін жаңа оқу жылына арналған міндеттерді жариялайды.
Конференция Zoom платформасында онлайн форматта өтеді.

30/10/2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың поэтикалық әлемі» атты виртуалды көрме Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың поэтикалық әлемі» атты виртуалды көрме. Видео көрмеде Абай Құнанбайұлының поэтикалық, философиялық, ағартушылық туындылары ұсынылды. Абай Құнанбаев – әлемдік маңызы бар тұлға, оның әдеби және эстетикалық мұрасы әрдайым өзектілігін жоғалтпайды, адамдардың жүрегінде өзінің адамгершілігімен, сүйіспеншілігімен, терендігімен із қалдырады.

Photos from Yessenov Faculty of Business & Law's post 26/10/2020

Ш.Есенов атындағы КТИУ мен МО сотының арасындағы меморандумға сәйкес2020 жылдың 22 қазан күні «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттеріне Мұрагерлік құқығы пәнінен «Заңды мұрагерлік бойынша түсінік» атты тақырыбында Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Кеншимова Дуния-Зада Бесбаевна дәріс оқыды. Дәріс барысында заңды мұрагерлік бойынша түсініктер берілді, кімдер мұрагер бола алмайтынды жайлы мысалдар келтірілді, тәжірибесімен бөлісті, дәрісте студенттер сұрақтар қойып, оған жауаптар алынды.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


32 мкр. Yessenov University
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00