Yessenov University

Yessenov University

Share

Yessenov University ресми парақшасы
Call-Center: +7(7292) 78-87-88

Официальный аккаунт YESSENOV UNIVERSITY. Здесь- Новости из жизни университета, информация для студентов а также инетересные посты!

Photos from Yessenov University's post 28/04/2026

📣27 сәуір күні Маңғыстау облысы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыс аясында Yessenov University мен ММ «Маңғыстау облысы білім басқармасы» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды📝

Меморандумның негізгі мақсаты – педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру, заманауи білім беру технологияларын енгізу, білім беру сапасын жақсарту және оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету бағытында екі тараптың өзара ынтымақтастығын нығайту.

Бұл келісім өңірдегі педагогикалық кадрларды даярлау мен дамыту жүйесін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға және жаңа буын мұғалімдерін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Yessenov University – өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны ретінде педагогикалық кадрларды даярлауда және білім беру әлеуетін дамытуда жетекші рөл атқара отырып, аймақтың кадрлық қорын нығайтуға өз үлесін қоса береді.

________________________________________

📣27 апреля в рамках совместной работы по повышению квалификации педагогов школ Мангистауской области состоялась церемония подписания Меморандума о взаимопонимании между Yessenov University и ГУ «Управление образования Мангистауской области»📝

Целью меморандума является развитие сотрудничества сторон в вопросах повышения профессионального уровня педагогических кадров, внедрения современных образовательных технологий, улучшения качества обучения и повышения эффективности образовательного процесса.

Подписание меморандума стало важным шагом в укреплении партнерства и развитии кадрового потенциала региона в сфере педагогических специальностей.

Yessenov University, как единственный вуз региона, продолжает играть ключевую роль в подготовке педагогических кадров и развитии образовательной системы Мангистауской области.

Photos from Yessenov University's post 25/04/2026

📣24 сәуір күні Yessenov University «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына арналған «Чернобыль: қасірет пен сабақ» атты еске алу іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға Маңғыстау облысынан Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, сондай-ақ университеттің ғылыми және студенттік қауымдастығы қатысты.

Қатысушылар алдында Yessenov University зерттеу және даму жөніндегі вице-президенті А.А. Сейдалиев, Маңғыстау облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы О.Н. Әбділов сөз сөйледі. Университет профессоры Е.Д. Муралев «Ядролық энергия: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасап, атом энергетикасының даму бағыттары, тәуекелдері мен мүмкіндіктеріне ғылыми тұрғыдан тоқталды.

Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушы Ю.И. Кержбаум сол кезеңдегі естеліктерімен бөлісіп, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуда кәсібилік пен адам өміріне деген жауапкершіліктің маңызы зор екенін атап өтті. Педагогика факультетінің деканы А.И. Мамбетова «Чернобыль: өткеннің сабағы және қазіргі қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбындағы эссе байқауының қорытындысын жариялап, 240 жұмыстың ішінен үздік деп танылған үш қатысушыны марапаттады.

Ардагер-ликвидаторларға құрмет ретінде студенттер музыкалық бағдарламамен өнер көрсетіп, алғыс пен құрметтерін білдірді 🎶

___________________________________

📣24 апреля «Ассамблея народа Казахстана» Yessenov University провела памятное мероприятие «Чернобыль: трагедия и урок», приуроченное к 40-летию аварии на Чернобыльской АЭС.

В мероприятии приняли участие ликвидаторы последствий аварии из Мангистауской области, руководители общественных организаций региона, представители научного и студенческого сообщества университета.

С приветственными словами выступили вице-президент по исследованиям и развитию Yessenov University А.А. Сейдалиев и председатель Совета аксакалов Мангистауской области О.Н. Абдилов. Профессор университета Е.Д. Муралев представил доклад «Ядерная энергия: прошлое, настоящее и будущее», в котором осветил ключевые аспекты развития атомной энергетики, её риски и перспективы.

Участник ликвидации последствий аварии Ю.И. Кержбаум поделился личными воспоминаниями, подчеркнув, что профессионализм и ответственность за жизнь людей являются ключевыми факторами предотвращения подобных трагедий. Декан факультета педагогики А.И. Мамбетова огласила результаты конкурса эссе «Чернобыль: уроки прошлого и социальная ответственность современного общества», в котором было представлено 240 работ. По итогам три победителя были награждены.

В знак уважения к ветеранам-ликвидаторам студенты представили музыкальные номера, выразив искреннюю благодарность и признательность🎶

23/04/2026

🎓STUDY IN KAZAKHSTAN | Ақтау, Жаңаөзен

Құрметті талапкерлер!

Сіздерді Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары қатысатын «Study in Kazakhstan» білім көрмесіне шақырамыз!📚✨

📍Ақтау қаласы
📅Күні: 24–25 сәуір
📌Өтетін орны: Достық үйі

📍Жаңаөзен қаласы
📌Өтетін орны: Жасөспірімдер және спорт мектебі

🕘Уақыты: 09:00–18:00

✨Сізді не күтеді:
🔹Университет өкілдерімен тікелей кездесу
🔹Гранттар мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат
🔹Мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар
🔹Пайдалы кеңестер мен жаңа мүмкіндіктер

🚀Болашағыңызды бүгіннен бастаңыз – біз сізді күтеміз!

_____________________________________

🎓 STUDY IN KAZAKHSTAN | Актау, Жанаозен

Уважаемые абитуриенты!

Приглашаем вас на образовательную выставку «Study in Kazakhstan», где будут представлены ведущие университеты страны!📚✨

📍г. Актау
📅Даты: 24–25 апреля
📌Место: Дом дружбы

📍г. Жанаозен
📌Место: Детско-юношеская спортивная школа

🕘Время: 09:00–18:00

✨Вас ждёт:
🔹Прямое общение с представителями университетов
🔹Полная информация о грантах и программах обучения
🔹Помощь в выборе будущей профессии
🔹Полезные советы и новые возможности

🚀Твоё будущее начинается здесь!

23/04/2026

🎓Құрметті мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары!

Сіздерді «Оқытудың заманауи тәсілдері: цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» атты біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырамыз!🚀

📌Бағдарлама аясында:
• цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негіздері меңгеріледі
• білім беру платформалары мен интерактивті ресурстарды қолдану дағдылары дамытылады
• оқытудағы мотивация мен интерактивті тәсілдер жетілдіріледі
• ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық мәдениет қалыптастырылады

📜Курс соңында (80 сағат) сертификат беріледі

👩‍🏫Курс тренері: Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна
📅Мерзімі: 27.04.2026 – 13.05.2026
📍Өтетін орны: Yessenov University бас корпусы
📞Байланыс: +7 707 733 74 48

_________________________________________

🎓Уважаемые учителя школ и преподаватели колледжей!

Приглашаем вас пройти курс повышения квалификации «Современные методы обучения: цифровые технологии и искусственный интеллект»🚀

📌В рамках курса вы:
• освоите основы цифровых технологий и ИИ
• научитесь эффективно использовать образовательные платформы
• улучшите мотивацию и интерактивность обучения
• разовьёте навыки цифровой безопасности

📜По завершении курса выдается сертификат (80 часов)

👩‍🏫Тренер курса: Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна
📅Период: 27.04.2026 – 13.05.2026
📍Место проведения: главный корпус Yessenov University
📞Контакты: +7 707 733 74 48

Photos from Yessenov University's post 19/04/2026

📣Yessenov University қабырғасында өткен ауқымды «Ғылым апталығы – 2026» өз мәресіне жетті. Биылғы апталық ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, жас ғалымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды👩🏻‍🔬👨🏻‍🔬

Апталық аясында республикалық пәндік олимпиадалар, халықаралық хакатон, ғылыми көрмелер, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқушыларға арналған ғылыми жобалар байқауы мен түрлі семинарлар ұйымдастырылды🔬

Сонымен қатар, «Үздік жас ғалым» және «Үздік ғылыми қызметкер» байқауларының жеңімпаздары анықталып, арнайы марапатталды.

Қорытынды салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Е.Л. Тоғжанов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А.Ж. Өрісбаев және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Ғылым апталығы – білім мен ғылымның, инновация мен тәжірибенің тоғысқан маңызды алаңы болды. Мұндай бастамалар елдің зияткерлік әлеуетін арттырып, индустриялық дамуға серпін беретініне сенім мол📈

______________________________________

📣В Yessenov University завершилась масштабная «Неделя науки – 2026», ставшая важной площадкой для укрепления связи между наукой и производством, а также развития потенциала молодых ученых👩🏻‍🔬👨🏻‍🔬

В рамках недели были проведены республиканские предметные олимпиады, международный хакатон, научные выставки, международные научно-практические конференции, круглые столы, конкурс научных проектов для школьников и тематические семинары🔬

Также были определены и награждены победители конкурсов «Лучший молодой ученый» и «Лучший научный сотрудник».

В церемонии закрытия приняли участие советник Премьер-Министра РК Е.Л. Тогжанов, заместитель акима Мангистауской области А.Ж. Урисбаев и другие почетные гости.

Неделя науки стала точкой пересечения науки, образования, инноваций и практики. Уверены, что подобные инициативы будут и дальше способствовать развитию интеллектуального потенциала страны и стимулировать индустриальный рост📈

Photos from Yessenov University's post 17/04/2026

📣Yessenov University-де көрнекті ғалым, лингвист Қаныгүл Жаманбаеваның ғылыми мұрасына арналған «Қ. Жаманбаева мұрасы: тіл, таным және ұлттық тәрбиенің когнитивтік негіздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті📚

Конференция барысында когнитивтік лингвистика, тіл мен танымның өзара байланысы, ұлттық тәрбие және қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ғылыми пікірталас жүргізді.

Іс-шара аясында Қаныгүл Жаманбаева атындағы арнайы оқу аудиториясының ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар, ғалымның ғылыми еңбектерінің жаңа басылымдары көпшілікке таныстырылды.

Ғылыми жиын қорытындысы бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар қабылданып, тіл білімі мен ұлттық құндылықтарды зерттеу бағытындағы жаңа бастамалар айқындалды.

________________________________________

📣В Yessenov University состоялась международная научно-практическая конференция «Наследие К. Жаманбаевой: когнитивные основы языка, мышления и национального воспитания», посвящённая научному наследию выдающегося учёного-лингвиста Каныгуль Жаманбаевой📚

В ходе конференции были рассмотрены актуальные вопросы когнитивной лингвистики, взаимосвязи языка и мышления, национального воспитания и преподавания казахского языка. В мероприятии приняли участие отечественные и зарубежные ученые, которые обменялись опытом и научными подходами.

В рамках конференции состоялось открытие специализированной учебной аудитории имени Каныгуль Жаманбаевой. Также были презентованы новые издания научных трудов учёного.

По итогам конференции были приняты важные рекомендации и определены перспективные направления дальнейших научных исследований.

Photos from Yessenov University's post 16/04/2026

📣Yessenov Univetsity-де «Ғылым апталығы – 2026: Зерттеулерден индустрияға» аясында «Цифрландыру дәуіріндегі құқық ғылымының жаңа бағыттары: теория мен практика» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды💎

Іс-шараны «Құқық және халықаралық қатынастар» факультетінің «Құқықтану» кафедрасы өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – цифрландыру жағдайында құқық ғылымының даму үрдістерін талқылау, заманауи құқықтық мәселелерге ғылыми көзқарас қалыптастыру және теория мен практиканың өзара байланысын нығайту болды.

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және білім алушылар қатысып, құқық саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Талқылау барысында цифрландыру дәуіріндегі құқықтық реттеу, жасанды интеллект пен құқықтың өзара байланысы, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен қарастырылды.

_________________________________

📣В Yessenov University в рамках «Недели науки – 2026: От исследований к индустрии» состоялся круглый стол на тему «Новые направления юридической науки в эпоху цифровизации: теория и практика»💎

Организатором мероприятия выступила кафедра «Юриспруденция» факультета «Право и международные отношения». Основной целью круглого стола стало обсуждение тенденций развития юридической науки в условиях цифровизации, формирование научного взгляда на современные правовые вопросы и укрепление связи между теорией и практикой.

В мероприятии приняли участие профессорско-преподавательский состав, молодые ученые и обучающиеся университета, которые обменялись мнениями по актуальным вопросам в сфере права.

В ходе обсуждения были рассмотрены такие темы, как правовое регулирование в условиях цифровизации, взаимодействие искусственного интеллекта и права, защита персональных данных, а также правовая ответственность в социальных сетях.

Photos from Yessenov University's post 16/04/2026

📣16 сәуір күні Yessenov University базасында “NextGen 2026: AI in Tourism” форумы ұйымдастырылды🤖🌎

Форум барысында туризм индустриясындағы жасанды интеллекттің рөлі жан-жақты талқыланды. Бүгінде AI тек технология ретінде ғана емес, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылуда. Әсіресе туристік қызметтерді жекелендіру, клиент тәжірибесін жақсарту, басқару және талдау үдерістерін оңтайландырудағы мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.

Іс-шара ғылым, бизнес және білім беру саласының өкілдерін біріктірген тиімді диалог алаңына айналды. Туризм, қонақүй бизнесі және IT саласының жетекші сарапшылары тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелер мен саланың даму перспективаларын ұсынды. Форумға өңірдегі туристік агенттіктер мен қонақүй бизнесінің өкілдері де белсенді қатысты.

Сонымен қатар, форум аясында “Made in Mangystau” жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Yessenov University технопаркі мен «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәдесый өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.

__________________________________

📣16 апреля в Yessenov University состоялся форум “NextGen 2026: AI in Tourism”🤖🌎

В ходе форума широко обсуждалась роль искусственного интеллекта в индустрии туризма. Сегодня AI рассматривается не только как технология, но и как один из ключевых факторов развития отрасли. Особое внимание было уделено возможностям персонализации туристических услуг, улучшения клиентского опыта, а также оптимизации процессов управления и анализа.

Мероприятие стало эффективной площадкой для диалога между представителями науки, бизнеса и образования. Ведущие эксперты из сфер туризма, гостиничного бизнеса и IT поделились практическим опытом, обозначили актуальные вызовы и перспективные направления развития отрасли. В форуме также приняли активное участие представители туристических агентств и гостиничного бизнеса региона.

Кроме того, в рамках форума была организована ярмарка “Made in Mangystau”, где были представлены сувенирные изделия технопарка Yessenov University и студентов образовательной программы «Туризм».

16/04/2026

🎓Педагогтарды біліктілікті арттыру курсына шақырамыз!

Yessenov University мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларын «Инклюзивті білім беруді қолдау: инновациялық тәсілдер мен тиімді тәжірибелер» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына қатысуға шақырады.

Курстың негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен ата-аналардың тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи әдістер мен технологияларды меңгерту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курс барысында қатысушылар:
• инклюзивті білім берудің негізгі қағидаларын және педагог пен ата-ана арасындағы тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді;
• ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдіс-тәсілдері мен психологиялық қолдау тетіктерін үйренеді.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 80 сағаттық сертификат табысталады.

📅Мерзімі: 20.04 – 04.05.2026 ж.
📍Өтетін орны: Yessenov University бас корпусы
📞Байланыс үшін: +7 707 733 74 48

Баршаңызды кәсіби дамуға бағытталған маңызды білім беру бағдарламасына қатысуға шақырамыз!

_________________________________

🎓Приглашаем педагогов на курс повышения квалификации!

Yessenov University приглашает школьных учителей и преподавателей колледжей на курс повышения квалификации на тему «Поддержка инклюзивного образования: инновационные подходы и эффективные практики».

Цель курса – развитие профессиональных компетенций педагогов в сфере инклюзивного образования, обеспечение эффективного взаимодействия педагогов и родителей, а также освоение современных технологий и методов, направленных на повышение качества образования.

В рамках курса участники:
• изучат основные принципы инклюзивного образования и подходы к организации эффективного взаимодействия педагогов и родителей;
• освоят современные методы работы с детьми с особыми образовательными потребностями и формы психологической поддержки.

По завершении курса слушателям выдается сертификат (80 часов).

📅Сроки: 20.04 – 04.05.2026
📍Место проведения: главный корпус Yessenov University
📞Контакты: +7 707 733 74 48

Photos from Yessenov University's post 15/04/2026

📣14 сәуір күні Yessenov University Теңіз академиясының «Машина жасау және логистика» кафедрасы республика көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Аталған жиын ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді⚓️

Конференция барысында көлік және логистика инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, үдерістерді цифрландыру және инженерлік шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, өзара тәжірибе алмасып, қазіргі заман талаптарына сай саланың даму перспективаларын қарастырды.

Конференция кәсіби диалогты дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және көлік пен логистика саласындағы озық идеяларды ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

______________________________________

📣14 апреля кафедра «Машиностроение и логистика» Морской академии Yessenov University провела республиканскую научно-практическую конференцию, объединившую ученых, преподавателей, молодых исследователей и специалистов отрасли⚓️

В ходе конференции были рассмотрены актуальные вопросы развития транспортной и логистической инфраструктуры, внедрения инновационных технологий, цифровизации процессов и повышения эффективности инженерных решений.

Участники представили научные доклады, обменялись опытом и обсудили перспективы развития отрасли в условиях современных вызовов.

Конференция стала важной площадкой для профессионального диалога, укрепления научных связей и продвижения передовых идей в сфере транспорта и логистики.

Photos from Yessenov University's post 14/04/2026

♻️Yessenov University базасында «Buzachi Operating Ltd» ФК, «Oil Services Company» ЖШС және «Oil Construction Company» ЖШС ұйымдарының бірлесуімен «Мұнай-газ саласында экологиялық тұрақтылық пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында «Buzachi Operating Ltd» ФК-ның «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің бастығы С.А. Степень және аға инженері А.А. Пушинка баяндама жасап, Маңғыстау облысында санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, өндірістік экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті🌿

Өз кезегінде, «Oil Services Company» ЖШС және «Oil Construction Company» ЖШС экологтары мұнай-газ өндірісінің қоршаған ортаға әсерін төмендету, экологиялық бақылау жүйелерін жетілдіру, қалдықтарды басқарудың заманауи технологияларын енгізу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін қамтыған баяндамалар ұсынды. Сондай-ақ, кәсіпорындарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық ESG стандарттарын енгізу тәжірибесі талқыланды🏭

Семинар аясында «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да ғылыми баяндамалар жасап, қатысушылар арасында өзекті экологиялық мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

_________________________________

♻️На базе Yessenov University совместно с ФК «Buzachi Operating Ltd», ТОО «Oil Services Company» и ТОО «Oil Construction Company» состоялся научный семинар на тему «Обеспечение экологической устойчивости и экологического контроля в нефтегазовой отрасли».

В ходе семинара начальник отдела охраны окружающей среды ФК «Buzachi Operating Ltd» С.А. Степень и старший инженер А.А. Пушинка представили доклады о проводимой работе в рамках санитарной очистки, озеленения и благоустройства территории Мангистауской области. Также были рассмотрены вопросы производственного экологического контроля, управления отходами, сохранения биоразнообразия и улучшения экологической ситуации в регионе🌿

Экологи ТОО «Oil Services Company» и ТОО «Oil Construction Company» представили доклады, посвящённые снижению воздействия нефтегазовой отрасли на окружающую среду, совершенствованию механизмов экологического контроля, внедрению современных технологий управления отходами и рациональному использованию природных ресурсов. Отдельное внимание было уделено вопросам экологической безопасности и внедрения международных стандартов ESG.

В рамках семинара профессорско-преподавательский состав кафедры «Экология и безопасность жизнедеятельности» также выступил с научными докладами. Мероприятие сопровождалось активной и конструктивной дискуссией по актуальным экологическим вопросам.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


32 мкр
Aktau
130000