ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»

ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»

Share

Добро пожаловать на страницу школы №17 города Актау!

Средняя школа №17, находящаяся в 13 мкр, является одной из самых первых школ в г. Актау. Открылась 1 сентября 1987 года.

Первой возглавила школу опытный учитель Фролова Гимма Викторовна. С 2003 по 2005 гг. школой руководит Аманова Баян Тулеевна. С 2005-2008 гг. директор школы Таласбаев Арыстанбек Джоламанович. 2008-2010 гг – руководила Кабдрахманова Мереке Мендибаевна.

С 2010 года школу №17 в

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 02/04/2018

« Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Құрметті ұстаздар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман –есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Наурыз мерекесіне орай № 17 орта мектепте « Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара аталып өтті. Бұл шараға мектептің пән мұғалімдері, шағын балабақша мен кіші қызметкерлері қатысты. Мерекені алғашқы боп мектебіміздің мың бұралған бишілерімен ашылды. Ары қарай қазағымыздың салт – дәстүрлерімен жалғасын тапты. Мысалға кіші қызметкерлер « Сырға салу» салты бойынша көрініс көрсетсе, келесі кезекте « Құдалықты» орыс тілі мен әдебиет пәні бірлестіктері жалғастырды. Бастауыш бірлестігі әуелетіп ән шырқаса, дене және көркем өнер бірлестігі ұлттық биіміз « Қара жорға» биін керемет билеп шықты. Мерекелік шараның көркін қыздырған ағылшын пәні бірлестігі болды. Бұл бірлестік атақты асаба Жолдасбаев Мұратбек Жауынбек ұлын арнайы шақыртып « Беташар» дәстүрін дүркіретіп әсем әнмен ұстаздардың көңілін бір көтерді. « Бесікке салу» ырымын қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігі көрсетсе, « Тұсау кесер» биология және география бірлестігі көріністерін әдемі көрсетіп, бұл салт – дәстүрлеріміз ата – бабамыздан келе жатқан құндылықтарымыз, оны одан әрі келешек ұрпақтарымызға асыл мұра ретінде көрсете білу боп саналады. Кеш соңында би билеп, естелікке суретке түсті.

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 16/03/2018

«Өмірге ия деп айт!» республикалық ақпараттық акциясы атты хабарлама аясында науқан бойынша «Өмір тамаша!» Босқа қауіпке жол берме ұранымен өткізілетін айлық жұмыс жасалып 10 ақпан – 10 наурыз аралығында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. № 17 орта мектепте осы жоспар барысын хатпен таныстырылып, арнайы жоспар барысы, мақсаты, негізгі идеясы түсіндірілді. Осы іс-шара жұмысын өткізу, ұйымдастыру жұмыстарына бұйрық шығарылды. Бұйрықтың орындалуы бойынша арнайы айлық жоспар жасалды.
Мақсаты: Баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалының қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өмір ұғымын түсіне отырып, өмірде кездесетін жағдайларды саралап, қабылдай біледі. Сонымен қатар бұқааралық ақпараттық құралдарының балаға әлеуметтік желілерден келетін зиянды ақпараттардың теріс ықпалынан қорғау мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға себеп болады. Оқушылар өздері пайдаланып жүрген әлеуметтік және интернет желілерді пайдалануы бойынша зияны мен мүмкіндіктерінде танып біледі, жалпы өздерінде бар түсініктерін толықтыруға мүмкіндік алады. «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту» жобасы бойынша өткізілген сауалнамалар 8,9,10 сыныптар арасындағы «Ия,Жоқ» деген сұраққа жауап беру арқылы анықталған оқушылармен қауіп-қатер тобындағы психодиогностикалық жұмыстар жүргізілуде.
17 ақпан «Бала денсаулығына зиян келтіретін ақпараттарды насихаттау мақсатында» ата-аналар жиналысы болып ұйымдастырылды. Жиналыс барысында төмендегідей тақырыптар талқыланды мектеп психологы Б.Урбисинова «Баланың мінез-құлқының бұзылу себептері» тақырыбында және «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты баяндамасымен қосымша таныстыра отырып,ата-аналарға жадынамалар таратылды. 8 «а» сыныбына «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында дәріс оқылды. «Өмірге ия деп айт» тақырыбында мектебіміздің педагог-психологы Б.Урбисинова тренинг сабақ өтті. 8 «в», 8 «г» сыныптарына «Цель – моей жизни» атты тренинг өтті.
Оқушыға өмір құндылықтарын кеңінен таныту, оқушыға өзін тануға мүмкіндік беру, өмірге құштарлығын дамыту, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу барысында өтілді.
Ата-аналарға арналған «Мен және ата-анам» - атты семинар тренинг өткізілді. Тренингте бала мен ата-ананың қарым-қатынасының, бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Педагог-психолог: Урбисинова Б.З.

12/02/2018

"17 жалпы білім беру орта мектебі "КММ үштілділікке өтуге дайындық үстінде. Мектеп басшысының жетекшілігімен келесі оқу жылының жобасы жасақталынды. Мектеп жобасына келесі оқу жылынан бастап барлық пәндерді үш тілде өткізу енгізілді. Қазіргі таңда мектебіміздің ішінде ата-аналардың келісімімен 400 оқушымыз "Аврора"оқу орталығының ұстаздарынан ағылшын тілін үйренуде.Сонымен бірге,шəкірттерімізбен қатар, мұғалімдерімізге жоғары деңгейде ағылшын тілін үйрету қолға алынды.Осы мақсатта, 10 ақпан күні мектебіміздің мұғалімдерімен "Аврора "оқу орталығы кездесу өткізді. Нәтижесінде, ортақ пікірге келе отырып, дүйсенбіден бастап "Аврора"оқу орталығы ұстазарымыздан сынақ алып, ағылшын тілін үйретуді бастайды."Аврора "оқу орталығының директоры қазір АҚШ мемлекетінде жаңа əдіс-тəсілдер меңгеруде. Пəн мұғалімдеріміздің тілді үйренуге 100% мүмкіндіктері бар

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Жолдау – 2018: білім – басты бағдар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі білім саласы. Әсіресе, мұғалім мәртебесіне көп көңіл бөлінгенін қуана қабылдады. Бұл көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе – тін. Өйткені мұғалім еңбекақысының аздығы бұл салаға білікті мамандардың келуі аз еді. Елбасы осы орайды жыл басынан бастап 30 пайызға көтерілетін мұғалім еңбекақысын қосымша мұғалім біліктілігін екшеуді тапсырып отыр. Яғни, жаңа категориялық кестеге сәйкес, мұғалімдер ұлттық біліктілік тестінен өтеді. Осы арқылы, біліктілігінің расталуына байланысты ұстаздар еңбекақысы 50 пайызға дейін өспек. Бұл Президент айтқандай, мұғалім қауымын ұдайы өзін – өзі жетілдіруге ынталандыратын бірден – бір көмек. Осыған орай 13 қаңтар мектеп ұжымы боп Елбасының халыққа жолдауын талқылау жиналысы болды. Жиналыста тарих пәні мұғалімі Мұхтарова Қаламқас Жолдаудағы 10 нақты бағытқа тоқталса, Сәрсенбаева Әлия Жолдау – мәні мен маңызы жағынан, тың геоэкономикалық, геоөркениеттік жағдайлардың іс – қимыл бағдарламасы деп қорытындылады

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы!
Киелі атамекенімізге көз алартқан жау халқымыздың басынан « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманын орнатып, «Елім -айлатып» еңіретіп, етегін жасқа толтырған, Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері тарих қойнауына сіңіп, аластап бара жатса да еске түскенде жүрек сыздататындығы рас. Көтеріліс аяусыз басып – шаншылды. Бүкіл халыққа « ұлтшыл» деген айып тағылып, сенімсіздік көрсетілді. Бірақ желтоқсанда алаңға шығарған, ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген ұлт – азаттық идея рухы жығылмады. Желтоқсан – бабаларымыз бастаған ұлт – азаттық көтерілістерінің заңды жалғасы болып табылды.

Тәуелсіздік! Ұлт үшін, халық үшін бұдан асқан құндылық болмас. Тәуелсіз, дербес өмір сүру- әр елдің арманы. Біз, Қазақ елі, осы асыл мұрат – мақсатымызға осыдан жиырма алты жыл бұрын жеттік. Қазіргі таңда ұзақ жылдар аңсап, күткен Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында іс – қимыл танытудамыз. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстан дүниежүзіне танымал елге айналды. Осының бәрі Тәуелсіздігіміздің, Елбасының сындарлы саясатының жемісі. Тәуелсіздік туы қолымызда берік тұрған жағдайда біз алмайтын асу, біз жеңбейтін қиындық болмайтыны анық.

Желтоқсан қаһармандарын еске алу мақсатында « Желбіресін, Тәуелсіздік көк туы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Алғашқы сөз кезегін директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Асанова Гүлмира ашып, желтоқсаншылар халқымыздың басын түскен сол бір ауыр да сын сағаттар туралы әңгіме шертіп, бірқатар тарихи – танымдық тұрғыдан ақпараттар мен мағлұматтар беріп өтті. Содан кейін сөз тізгінін қолына алған оқушылар бірінен соң бірі сахна төріне шығып, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік жайлы өлеңдерін толғана оқи жөнелді. 11 «А» сынып оқушылары « Желтоқсан желі» өлеңін хормен орындаса, 8 «А» сынып оқушылары сол бір қаһарлы күн туралы сахналық көрініс көрсеткенде көрермендерден күңіренген жан қалмады. Кеш баршаның сүйіктісіне айналған « Атамекен» әнімен аяқталды.

Ұстаздар қауымы оқу үдірісінде кешегі күннің ызғарлы оқиғасын оқушылардың санасына сіңіріп, бұл күнге қалай қол жеткізгендігіміз туралы айтудан жалықпаймыз

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Өнерлінің өрісі кең
« Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра » деп бекер айтылмаса керек. Өйткені төрінен орын беріп, іліп қоятын қара домбыра халқымыз үшін қашанда қасиетті саналған. Ал қос ішекті күмбірлетіп, қуанышы мен қайғысын, мінезі мен тектілігін, бар болмысы мен жан дүниесін көрсете отырып, төгілте шертіп салатын күйді ата – бабамыз әрдайым ұрпағына мұра етіп қалдырған. Қазақ десе домбыры, домбыра десе қазақ, ал күй десе қазақ та, домбыра да еске түседі. Шынымен- ақ қазақ пен күй деген сөз – бір ұғым. Өйткені, күй қазақтың ішкі жан дүниесінің, арман – мүддесінің, болмысының сыры.Үні. Дауысы. Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішінде тек қазаққа ғана тән өнер, қасиет. Қазақ халқы атадан балаға жеткен күй өнерін көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынаға айналдырды. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, түрленіп жеткен. Халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған асыл қазынасы. Ал бүгінгі ұрпақтың сол байлықты, асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап қана қоймай, бойына сіңіруді қуантады. Соның бірі мектебіміздің 9 «А» сынып оқушысы Төребек Бейбіт Алматыда өткен Республикалық Фестиваль- конкурс « Қысқы ертегі Алматы - 2018 » байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Осындай жастайынан қара домбырыны серік еткен өскелең ұрпақтарға « Өнерің өрге жүзсін демекпіз»

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Ucmas (Юсимас) менталдық арифметика программасына сәйкес өткізілген XXII Халқаралық жарыстың пресс-релизі
10-11 желтоқсан 2017 жылы Малазияның Куала-Лумпур қаласында «Genting International Convenyion Centre» базасында Ucmas бағдаламасына сәйкес менталдық арифметика бойынша XXII Халқаралық жарыс өтті. Осы жылғы байқауда 45 әлем елдерінен 3000-нан астам бала қатысты. Бұл жарысқа барлық Қазақстан елінің аймақтарынан Юсимас Халқаралық зияткерлік даму Академиясының студенттері қатысты, соның ішінде Ақтау қаласынан ек» өкілеттіктен 4 студен қатысты. Қазақстанның жас генийлері еліміздің абыройын сәтті қорғай алды. Тоғызы үздік атанды. Олар чемпионатта бірінші орындар алды. Оның ішінде Халқаралық зияткерлік даму академиясының Юсимас филиалының Ақтау қалалық студенті, сонымен қатар бірінші орынды иеленген - Ақтау қаласының №17 орта мектебінің 5 «А» сынып окушысы – Арыстан Орынгул . Біздің алтын жүлдегеріміз оқитын Ақтау қаласынла орналасқан Юсимас орталығының бастығы Сакенова Мейрамгуль Шакировна, ал Орынгулді байқауға дайындаған нұсқаушысы – Абдреимова Карлыгаш Исаевна. Ал біздің тағы бір студент үшінші орынды иеленіп, XXII Әлемдік жарыстардың жүлдегері атанды. Бұл оқушы мамандырылған физика-математика мектебінің оқушысы - Куспанов Ерсултан. Ол осы мектептің 5-ші «Д» сыныбында оқиды. Силханкызы Салтанат Силхановна – оның нұсқаушысы.

Екінші Ақтау филиалынан екі қатысу – Жахан Каратак және Жандос Ислам, екінші орынды иеленді.



Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар және шәкірт жүрегіне гүл егер бала жанының бағбаны. Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы, білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені баршаға белгілі. Шәкірттерін құрыш болаттай шыңдай жүріп, ұстаз еңбегінің жемісі.

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымды ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. « Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктеп отыр. Өйткені, бүгінгі жахандану заманында дамудың биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз барген білімде. « Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дейді дана қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп, жоғары информатика саласында өзіндік үлес қосып келе жатқан ұстаздардың бірі де бірегейі Кабденова Кама Утарбай қызы. Ол кісінің талай шәкірттері қалалық жарыстардан орын алғандары қаншама. Соның бірі 8 «В» сынып оқушысы Сапарғали Бекзат. Жалпы білім беретін орта мектептер арасында қалалық « Жас бағдарламашы» байқауында I орын, Облыстық « Жас бағдарламашы» байқауының I орын иегері, жалпы білім беретін орта мектептер арасында қалалық « Ең үздік веб-сайт» байқауында I орындардан көрінді

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Үштілділік – заман талабы
Әлемде кең тараған тіл ағылшын, орыс тілдері. Оларды білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Көптілді меңгерген, өзін- өзі әлеументтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірбие жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін – өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсендігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді.

Қазіргі кезде маманның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: « Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қазет» - деп, Еуропадағы мептеп оқушылары мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.



Осыны ескерген мектебіміздің директоры Нұржанова Люция Сәбитқызы қаламыздаға әсерлі ағылшын тілін оқытатын « AURORA centre.kz » компаниясымен келісім шартқа отырып, мектеп оқушыларына ағылшын тілін одан да жетік меңгеруіне үлкен көмегін тигізді. Қәзіргі таңда оқушыларымыз аптасына 3 рет, 3 топқа бөлініп ағылшын тілін үйренуде. Осы ағылшын тілін үйретен мұғалім шет елден келген маман. Ол өзінің еліндегі әдіс – тәсілдерімен оқушыларымыздың қызығушылығын арттыруда. Нағыз шет елдік маманнан тіл үйрену оқушыларымыз үшін ерекше болуда.

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Мектептегі үйірмелер мен секциялар

Мектеп оқушылар арасында спортты жаппай дамыту – оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудың ең маңызды жағдайларының бірі. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дамуына әсер ету, өмірде қажетті қимыл – қозғалыс дағдыларына үйретіп, дене, жігер және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу болып табылады.Мектепте спорт үйірмелері өздері қалаған спорт түрлерімен айналысатын оқушылар үшін құралады. Сонымен, мектептегі спорт дене тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады да, оқушылар онымен айналыса отырып, өзінің денесін жан – жақты жетілдіру ісін жалғастырады және жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге талаптанып , дене жаттығуларының кейбір түрлеріне маманданады. Бүгінде мектебімізде стол тенисі, футбол, баскетбол, волейболдан спорт үйірмелерімен би және менталді арифметика өтуде. Бұл дегеніміз оқушылардың спортқа не басқа да үйірмелерге қатысу арқылы өздерінің денсаулықтары мен рухани дамуына бірден – бір септігін тигізеді.

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Білікті ұстаз – білімді ұрпақ
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке кереге - білімді, педагогика, методикадан хабардар жақсы оқыта білетін мұғалім.

«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр дааңғарымпаз ақыл иесі..., мейілінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарыны да, жат адамдарына да әділ... жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп ұлы ойшыл, ғұлама, ұстаз Әбу Нәсір Әл-Фалаби.



Биылғы жылы біздің ұстаздарымыздың да жеткен жетістіктері де аз балған жоқ. Мысалға айтар болсақ Қалалық тарих пәні олимпиядасынан 2 орынға ие болған тарих пәні мұғалімі Сәрсенбаева Алия. Қалалық « Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы» сайысында 2 орын иегері Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Баймағамбетова Алтынгүл. Қалалық « Жас маман - 2017» байқауынан Қазақ тілі мен әдебиеті піні мұғалімі Мамедова Нүргүл 2 орын және ағылшын тілі мұғалімі Бисенова Ақмарал 3 орындарға ие болды. Осындай білімді де, білікті ұстаздарымызға зор денсаулық, жұмыстарына табыс тілейміз!

Photos from ГУ «Общеобразовательная средняя школа 17 с гимназическими классами»'s post 17/01/2018

Спорт – денсаулық кепілі!
Елбасы Н. Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында « Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа бағалаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала.» - деп баса айтқан.



Осыған орай Дүниежүзі денсаулық күніне орай Ақтау қаласында « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бағытында « Біздің денсаулығымыз өз қолымызда! » атты Денсаулық фестивалі өтті. Спорттық іс – шараға мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер, мектеп оқушылары, қаланың белсенді тұрғындары қатысты. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған фестивалге мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Есеналиева Зада қол күрес сайысы бойынша оқушылар арасында 3 – орын, жеңіл атлетикадан Шумаков Максим мен Бокова Николина 3 – орындарға ие болды.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


13 мкр
Aktau