International Office of Yessenov University

International Office of Yessenov University

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from International Office of Yessenov University, School, Микрорайон 32, Aktau.

Photos from International Office of Yessenov University's post 07/10/2022

5 қазан күні Есенов университетінің делегациясы Қалмақ мемлекеттік университетінің жанында өткен және II Каспий экономикалық форумының бағдарламасына енгізілген Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXIV Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты. Бас Ассамблея 60-тан астам жоғары оқу орындарының, Ресей, Қазақстан, Иран, Әзірбайжан және Түркіменстанның билік органдарының өкілдерін, сондай-ақ Моңғолия, Қытай, Палестина ғалымдарын біріктірді.
XXIV Бас Ассамблеяның күн тәртібінде Каспий маңы өңірінің экожүйесін қорғау және қолдау, "жасыл" экономикаға көшу мәселелері, Каспий бассейнінің экологиялық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін құру сияқты маңызды мәселелер қамтылды.
"Еділ – Каспий: құқық және "жасыл" экономика" атты консорциумның үйлестіру кеңесінің отырысында Қалмақ мемлекеттік университетінің, Дағыстан мемлекеттік университетінің ректорлары, Астрахан мемлекеттік университетінің, Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің өкілдерімен қатар Есенов университетінің Зерттеу және даму жөніндегі вице-президенті Асқар Сейдалиев спикер ретінде сөз сөйледі.
Қалмақия Республикасының басшысы қатысуымен Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXIV Бас Ассамблеясы мүшелерінің пленарлық отырысы барысында А. Сейдалиев есепті баяндама жасап, қауымдастық президентінің өкілеттігі Есенов университетінің президенті Берік Ахметовтен Қалмақ мемлекеттік университетінің ректоры Бадма Салаевқа тапсырылды.
Ассамблеяның пленарлық отырысы аясында Каспий маңы елдерінің университеттері арасында: "Еділ – Каспий: құқық және "жасыл" экономика" консорциумдарын құру туралы; Каспий маңы өңірінде табиғатты мониторингілеу мен қорғаудың халықаралық жастар орталығын құру туралы; халықаралық білім және мансап орталығын құру туралы; «Каспий маңы мемлекеттерінің жасыл экономикаға көшу концепциясы: доктриналдық экономикалық-құқықтық негіз және іске асырудың практикалық тетіктері» жобасы бойынша халықаралық уақытша зерттеу тобын құру туралы келісімдерге қол қойылды.

5 октября делегация Университета Есенова приняла участие в работе XXIV Генеральной Ассамблеи Ассоциации университетов и научно-исследовательских центров Прикаспийских стран, прошедшей на базе Калмыцкого государственного университета и включенной в программу II Каспийского экономического форума. Генеральная Ассамблея объединила представителей более 60 ВУЗов, федеральных и региональных органов власти России, Казахстана, Ирана, Азербайджана и Туркмении, а также ученых из Монголии, Китая, Палестины.
Повестка XXIV Генеральной Ассамблеи включила в себя широкий спектр вопросов – это защита и поддержание экосистемы Прикаспийского региона, проблемы перехода к "зеленой" экономике, создание правовых механизмов противодействия современным угрозам экологической безопасности бассейна Каспия.
На заседании координационного совета консорциума: «Волга – Каспий: право и «зеленая» экономика», где обсуждался данный круг вопросов, наряду с ректорами Калмыцкого государственного университета, Дагестанского государственного университета, представителями Астраханского государственного университета, Астраханского государственного технического университета выступил в качестве спикера и вице-президент по исследованиям и развитию Университета Есенова Аскар Сейдалиев.
В ходе пленарного заседания членов XXIV Генеральной Ассамблеи Ассоциации университетов и научно-исследовательских центров Прикаспийских стран с участием Главы Республики Калмыкия, А. Сейдалиев выступил с отчетным докладом и состоялась передача полномочий президента ассоциации от Берика Ахметова, президента Университета Есенова, ректору Калмыцкого государственного университета Бадме Салаеву.
В рамках пленарного заседания Ассамблеи между университетами Прикаспийских стран подписаны соглашения: о создании консорциумов «Волга – Каспий: право и «зеленая» экономика»; о создании международного молодежного центра мониторинга и защиты природы в Прикаспийском регионе; о создании международного центра образования и карьеры; о создании международного временного научного коллектива по проекту: «Концепция перехода Прикаспийских государств к зеленой экономике: доктринальная экономико-правовая основа и практические механизмы реализации».

Photos from International Office of Yessenov University's post 05/10/2022

03.10.2022 ж. Есенов Университетінің өкілдері Астрахань мемлекеттік университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жоғары білімді интернационалдандыру және ізгілендіру, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту мақсатында тараптар бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Астрахань мемлекеттік университеті ұзақ уақыт бойы маңызды стратегиялық серіктес болып табылады. Өткен оқу жылында ғана Есенов университеті Астрахань мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, бірқатар маңызды іс-шараларды өткізді, соның ішінде Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының XXIII Бас ассамблеясының отырысында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы, академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер мен профессор оқытушылар құрамының өзара алмасуы бар.

03.10.2022 г. представители Университета Есенова посетили Астраханский государственный университет с поздравлениями по случаю 90-летней годовщины со дня образования университета. В целях интернационализации и гуманизации высшего образования, а также укрепления сотрудничества стороны обсудили дальнейшую реализацию совместных образовательных и научных инициатив.
Астраханский государственный университет является важным стратегическим партнером на протяжении долгого времени. Только за прошедший академический год Университет Есенова совместно с Астраханским Государственным Университетом провели ряд важных мероприятий, включая подписание договора о научном сотрудничестве на заседании XXIII Генеральной ассамблеи Ассоциации Государственных Университетов и Научных Центров Стран Каспийского Региона, взаимный обмен обучающимися и ППС в рамках академической мобильности.

Photos from International Office of Yessenov University's post 30/06/2022

28 маусымда Еуропа, Азия және АҚШ елдерінде 2022-2023 жылдарға арналған күзгі семестрге бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттар беру жөніндегі Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының отырысы өтті. Тәуелсіз сараптамалық комиссиясының хаттамалық шешімімен іріктеуден өткен студенттер University of Leoben (Австрия) және Tongmyong University (Оңтүстік Корея) оқуға жіберіледі. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға шетелде нәтижелі оқуды тілейміз!

28 июня состоялось заседание Независимой экспертной комиссии по присуждению грантов по программе зарубежной академической мобильности для студентов бакалавриата на осенний семестр на 2022-2023 в страны Европы, Азии и США. Протокольным решением Независимой экспертной комиссии, прошедшие отбор студенты будут направлены на обучение в University of Leoben (Австрия) и Tongmyong University (Южная Корея). Поздравляем победителей конкурса и желаем им продуктивной учёбы за рубежом!

Photos from International Office of Yessenov University's post 29/06/2022

27 маусымда Istanbul Ticaret University (ITU) халықаралық кеңсесінің үйлестірушісі проф. доктор. Али Алту Бичермен кездесу өтті. Кездесу барысында ITU және Есенов университеті арасындағы ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

27 июня была проведена встреча с координатором Международного офиса Istanbul Ticaret University (ITU) проф. д-р. Али Алту Бичером. В ходе встречи обсуждались сферы сотрудничества между ITU и Yessenov University.

Photos from International Office of Yessenov University's post 01/06/2022

29 мамырда Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Әзірбайжан Демократиялық Республикасының құрылғанына 104 жыл толуына орай дипломатиялық қабылдау өтті. Іс-шарада университет басшылығының жоғары ұйымдасқан жұмысы мен университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамының өзара тиімді Қазақстан-Әзірбайжан ынтымақтастығын кеңейтудегі күш-жігері үшін Yesenov университетінің президенті-ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметовке алғыс хат табыс етілді.

29 мая был проведен дипломатический приём по случаю 104 годовщины образования Азербайджанской Демократической Республики, организованный Генеральным Консульством Азербайджанской Республики в г. Актау. На мероприятии было вручено благодарственное письмо Президенту-ректору Yessenov University Берику Бахытжановичу Ахметову за высокоорганизованную работу руководства и стараниям всего педагогического коллектива университета в расширении взаимовыгодного казахско-азербайджанского сотрудничества.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Микрорайон 32
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00