Тәрбиешіге көмек

Тәрбиешіге көмек

Share

�Тәжірибелі тәрбиеші
�Нормативтік құжаттар
�Портфо?

02/11/2021

Бола ма, жоқ па🤷‍♀️?

Балалар үнемі ата-аналарынан өз ойыншықтарын бала бақшаға апаруларын сурайды.  Ата-аналар келіседі, ал тәрбиеші қарсы. СЭБ (СанПин) бұл әрекетке қарсы нақты ештеңе жазылмаған.
Өзіміз талқылап көрейік.

Бала не үшін өз ойыншығын алады? деген сұраққа мен де екі жауап нұсқасы бар:

1️⃣ Бейімделу жеңіл болу үшін.
Бұл жерде қарсылық білдіре алмаймыз.

Бейімделу кезінде шынында да балаларға үйден әкелген ойыншықтары көмектеседі. Бала ойыншығымен бірге,өз қайғысын, уайымын, анасының уақытша жоқтығын жеңіл меңгереді. Бақшаға үйрене бастаған соң ақырындап ойыншығын ұмыта бастайды.

Бірақ: Сіз балаңызбен бірге ойыншықтыда қолынан ұстап балабақшаға әкелеміз, соңынан бала топта ол ойыншықты қолынан тастамайды.  Дәретханаға бірге барады, серуенге алып шығады, тамақ ішкенде қасына отырғызады, сосын бірге ұйықтайды. Не айтқым келгенін түсінген шығарсыздар? Егер ойыншық жуылатын болса 👍👍 болар еді....

❗Өтініш, егер де балаңыз өзі сұрамаса, оған ойыншығыңды ал деп міндеттемеңіздер!

2️⃣ Ойнау үшін.
Бұл жерде мен саналы түрде қарсымын. Ата- аналарға қалай түсіндіреміз?

Балалар жаңа ойыншықпен ойнағысы келеді. Сондықтан оны тартып алады, сындырып тастауы да мүмкін, төбелесіп, таласқанның нәтижесінде.

Топ ішінде немесе серуен алаңында ғана ойнауға болады, бірақ көп жағдайда келісімге келу қиынға соғады.  Сондықтан тәрбиеші қатал апайға айналып, шектеу қояды.

Таңертең ойыншықты әкеліп, қайда қойғанын ұмытады. Үйге қайтар кезде жылау басталып, бүкіл ел болып "қазынаны" іздеу басталады.

Оқу үрдісі басталды, ал баланың қолында жоғалтып алмайын, не болмаса тартып алып қоймасын деп ұстап жүрген ойыншық.

Бала үйден ұсақ бөліктері бар ойыншықты алып келді, оны тәрбиешіге көрсеткен де жоқ. Өзі ол бөлшектердің кәмпит емес екенін біледі, бірақ достарына дәмін татқызуға береді. Ал тәрбиешіде осы сәтте "истерика" 😱

Қымбат және сәнді ойыншық балалардың жаппай қызығушылығын тудырды. Енді үйде барлық баланың айтатыны, сұрайтыны сондай ойыншық. Осы жерде енді ата-анада "истерика"👺.

❗Өтініш: балаңызбен ойыншықты үйде тастап кетуге көндіріп, келісіңіз.
❓ Сіздердің топтарыңызда балалар ойнайтын ойыншық жеткілікті ме🧩?

Photos from Тәрбиешіге көмек's post 24/10/2021

📌Ата-аналар бала туғаннан бастап оны "сақтандыруға" тырысады:

🖐️туды -орап тастау керек!
🖐️жүре бастады- манежге салу керек, онда қауіпсіз!
🖐️қоғамдық орынға қыдыруға шықты- "поводок"!

🚩Баланың еркін қозғалысын шектеудің пайдасы туралы нақты дәлелдер сөзсіз келтірілген. Бірақ, осы шектеулер шын мәнінде баланың қауіпсіздігі үшін керек пе ?

🤔Әлде үлкендердің тыныштығы үшін керек пе?

🚩Егер бала диванда тыныш, мазаны алмай, телефон қарап отырса- періште дейміз!
🚩Шкафтың ішінде не бар деп қопара бастаса, оның есігін скотчтап тастаймыз.
🚩Балабақшаға барды. Топтан бір қадам аттап шықпа! Шықтыңба бітті ... заманақыр😁
🚩 Балабақшадағы ойын алаңы қатаң өлшеммен белгіленген: "Сызықты көрдің бе? Аттап шықпа! Басқа топтың ойын алаңына барма! Болмайды!
🚩 Мектепке барды- қатаң бақылау!

⁉️Сонда еркіндік қайда қалды? Сенім? Тәжірибе ше?

❗Мүмкін баланы манежден шығарып, шкафтың ішіндегі заттарды көрсетіп, таба, қазандарды берерміз? Зерттесін,  ұрсын, ұстап көрсін, ашсын- жапсын, еңбектесін!

❗Мүмкін анда-санда топтың(ойын алаңының) есігін ашып, көрші топтың балаларымен ойнауға рұқсат береміз, таныссын, сөйлессін, ойнасын!

❗Аракідік балаларға сеніп, ТОРДЫҢ ЕСІГІН ашуға болатын шығар? Мүмкін біз ойлағандай қорқынышты емес шығар? Мүмкін оларда еркіндікті дұрыс қолдана білетін шығар?

⁉️Қалай ойлайсыздар?

❓Үйде не балабақшада баланың еркіндігіне шектеу қоясыз ба ?  ⬇️

#балатәрбиесі #балабақша #тәрбиешілерге #атаана #

18/10/2021

🤔❓❓❓Ата-аналар жиі қоятын сұрақтар...

🥶 Ауа температурасының төмендеп, суықтың түсуіне байланысты балаларға серуенге шығуға бола ма?

❗СЭБ (СанПин) талаптарына сәйкес  ауа температурасы -15° С төмен және желдің уытқу қатері 7м/с  болған  жағдайда, серуендеу ұақыты қысқартылады.

4 жастағы балалар үшін ауа темпер. -15° С төмен және желдің уытқуы 15 м/с көп болса;

5-7 жастағы балалар үшін ауа температурасы  -20° С төмен және желдің жылдамдығы 15 м/с көп болған жағдайда серуендеуге рұқсат етілмейді.

😢 Қандай балаларға балабақшаға бейімделу қиынға соғады?

❗Балабақшаға бейімделу:
отбасындағы жаңғыз балаға, шамадан тыс қамқордағы, анасына қатты бауыр басқан, өзіне сенімсіз,  мазасыз және көп ауыршаң балаларға қиынға соғады.  Сондықтан, баланы балабақшаға бермес бұрын оны дайындаңыз, өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастырыңыз және өзіңіз де іштегі уайымнан арылғаныңыз абзал.

🤔 Неге балабақшада балаларға көбінесе сүтті тағамдар береді?

❗Балабақшада ас мәзірі- СЭБ (СанПин) де әзірленген 10 күндік ас мәзірін негізге ала отырып құралады.
Онда мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті дәрумендер, калориялар мен микроэлементтер оңтайлы теңдестірілген. Ас- арнайы әр азық түліктің мөлшері, пісіру уақыты көрсетілген технологиялық карта бойынша әзірленеді. Балық пен сүт мектеп жасына дейінгі баланың қалыпты өсуі мен денсаулығын нығайтуға арналған негізгі тағамдардың бірі болып табылады. Сондықтан балалардың ас мәзірінде міндетті түрде болуы шарт.

❓ Сізді мазалайтын сұрақ бар ма?
❓ Қандай да бір сұрағыңызға тәрбиеші немесе балабақша әкімшілігінен  мардымды жауап ала аласызба ? 
   Сұрағыңыз болса ⤵️ жазыңыз 🙂

#атааналар #балатәрбиесі #балабақша #сұрақжауап #

Photos from Тәрбиешіге көмек's post 15/10/2021

🌳 Баламмен серуендеп жүріп,

аяғымыздың астында қаншама "қазына" жатыр деген ой келді. Дәл қазіргі мезгілде балалардың шығармашылығын дамытуға арналған материалдарды жинайтын шақ.

Осындай ой маған әр күз айларында келеді 🙂 және мен жинап, келтіріп, қораптарға сала бастаймын.
Ақша кетпейді, ал пайдасы 💯.

🍁 Балабақшадағы тобымыз үшін қандай табиғи материалдарды жинай аламыз?

💭 Дәнек (шишки) және Мүк (мох)
Дәнектер әртүрлі пішінде, көлемде болуы мүмкін. Қарағай, шырша, балқарағай дәнектері. Мүкті бұйымды жасауда негіз (төсеніш) ретінде қолдануға болады.

💭 Емен жаңғағы және Талшын (каштан)
Жаңғақ қалпақтары мен талшын қабығының қасына ермексазды қойыңыз, бұл материалдардың қандай мүсінге айналатынын көресіз.

💭 Гүлдер мен Жапырақтар
Бүлар құрғақ, кептірілген жағдайда жақсы сақталады. Бұл материалдар көмегімен альбомдар, ашық хаттар, гербарий жасауға болады.

💭 Таяқшалар мен Бұтақтар
Бұл құралдарды құрастыру, жапсыру, мүсіндеу оқу іс-әрекеттерінде ғана емес сонымен қатар қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда қолдануға болады.

💭 Кесілген Ағаш қалдықтары
Бала шығармашылығы үшін жуан, жіңішке, құрғақ бұталар, шыбықтар таптырмас құрал.

💭 Тұқымдар мен Жаңғақтар
Балаларға тұқымдарды жинауды бастау идеясын айтсаңыз, үйден түр-түрін әкеледі.

🌞 Бұл табиғи материалдарды тек қана табиғат бұрышында сақтау шарт емес. Олар қол жетімді жерлерде тұрса, соғұрлым "пайдалымға" көп түседі.
Табиғи материалдарды қайда сақтаудың бірнеше үлгісін назарларыңызға ұсынамын💞

😉 Тағы қандай дамыту орталықтарында сақтауға болады? Бірге ойланып, пікірге жаза кетейік.
Ал табиғи материалдардан не жасауға болатынын стористе тамашалайық.

Photos from Тәрбиешіге көмек's post 12/10/2021

Жуықта, барлық балабақшаларда

"Хош келдің, Алтын күз" ертеңгіліктері басталатыны сөзсіз🍂. Тек жағымды эмоциялар қалуы үшін төмендегі кеңестерді ұсынамын👌

✔ Айзере күзгі ертеңгілікте қоян рөлін сомдауға әзірленді. Сөздерін жаттап алды, қоянша секіріп,  қоянның рөлін әртістер сияқты сомдай білді. Бірақ қоянның киімін (костюмын) әлі көрген жоқ. Анасы дәл ертеңгілік болатын күні таңертең жалдауға аламын деп келіскен.
Таңертең,  ертеңгілік алдында Айзере қоянның "қалың матадан тігілген" киімін киюден үзілді-кесілді бас тартты. Не істейміз?  Жағдайды дайындық кезінде киіп жүрген қатты қағаздан жасалған "құлақ" құтқарды.

❗Балаға сахна киімін алдын- ала киіп, өлшеп көрсетіңіз. Мейлі ол костюмды балабақша берсін, үйге алып кетуге рұқсат сұраңыз, баланың  костюмге үйренуіне мүмкіндігі болсын.

✔️Олжас Аяз атамен кездесуді  асыға күткен еді. Алайда, дауысы жуан әрі қатты, бөтен үлкен адамды көріп, қорыққаны соншалық, анасының құшағына тығылды. Анасы оны құшақтап, қорқынышын басты. Ертеңгілікті анасының алдында отырып тамашалады. Аяз ата ол ойлағандай қорқынышты емес, мейірімді екен. Олжас ертеңгілік соңында онымен бірге суретке түсуге келісті.

❗Ертегі кейіпкерлері, актёрлар қонақтар мен ата- аналар баланы ұялтып, қобалжытып, қорқыныш сезімін тудыруы мүмкін. Осындай сәттерде балаңызды қолдаңыз, ертеңгілікке қатысудан бас тартсада, алда әлі талай мерекелік кештер бар.

✔️Әлидың анасы ертеңгілікті көру үшін жұмысынан сұранып келді, шара аяқталған соң ұлын балабақшаға қалдырып жұмысына қайта кетті. Әли басқа балаларды үйлеріне әкетіп жатқанын көріп, қатты жылады.

❗Баламен алдын ала сөйлесіңіз. Неге оны ертеңгіліктен соң үйге алып кете алмайтыныңызды түсіндіріңіз. Кешке сыйлықтарды бірге қарап, суреттерді тамашалап, алған әсерлеріңізбен бөлісетініңізді айтып жеткізіңіз.

✔️Ата- аналар ертеңгілік барысын фото мен видеога түсіреміз деп, баласының өнерін қошеметтеп, қол соғуды мүлдем ұмытты. Ал ата- анасының қошеметі бала үшін өте маңызды.

❗Сол себепті фото, видеога түсіретін бір адаммен алдын -ала келіскеніңіз абзал. Кеш барысын түсіріп, соңынан сізбен бөліссе болады.

Барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл- күй тілеймін!
Ал маған ❤

05/10/2021

🆘️ Баланы балабақшада қалдырар кезде не айтамыз?

Жазбаны сақтап алыңыз және ❤ ұмытпаңыз👍

Негізгі фразалар:

1️⃣ Мен сені қатты жақсы көремін.

2️⃣ Маған жұмысқа бару керек, бірақ мен міндетті түрде қайтып келемін. ( Бұл жерде нақты уақытын айту маңызды, балаға түсінікті болу үшін, сен ұйықтап тұрған соң, сыртқа шыққан кезде, түскі астан кейін)

3️⃣ Әзірше саған қандай да бір көмек керек болса, тәрбиешіге (аты-жөні) айтсаң болады. Ол өте мейірімді, саған міндетті түрде көмектеседі.

4️⃣ Қоштасу рәсімін қосыңыз. Мысалы: баланың алақанын сүйіп, мен сенімен біргемін,  көңілің түссе алақаныңды қара, онда анаңның сүйгені бар.

5️⃣ Балабақшада қызықты, жақсы істерді үйренуіңді тілеймін,  келген кезде маған үйретесің.

❓ Бұл тізімге қосарыңыз бар ма? Сіз балаңызбен қоштасарда қандай сөздер айтасыз?
❓ Қандай қоштасу рәсімін қолданасыз?

Photos from Тәрбиешіге көмек's post 05/10/2021

Табиғи материалдардан жасалған кірпілер.

Бұл кірпілерді жасау барысында баланың:

✅ ұсақ қол моторикасы
✅ отыра білу төзімділік дағдысы
✅ шығармашылыққа деген қызығушылығы дамиды.

Ұнаса ❤👍

30/09/2021

⛔Тоқтаңыз, ойланыңыз...

❤ және постты міндетті түрде сақтап алыңыз.

Балабақшаға барарда балаға:

❌ Өтірік айтуға
Мысалы:
➡️ Мен сені тастамаймын.
➡️ Сенімен бірге боламын.

❌ Қорқытуға
Мысалы:
➡️ Еркелігіңді қоймасаң балабақшаға апарып тастаймын.
➡️ Тәрбиеші көрсетеді саған!

❌ Сатып алуға
Мысалы:
➡️ Балабақшаға барсаң ойыншық сатып әперемін.
➡️ Балабақшадан шыққан соң саябаққа апарамын.

❌ Үміттендіруге
Мысалы:
➡️ Саған ол жақта міндетті тұрде ұнайды, онда өте көңілді.
➡️ Тәрбиешілер сені жақсы көретін болады, сен керемет баласың!

❌ Уәде алуға
Мысалы:
➡️ Жыламаймын деп уәде берші
➡️ Сен қыңыр мінез көрсетпеймін деп уәде беріп едің ғой

❌ Салыстыруға
Мысалы:
➡️ Айгүлді қарашы өзі киінеді, ал сен болсаң...

❌ Кемсітуге болмайды.
Мысалы:
➡️ Сен жылауықсың,  қорқақсың...

Балаға үнемі осылац сөйлесеңіз оның сізге деген сенімі жоғалады. Сондықтан, не айтатыныңызды ойланып барып айтқан жөн.

🤔 Сонда қандай сөздер айту керек деп ойлап отырған шығарсыз,  ол жайлы келесі постта.

❓ Сіз өз балабақшаңызда ата- ананың қандай да бір өрескел қылықтарын байқадыңызба?
❓ Жоғарыдағы тізімдегі сөздерді сіз балаңызбен тілдесуде қолданасызба?

Пайдалы болса  +

28/09/2021

Аптаның соңғы күні "ДЕМАЛЫС" деп аталғанымен ,ол күні тәрбиешілердің ДЕМАЛМАЙТЫНЫ АНЫҚ!

Алдыңызда таңдау тұрады 👇

✅ Үй шаруасымен айналысу
✅ Дәмді тамақ пісіріп
✅ Отбасына көңіл бөлу

👨‍👩‍👧‍👦 Әрине, Сіз демалыс күндегі уақытыңызды балаларыңызға, отбасыңызға арнағыңыз келеді!

😡 Бірақ ☝️

📍 Циклограмма жазып
📍 Оқу іс- әрекетін жоспарлап
📍 Перспективті жоспар құрып
📍 Топ құжаттарын ретке келтіру керек.

⛔ СТОП!

✅ komek  "Тәрбиешіге көмек" парақшасына тапсырыс беру арқылы жұмысыңызды жеңілдетіңіз.

🔴Бұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Тек қана "ПОДРОБНЕЕ" батырмасын басыңыз ⏬

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Aktau
130007