25/01/2023
2023 жылдың 25 қаңтарында республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі Ақтау қаласы, Қабиболла Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтуде.
Турнирдің мақсаты - өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирге аудан,қала,облыстық мамандандырылған мектептерден 9 қазақ, 4 орыс, 3 ағылшын командаларынан 32 оқушы қатысуда.
Оқушыларға сәттілік!
25/01/2023
2023 жылдың 25 қаңтарында республикалық Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі Ақтау қаласы, Қабиболла Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтуде.
Турнирдің мақсаты - өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Турнирге аудан,қала,облыстық мамандандырылған мектептерден 9 қазақ, 4 орыс, 3 ағылшын командаларынан 32 оқушы қатысуда.
Оқушыларға сәттілік!
13/01/2023
Байқау қорытындысы
“Тақырыптық айтыс” бойынша:
🏆Бас жүлде - Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Аушанов Ерсұлтан;
🥇Қарақия ауданы, 3 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Сарсен Әли;
🥈Жаңаөзен қаласы, 7 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Базылбек Серікбол;
🥉Мұнайлы ауданы, “SMART ILIM” мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Тлеубек Ермұхан;
“Қайым айтыс” бойынша:
🏆Бас жүлде - Ақтау қаласы, “Дарын” ЖШС 9 сынып оқушысы Байжігіт Бейбіт;
🥉Жаңаөзен қаласы, 7 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Бисенбай Аслан;
Жеңімпаздар мен жетекшілерді жетістіктерімен құттықтаймыз!
13/01/2023
2023 жылдың 13 қаңтар күні республикалық “Жыр алыбы - Жамбыл” жас ақындар айтысының облыстық кезеңі Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы 20 жалпы білім беретін мектептің ғимаратында өтуде.
Айтыстың мақсаты - оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік - рухани қолдау көрсету.
Жас ақындар айтысына аудан, қала бойынша жалпы білім беретін мектептерден 6 оқушы қатысуда.
Жас ақындарға сәттілік тілейміз!
11/01/2023
Қазақстанда алғаш рет мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған роботтар фестивалі өтеді.
Фестивальде оқушылар FIRST халықаралық ережелері бойынша екі бағытта бақ сынайды. Бірінші бағыт – FIRST LEGO League Challenge-ге 10-16 жас аралығындағы оқушылар, екінші бағыт – FIRST Tech Challenge-ге 12-18 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.
Өңірімізден Жаңаөзен «Білім-Инновация» лицей-интернатынан 6 оқушыдан құралған 3 команда аймақтық іріктеу кезеңіне қатысып, 2 команда республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезең еліміздің елордасы Астана қаласында ақпан айында өтеді.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!
06/01/2023
2023 жылдың 2-9 қантар аралығында Жаңаөзен «Білім –инновация» лицей - интернатының базасында облыстық олимпиадалық резервтегі (ОМИ, БИЛ, ЖБИЛ) оқушыларға арналған дайындық оқу-жаттығу ауысымы өтуде.
Ауысымның мақсаты - республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларға мамандандырылған мектептердің оқушыларын дайындау. Ауысымға математика, физика, химия, информатика пәндерінен ЖБИЛ, БИЛ және ОМИ-нан 55 оқушы қатысуда. Ауысымның жаттықтырушылары түрлі республикалық, халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары.
Математика пәнінен Нсанбаев Марат – Назарбаев Университетінің студенті. Республикалық пәндік олимпиадаларда 2018 жылы ІІ орын, 2019 жылы І орын, халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 2019 жылы ІІІ орын иеленген.
Физика пәнінен Байлин Амирхан – Гонконг Ғылым және технологиялар университетінің (HKUST) студенті. Республикалық пәндік олимпиадаларда 2018 жылы І орын, 2019 жылы І орын, халықаралық Жәутіков олимпиадасынан 2019 жылы ІІІ орын иеленген. 2019 жылы физикадан Азия олимпиадасының (AphO) және физикадан халықаралық олимпиадасы (IPhO) қола жүлдегері.
Химия пәнінен Есенгазин Азамат – Назарбаев Университетінің студенті. Республикалық пәндік олимпиадаларда 2017 жылы ІІ орын, 2018 жылы ІІ орын, халықаралық Бектұров олимпиадасынан 2017, 2018 жылдары ІІІ орын иеленген.
Информатика пәнінен Сулейменова Жөндер - Жаңаөзен «Білім –инновация» лицей- интернатының информатика пәнінің мұғалімі. Облыстық пәндік олимпиадалар жеңімпазы. Оқушылары 2022 жылы республикалық пәндік олимпиадалардан ІІ, ІІІ орындар, ҚБО-нан ІІ, ІІІ орындар, халықаралық Informatrix ғылыми жобасынын ІІ, ІІІ орын иеленген.
28/12/2022
2022 жылдың 27 желтоқсан күні «Балалар жылы» аясында жетістікке жеткен бірқатар балаларды марапаттау салтанатты шарасы өтті. Салтанатты шараға білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Т.Болатбаева, мемелекеттік орган қызметкерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері, мектеп басшылары мен оқушылардың жетекшілері, дарынды оқушылар мен студенттер қатысты. Шара барысында 32 жеңімпаз оқушы мен "WorldSkills Kazakstan 2022" республикалық чемпионатының жеңімпаз студенттеріне "Балалар жылы-2022" статуэткасы мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге "Ақберен" республикалық байқауының жеңімпаздарын дайындаған 2 мұғалім "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен марапатталды. #балаларжылы2022
24/12/2022
"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтуде
2022 жылдың 24 желтоқсан күні Ақтау қаласы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде 2-7 сынып оқушыларының "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтуде.
Конкурстың негізгі мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін ынталандыру болып табылады.
Конкурсқа жас зерттеушілер 2-7 сынып оқушылары жеке, сондай-ақ командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын), зерттеу жобаларымен қатысады. Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
-қазақ тілі мен әдебиеті;
- орыс тілі мен әдебиеті;
-ағылшын тілі;
-математика, қолданбалы математика;
- физика, космос;
-туризм және спорт;
-тарих, өлкетану;
-этномәдениеттану;
-химия, биология;
-медицина, психология, экология
-информатика, робототехника, STEM инжинерия
-технология және өнер.
Байқауға аудан, қала бойынша барлығы 194 оқушы (158 жоба) қатысып, өз жобаларын қорғауда.
13/12/2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (тестілеу) кезеңі
Бүгін Ақтау қаласының №11 лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (тестілеу) кезеңі өтуде. Тестілеу бейіндік пәндер бойынша бір уақытта 4 лек (поток) бойынша өткізіледі (13 желтоқсан 1,2 лек-жаратылыстану-математикалық бағыты, 14 желтоқсан 3,4 лек-қоғамдық-гумманитарлық бағыты).
Тестілеуге бірінші кезең бойынша жеңімпаз болған 107 оқушы қатысуда. Шектік балл жинаған оқушылар жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша жұмыстары антиплагиатқа тексеруге және ғылыми сараптамаға жіберіледі.
Конкурстың тестілеу кезеңінің өту барысындағы ашықтығы мен академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін «Адалдық алаңы» өкілі және қамқоршылық кеңес мүшесі қатысып, ереже талаптарына сәйкес жүргізілуін қадағалауда. Сондай-ақ, youtube каналда тікелей бейнебақылау жүргізілуде:
https://youtu.be/NMivio6nqSk
https://youtu.be/EQSGRzN4QUE
12/12/2022
Маңғыстаулық оқушымыз IJSO халықаралық олимпиадасында қола
медальға ие болды!👏👏👏
🔸2022 жылдың 2-12 желтоқсан аралығында Богата қаласында (Колумбия) офлайн режимде өткен физика, биология және химия бойынша Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы (International Junior Science Olympiad – IJSO) қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Молдағұл Әділжан қола медаль мен III дәрежелі дипломның иегері атанды.
Бұл 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған жыл сайынғы жеке және командалық жаратылыстану жарысы.
🔶Жарысқа әлемнің 60 елінен келген оқушылар командалары қатысты. Қазақстан құрама командасының құрамына еліміздің үздік 6 оқушысы бақ сынады.
💫Әділжанды лайықты марапатымен құттықтаймыз!
02/12/2022
2022 жылы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлық облыстан және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 191 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Аталған олимпиадаға Маңғыстау облысы атынан республикалық кезеңге өткен 8 оқушы қатысып, нәтижесінде Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Сағыныш Қарақат оза шауып, жүлделі 3-орын және қола медаль иегері атанды.
Оқушы мен жетекшіні жеңістерімен құттықтаймыз.