gauhartas_kindergarden

gauhartas_kindergarden

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from gauhartas_kindergarden, Day Care, Шыгыс1, Aktau.

06/05/2026

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында балабақшамызда ерекше, көңілді әрі әсерлі «Әкелер сайысы» өтті 🇰🇿✨

Балаларымыздың ең үлкен тірегі — әкелеріміз бүгін ептілік, жылдамдық және тапқырлықтарын көрсетіп, барынша белсенді қатысты. Әр кезең қызыққа толы болып, қатысушылар өздерінің мықтылығын ғана емес, балаға деген махаббатын да дәлелдеді 💙

Кішкентайлар әкелеріне жанкүйер болып, қуаныш пен мақтанышқа бөленді. Осындай сәттер — отбасы мен балабақша арасындағы байланысты одан әрі нығайта түседі 🤍

Барлық қатысқан әкелерге алғысымыз шексіз! Сіздер — нағыз батырсыздар! 💪🇰🇿

Photos from gauhartas_kindergarden's post 02/05/2026

🌍 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекеде әр ұлт өз мәдениеті мен құндылықтарын таныстырды 🇰🇿

Бүгінгі көрмеде әр ұлттың ұлттық киімдері, дәстүрлері, тағамдары мен ерекшеліктері көрсетіліп, балалар өз өнерлерін ортаға салды. Бұл көрме арқылы бүлдіршіндер достықтың, сыйластықтың және бірліктің маңызын тереңірек түсінді. ✨

Әртүрлі мәдениет – бір шаңырақ астында бірігіп, татулық пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! 💐

#1Мамыр #БірлікКүні #ҰлттарДостығы #БалабақшаӨмірі #мәденикөрме

02/05/2026

🌸 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті! 🇰🇿

Бүгін біздің бүлдіршіндер достық пен татулықтың маңызын көрсетіп, түрлі ұлттың өнерін паш етті. Әсем әндер айтылып, көңілді билер биленіп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. 🎉

Балаларымыз бірлік пен ынтымақтың қадірін түсініп, достықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осындай жарқын мерекеде барлық ата-аналарға және бүлдіршіндерімізге көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! 💐

#1Мамыр #БірлікКүні #БалабақшаӨмірі #МерекелікЕртеңгілік #БалаларБақыты

17/04/2026

😂😂😂😂

13/04/2026

“Тәртіп және тазалық” апталығы аясында “Жұлдыз” тобы балабақша ауласының тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына белсене қатысты 🌿✨
Тәрбиеленушілер тәрбиешілермен бірге ағаш түптерін әктеп, биседкаларды сыпырып, жуып, айналаны ретке келтірді 🧹🌳

Осындай еңбектің арқасында ауламыз таза, көрікті әрі жайлы күйге енді 🤍
Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу — біздің басты мақсатымыз 🌸💫

07/04/2026

Әр группа осы балалар болады😂❤️♾️

03/04/2026

Қарамай отырамыз деп шештік😂

31/03/2026
Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Шыгыс1
Aktau