science_research_yu

science_research_yu

Share

Управление науки и исследований
Yessenov university

Photos from science_research_yu's post 16/11/2022

Yessenov University Әлемдік үздік компаниялардың бірі «SafBon Water Service (Holding) Inc» компаниясының қазақстандағы басқарушы директоры Ердос Спандиярмен келіссөз жүргізілді. Кездесу барысында су тұщыту бойынша білім беру бағдарламасын жасақтау, кадр дайындау және бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау мәселелері талқыланды.
«SafBon Water Service (Holding) Inc» компаниясы Қытайдың Шанхай қаласында орналасқан өндірістік ағын суларды, қалдық сулар мен қатты қалдықтарды қайта өңдеумен және газ ағыны қозғалысын реттеумен айналысады. АҚШ, Швейцария, Германия мен Австрия елдерінде филиалдары бар, соңғы жиырма жыл ішінде 500-ден аса су өңдеуге қатысты ірі жобаларды жүзеге асырған.
Болашақта бірге ынтымақтастық байланыстар орнатуға меморандум жасалуда.

Photos from science_research_yu's post 16/11/2022

Университетіміздің зерттеу және даму жөніндегі вице-президенті А.А. Сейдалиев және «Жасыл технологиялар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Н.Н. Ізтелеу 2022 жылғы 13-15 қыркүйекте Алматы қаласында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) бастамасымен өткен таза энергетика жөніндегі Орталық Азия форумына қатысты.
Форумда энергетикалық жүйелерінен көмірқышқыл газының шығарылуын төмендету, электр энергиясы саудасы кезіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелері, климаттық міндеттемелерді орындау бойынша Орталық Азия елдерінің бастамалары және энергетикалық ауысуды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Форумның спикерлері Орталық Азия елдерінің энергетика вице-министрлері және АҚШ, Дүниежүзілік банк және USAID энергетика саласындағы халықаралық сарапшылар болды.
Іс-шараға әр елден энергетика саласындағы басым қажеттіліктерді талқылау, өңірлік ынтымақтастық пен диалогқа жәрдемдесу, ақпарат, тәжірибе және ресурстар алмасу үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ өңірге жеке сектордың инвестицияларын ынталандыру үшін энергетикалық сектордың мүдделі тараптарының 200-ге жуық өкілдері қатысты. Форумға Орталық Азия елдерінің энергетика министрліктерінен және АҚШ үкіметінен жоғары деңгейдегі өкілдер, USAID ресми өкілдері, АҚШ және Орталық Азия энергетикалық компанияларының топ-менеджерлері, өңірлік үкіметтік мекемелер, инвесторлар мен жеке сектор өкілдері, БАҚ, коммерциялық емес ұйымдар мен академиялық қоғамдастық, халықаралық қаржы мекемелері мен даму институттары, сондай-ақ басқа да әріптестер шақырылды.
Форумда климаттың өзгеруі саласындағы негізгі бастамаларға, энергетикаға көшуді қолдау үшін инновацияларға, технологиялар мен қаржыға, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік нарықтық ынтымақтастық пен электр энергиясы саудасының мүмкіндіктері мен проблемаларына басты назар аударылды.

13-15 сентября 2022 года в Алматы, под эгидой Агентства США по международному развитию (USAID), прошел Центрально-Азиатский форум по чистой энергетике, в котором приняли участие Сейдалиев А.А., вице-президент по исследованию и развитию и Изтелеу Н.Н., директор центра «зеленых» технологий.
На форуме обсуждались вопросы снижения выбросов углекислого газа из своих энергетических систем, проблемы регионально

Photos from science_research_yu's post 16/11/2022

«SMALL GRANTS PROJECTS» гранттық жобаларын жүзеге асыру мақсатындағы зерттеу кеңесінің арнайы отырысында «Қазақстанның үздік өлкетанушысы», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Құлбаев Нұрлан Абызұлы университет қабырғасында ізденісінің жаңа бағыты – «Маңғыстау мен Үстірт аумағындағы рельеф таңбалардың тарихи мәнін зерттеу» тақырыбында университетішілік грантқа ие болды.
Белгілі тарихшылар мен археологтардан жасақталған зерттеу тобы қыркүйек айынан бастап Маңғыстау мен Үстірттегі рельеф таңбалардың тарихи мәні мен әлеуметтік маңызын анықтау, өлке брендіне айналған символдық белгілерге сипаттама беру, әсіресе, «Үстірт жебелері» үлгісіндегі арандарға арнайы саяхаттар ұйымдастыру, тарихи нысандар бойынша фотофиксация материалдары, ғылыми анықтамаларын дайындау сияқты жүйелі зерттеулер жүргізу мақсатында іссапарлар мен экспедицияларды бастап кетті.

Photos from science_research_yu's post 16/11/2022

Есенов университетінің Ғылым және даму жөніндегі вице-президенті А. Сейдалиев бастаған ғалымдары “КазАзот” АҚ бас технологы Салаватов Фархад Рахматович бастаған мамандарымен бірге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар жүргізу бойынша келіссөздер жүргізіп, өндірістік жұмыс процесімен, ҒЗТКЖ бойынша зерттеу жүргізілетін жұмыс бағдарламаларымен таныстық. Өндірістегі шешімін таппай тұрған біраз мәселелерді университетіміздің ғалымдарымен бірлесе шешуге дайынбыз! #казазот

16/11/2022

Международный стандартный номер книги состоит из аббревиатуры ISBN, тринадцати арабских цифр (от нуля до девяти), отделяемых друг от друга дефисом.
Номер ISBN применяется в качестве единой идентификационной системы для всех видов и форм книжных изданий и их переизданий во всем мире.
Каждому книжному изданию присваивается индивидуальный ISBN. Один и те же книжные издания, выпущенные на разных языках и в разных формах (твердый, мягкий переплет, шрифт Брайля, малые формы печатного издания, программное обеспечение, аудиокнига, видео и электронные издания онлайн), должны иметь разные ISBN.
Месторасположение ISBN в изданиях
Номер ISBN должен указываться в одном и том же месте издания и включаться в выходные сведения каждого отдельного издания.
В книжных изданиях ISBN печатается на обороте титульного листа издания или в нижнем углу титульного листа, или перед ссылкой на авторское право. При необходимости, ISBN допускается распологать в нижнем углу на обложке издания или на последнем листе обложки издания, если ISBN представлен в форме штрихового кода. Штриховой код ISBN должен быть представлен на издании в форме, пригодной для автоматического считывания.
В электронных изданиях ISBN приводят на странице или на экране, который является аналогом титульной страницы или ее эквивалента (начальная страница загрузки на экран, где есть отметка об авторском праве). 📌📌📌

16/11/2022

Пайдалы модельге құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады. Пайдалы модельге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Пайдалы модельге патенттерді беру туралы өтінімдердің сараптамасын сараптама жасау ұйымы болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді. Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айырықша құқықты куәландырады. Пайдалы модельге патент өтінім берілген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
______________________________________________

Право на полезную модель охраняются патентом, который выдается по результатом экспертизы, проводимой в соответствии с Патентным законом Республики Казахстан. Патент на полезную модель выдается по результатам экспертизы заявки на выдачу патента на полезную модель. Экспертизу заявок на выдачу патентов на полезную модель проводит экспертная организация - Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный институт интеллектуальной собственности» Министерства юстиции Республики Казахстан. Патент удостоверяет приоритет, авторство и исключительное право на объект промышленной собственности. Патент на полезную модель действует в течение пяти лет с даты подачи заявки. Срок его действия может быть продлен по ходатайству патентообладателя, но не более чем на три года.
По всем вопросам о получении «Патента на полезную модель» обращаться в Отдел науки и предпринимательства, кабинет 12-04, телефон для справок: +7 (7292)42-02-29✍️✍️✍️

16/11/2022

Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық және сабақтас құқығы авторлардың өнер туындыларын, қойылымдары, орындаушылықты, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. 👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓👩‍🎓👨‍🎓 Авторское право - личные неимущественные и имущественные право автора. Авторское право и смежные права защищают права авторов, художников, музыкантов, исполнителей, вещательных компаний и иных создателей на свои литературные или художественные работы и произведения. Авторское право распространяется как на обнародованные (опубликованные, выпущенные в свет, изданные, публично исполненные, публично показанные), так и на необнародованные произведения, существующие в какой-либо объективной форме.
По всем вопросам о получении "Авторского свидетельства" обращаться в Отдел науки и предпринимательства, кабинет 12-04, телефон для справок: +7(7292)42-02-29✍️✍️✍️

16/11/2022

Журнал как часть казахстанской научно-информационной системы участвует в решении следующих задач:
- отражение основных результатов научно-исследовательской и научно-практической деятельности специальности в научных областях, предусмотренных тематикой журнала; - пропаганда основных достижений, развиваемых в университете в области науки; - усиление взаимодействия университета с другими образовательными и научно-исследовательскими учреждениями Республики Казахстан и других стран, государственными органами и ведомствами по научному направлению; - отражение и распространение результатов научно-исследовательской деятельности;
- формирование открытой научной полемики, способствующей повышению качества научных исследований; - способствование оперативному опубликованию результатов научных исследований молодых ученых, докторантов, магистрантов.
По всем вопросам о публикации в Журнале обращаться в Отдел науки и предпринимательства, кабинет 12-04, телефон для справок: +7(7292)42-02-29, сайт: http://yu.edu.kz/✍️✍️✍️

16/11/2022

2002 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде жылына екі рет «Вестник КГУТИ им. Ш.Есенова» журналы шығарылады.
Журнал - Есенов атындағы университеттің ресми баспасөз басылымы. Журналда ISSN 1684-9299 тіркеу нөмірі бойынша 10.03.2009 ж. (№ 2564-F, 26.12.2001ж. Бастапқы тіркеу нөмірі және күні) мемлекеттік тіркеу нөмірі 9935-F куәлігі бар және Париждегі ISSN халықаралық орталығында тіркелген. Жазылым индексі - 76061.
Журналды халықаралық көрнекілендіру мақсатында «Yessenov Science Journal» болып өзгертілді, ол № 17181-Г мерзімді басылымын тіркеу туралы куәлікпен расталады.
Журналдың негізгі мақсаты - ғылыми саладағы мамандардың ғылыми қызметін және университеттің қызметі туралы ақпаратпен алмасу арқылы ғылыми зерттеулерді дамытуға жәрдемдесу.
Журналдағы мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Журнал жылына 2 шығарылым жиілігімен (6 айда 1 рет) басып шығарылады. Мақалалар материалдары редакциялық алқаға қабылданғандықтан тіркеу журналында қатаң түрде тіркеледі.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


32 мкр
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 17:00