21/02/2023
КШД1 г.Аксая
"Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"
"?
21/02/2023
07/01/2023
Мектебімізде 29.12.2022 ж сынып жетекшілермен "Сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысының сапасын арттыру" тақырыбында ерекше форматта "Pizza party" ұйымдастырылды.
Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Наршиева сынып жетекшілердің ата-аналар мен оқушыларды ұйымдастырып, “Креативті шырша” жасауына септігін тигізгені үшін Дипломдармен марапаттаумен бастады.
Әрі қарай, ДТІЖ орынбасары С.В. Сарсенова түрлі шырша бейнелерімен сынып жетекшілерді 5 топқа бөлді.
Топқа бөлінген сынып жетекшілері өздерінің І жартыжылдықта жеткен жетістіктері мен келер 2023 жылға ұсыныстарын жазып ұсынды.
Шараны “Құпия досыма сыйлық” сыйлаумен жалғастырды. Шара соңында сынып жетекшілерден кері байланыс алынып, жағымды атмосферада "Pizza party" - мен жалғастырып, мектебіміздің музыка пәні мұғалімі С.О.Дңғалиева керемет әнімен сынып жетекшілердің көңілін көтеріп, отырысты қорытындылады.
07/01/2023
2023 жылдың 6 қаңтар күні мектебіміздің педагог- психолог А. Лепесованың ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес мұғалімдерге педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу бойынша "Эмоциялық шаршау – ретке келтіру" тренингі өтті.
Мақсаты: Педагогикалық ұжымды біріктіру және психоэмоционалды күйзелісті жою арқылы эмоционалды күйіп қалу синдромының алдын алу.
Қатысқан саны: 14
#Балаларжылы
#Годдетей
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
06/01/2023
Мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандарының бірі, 8 «ә» сынып оқушысы Қобдабаева Дарияның мектептен тыс бос уақытында салған өзінің оқыған кітаптарынан қызығушылық танытқан бейнелерінің суреттері. Көркем әдебиет, қоғамдық шығармаларды тек оқып қана қоймай, санасында бейнелеп, оны қағазға түсіру де шеберлік. Дарияның бұл жұмыстарына қарап, мектептен тыс уақытын да кітаппен тығыз байланысты өткізетіндігін байқауға болады. Ары қарай да көркем шығармалар оқуды жалғастырып, ондағы ойға түйген кейіпкерлерін бейнелеуге деген қызығушылығының арта түсуін тілейміз!
#Балаларжылы
#Годдетей
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
05/01/2023
АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ ВАКАНТТЫҚ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
05/01/2023
Департамент полиции Западно-Казахстанской области объявляет о наборе кандидатов в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан на 2023/2024 учебные годы.
Приглашаем юношей и девушек, имеющие общее среднее, средне-техническое или профессиональное специальное образование, достигшие шестнадцатилетнего возраста, отвечающие требованиям, предъявляемым к сотрудникам органов внутренних дел, годные по состоянию здоровья к военной службе и учебе. Рост для юношей – не менее 170 см., для девушек – не менее 160 см.
К организациям образования МВД Республики Казахстан относятся: Карагандинская, Алматинская и Костанайская академии со сроком обучения 4 года.
Выпускники получают специальность «правоохранительная деятельность» по следующим специализациям:
Карагандинская академия МВД РК:
- досудебное расследование в ОВД;
- оперативно-криминалистическая деятельность ОВД.
Алматинская академия МВД РК:
- оперативно-розыскная деятельность ОВД;
- информационные системы;
- радиотехника, электроника и телекоммуникация.
Костанайская академия МВД РК:
- административно-правовая деятельность ОВД.
Профилирующими предметами для поступления в учебное заведение МВД можно выбрать два профильных предмета в любой вариации (кроме творческого экзамена). Для участия в конкурсе на поступление в высшие учебные заведения МВД необходимо набрать не менее 50 баллов по ЕНТ или КТА, в том числе не менее 5 баллов по каждому предмету.
После поступления на учебу - обучение, питание, обмундирование, проживание в благоустроенном общежитии, получение стипендии, бесплатное медицинское обслуживание и проезд курсантов производится полностью за счет государства (бесплатно).
По завершению обучения выпускникам выдается диплом
с присвоением квалификации «Бакалавр правоохранительной деятельности» и приказом Министра внутренних дел присвается специальное звание «лейтенант полиции».
БҚО Полиция департаменті
Департамент полиции ЗКО
#полициядпзко
#полициябқопд
#БҚОПолицияДепартаменті
#ДепартаментПолицииЗКО
#полициякз
#полицияорал
#полицияуральск
#ҚРІІМ
31/12/2022
БӨРЛІ АУДАНЫНДА БАЛАЛАР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз үндеуінде 2022 жылды — Балалар жылы деп жариялаған болатын. Осы ретте балаларға ерекше көңіл бөлініп, ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Атаулы жыл аясында аудан мектептерінде жоспарлы іс-шаралар өткізіліп, 9531 бала қамтылды. Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында тәрбиелік бағыттағы 3000-нан астам шара ұйымдастырылды. Жыл бойы облыстық, аудандық олимпиадаға 3000-нан астам оқушы қатысты. Сондай-ақ, қосымша білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 4800 бала мәдени және спорттық үйірмелермен қамтылды.
Бөрлі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жыл-Балалар жылын қорытындылау мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі-2022» марапаттау шарасы оздырылды. Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев, білім беру саласы ардагерлер ұйымының төрағасы, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Роза Ахметова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтығали Макеев, спорт ардагері Жоламан Қазбаев, білім беру бөлімінің басшысы Айымгул Тржанова және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев қатысты. Жыл бойы өз білімімен, өнерімен және белсенділігімен көзге түскен үздік оқушылар әртүрлі аталымдар бойынша марапатталды. Барлық оқушыларға аудан әкімі атынан диплом және арнайы статуэтка табысталды. Бөрлі аудандық білім беру бөлімі бойынша 27 номинацияда 42 оқушы марапатталды.
#Балаларжылы
#Годдетей
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
29/12/2022
2022 жыл 28 желтоқсан күні «Күмістей жарқыраған шырша» тақырыбында Кәсіподақ ұйымы мектеп қызметкерлерінің балаларына жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Шарада балалар шырша айналып ән айтып, ойындар ойнады.
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесін сезіндіру арқылы көңіл – күй сыйлау. Қатысқаны: 20 бала
#Балаларжылы
#Годдетей
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
29/12/2022
2022 жылдың 28 желтоқсан күні мектеп директоры
Ж.М. Жаксыгалиева мен әлеуметтік педагогтар А.Е.Максутова, А.А.Жадриева үйден оқитын
4 оқушыға арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, тәтті сыйлықтар беріп жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
#Балаларжылы
#Годдетей
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Aksay