22/06/2026
✨ Ұстаздар мерейі — мектептің мерейі! Біздің педагогтарымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! 🎉🏆
«iQLab» республикалық эвристикалық онлайн-олимпиадасында музыкалық және көркем-эстетикалық бағыт бойынша бақ сынаған білікті де шығармашыл ұстаздарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді! 🌟👩🏫✨
🏅 Біздің мақтаныштарымыз:
🥈 Жайкбаева Румия Иратовна — II дәрежелі ДИПЛОМ иегері! 🥳👏
🥈 Калашникова Людмила Николаевна — II дәрежелі ДИПЛОМ және СЕРТИФИКАТ иегері! 🌺🎉
🥉 Гаппазова Ирина Ароновна — III дәрежелі ДИПЛОМ және СЕРТИФИКАТ иегері! 🌸🎊
Құрметті ұстаздар! Өз кәсіби шеберліктеріңізді дәлелдеп, білім мен өнер бәйгесінде топ жарған жеңістеріңіз құтты болсын! 😍🙌
Сіздерге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беруді тілейміз! Өркендеріңіз өсе берсін! 🚀🎶💐
#ҰстаздарМәртебесі #ПедагогтарМерейі #ОлимпиадаЖеңімпаздары #Құттықтаймыз Ұстаз Жетістігі ✨
18/06/2026
2026 жылғы 22 мамырда Балалар өнер мектебінде «Компьютерлік графика және дизайн» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты оқытушы Туртбаева Анар Аубакаровна жүргізді. 4-сынып оқушылары «Итоговый проект. Самостоятельное анимирование и раскадровка персонажей» тақырыбында өздерінің қорытынды жобаларын таныстырды.
Сабақ барысында оқушылар өздерін нағыз аниматор ретінде сынап көрді: раскадровка жасап, кейіпкерлердің іс-әрекет ретін жоспарлап, қарапайым анимацияларды өз бетінше құрастырды. Өз жұмыстарында олар цифрлық сурет салу дағдыларын, қабаттармен жұмыс істеу және кадрларды баптау мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кейіпкерлерге жан бітірді.
Ашық сабақ оқушылардың шығармашылық ойлауын, қиялын және дербестігін дамытуға зор мүмкіндік берді. Әрбір жоба ерекше шықты, ал жас дизайнерлер мен аниматорлар өздерінің алған білімдері мен дағдыларын сәтті көрсете білді.
Оқушыларға белсенділігі, шығармашылыққа деген қызығушылығы және тамаша нәтижелері үшін алғыс білдіремін!
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Білім Басқармасы
Бөрлі Білім Беру Бөлімі
Тржанова Айымгүл
Edil Ospan
Meruert Medetbekova
Хусаинова Салтанат
17/06/2026
🎨✨ Біздің мектебімізде көркемөнер бөлімінің педагогі, педагог-сарапшы Джакупова Шынар Ғайсеевнаның 4 «А» сыныбында «Живопись» пәнінен «Длительный этюд тематического натюрморта из разнохарактерных предметов национального обихода, контрастных по цвету, различных по материалу, с введением фигуры человека в национальной одежде» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын және бейнелеу шеберлігін көрсете білді. Сабақ барысында ұлттық тұрмыстық бұйымдардың ерекшеліктері, түстік үйлесімі мен композициялық шешімдері жан-жақты қарастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізді. 👏✨ Шынар Ғайсеевнаға шығармашылық табыс, шәкірттеріне жаңа жетістіктер тілейміз! 🌷🎨
17/06/2026
🎉 СҮЙІНШІ! БІЗДІҢ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЕҢІСІ! 🏆✨
Біздің мектебіміз үшін өте қуанышты күн! 🥳 Музыкалық бөлімінің білікті де дарынды ұстазы Хайрулиева Сәуле Айтенбетовна республикалық деңгейде биіктен көрініп, мектебіміздің мәртебесін асқақтатты! 🌟🎶
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауында Сәуле Айтенбетовна өзінің кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде дәлелдеп шықты! 🔝💼
Үздіктер бақ сынасқан доданың нәтижесі бойынша:
🥇 «Үздік әдістемелік ұсынымдар» номинациясының жүлдегері атанды! 👏
🏆 Ерекше еңбегі үшін ІІІ Дәрежелі Дипломмен және арнайы сертификатпен марапатталды! 🎖️✨
Ұстаз — ұлық ат. Өз ісінің нағыз маманы, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп қана қоймай, әдістемелік ізденіс жолында да тоқтаусыз еңбек етіп жүрген Сәуле Айтенбетовнаны шын жүректен құттықтаймыз! ❤️💐
Сізге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және өнерлі шәкірттеріңіздің көп болуын тілейміз! Тек қана алға!