Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Share

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства просвещения Республики Казахстан – предприятия осуществляющее руководство в сфере образования по вопросам выявления и поддержки одаренных детей и талантливой молодежи Казахстана.

Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства опросвещения Республики Казахстан создан в соответствии с Распоряжением Президента Республики

Photos from ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК's post 25/05/2026
25/05/2026

2025-2026 оқу жылы өз мәресіне жетті. Барша ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

🔔🔔🔔

2025-2026 учебный год подошел к своему завершению. Поздравляем всех педагогов и учащихся с окончанием учебного года!

24/05/2026

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында білім саласына қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Атап айтқанда, кадрлық мәселелер, бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі, педагогтердің біліктілік санаттары және еңбек құқықтарының сақталуына қатысты сауалдар көтерілді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі, ауыл мектептерінің жағдайы мен балалар лагерьлерінің жұмысы талқыланды.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер министрдің бақылауына алынды.

Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді

Еске салайық, министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдайды. Қоғамдық қабылдау Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберісіндегі Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында тұрақты негізде өткізіледі.

24/05/2026

👨🏻‍🎓Атырау облысынан келген оқушы Арсен Сәрсенбай да олимпиададан алған әсерімен бөлісті. Биыл ол грамота иеленгенімен, мұны жеңіліс емес, үлкен тәжірибе деп қабылдайтынын айтты.

👏Жас қатысушы республикалық додаға қатысудың өзі үлкен мүмкіндік болғанын атап өтіп, жүлдегер атанған оқушыларды құттықтады.

– Әрине, медаль алғым келді. Бірақ бұл жолы грамота бұйырды. Соған қарамастан, еш мойымаймын. Себебі өмір тек жеңістен тұрмайды. Кейде осындай сынақтар адамды шыңдай түседі. Бұл олимпиада маған үлкен тәжірибе берді. Ең бастысы – алға ұмтылуды тоқтатпау. Сонымен қатар Атырау облысы құрамасының Гран-приді жеңіп алғанына қатты қуандым. Сол команданың құрамында болып, өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын,- деді Арсен.

🫂Арсеннің сөзі жасөспірімге тән шынайылықпен қатар, табандылық пен жігерді де аңғартты. Жеңіске жетпесе де, жігерін жани түскен жас дарын келер жылы биік белестерді бағындыруға ниетті.

🎤🎤🎤

👨🏻‍🎓Своими впечатлениями от олимпиады поделился и участник из Атырауской области Арсен Сарсенбай. В этом году школьник был награжден грамотой, однако признался, что воспринимает это не как поражение, а как ценный опыт.

💬 По словам Арсена, участие в республиканской олимпиаде уже стало для него важным достижением. Он поздравил победителей и отметил, что любые испытания помогают человеку становиться сильнее.

– Конечно, мне хотелось завоевать медаль. Но в этот раз я получил грамоту. Несмотря на это, я не расстраиваюсь. Думаю, жизнь состоит не только из побед. Иногда именно такие моменты закаляют характер и дают мотивацию двигаться дальше. Эта олимпиада подарила мне большой опыт. Самое главное – не сдаваться и продолжать идти вперед. Кроме того, я очень рад, что команда Атырауской области завоевала Гран-при. Для меня большая гордость быть частью этой команды и внести свой вклад в общий успех, - сказал Арсен.

📈Искренние слова школьника стали еще одним подтверждением того, что настоящая победа заключается не только в медалях, но и в стремлении к знаниям, упорстве и умении не опускать руки после трудностей.

24/05/2026

📚Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиадада Қызылорда қаласынан келген Бегімсұлу Марат жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Жас дарынның бұл жетістігі табанды еңбек пен мақсатқа деген ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды.

👩🏻‍🎓Республикалық олимпиададан кейін жеңімпаз өз әсерімен бөлісіп, қатарластарына ақжарма тілегін жеткізді.

– Мен Қызылорда қаласынан келіп отырмын. Республикалық олимпиадада І орын алдым. Осы жетістікке жету үшін көп дайындалдым, көп еңбектендім. Барлық оқушыларға айтарым – өздеріңізге сеніп, бақтарыңызды сынаудан қорықпаңыздар. Еңбек еткен адам міндетті түрде нәтижеге жетеді, - деді Бегімсұлу.

🎉Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Білім биігінде бағындырар белестеріңіз көп болсын!

🎤🎤🎤

📚В Астане завершилась республиканская олимпиада среди учащихся 7-8 классов по общеобразовательным предметам. В интеллектуальном состязании приняли участие одарённые школьники со всех регионов страны, продемонстрировав высокий уровень подготовки и стремление к знаниям.

👩🏻‍🎓По итогам олимпиады ученица из Кызылорды Бегімсұлу Марат показала высокий результат и завоевала I место. Юная победительница поделилась впечатлениями после завершения республиканского этапа.

– Я приехала из города Кызылорда. На республиканской олимпиаде заняла первое место. Для этого я много готовилась и упорно трудилась. Хочу пожелать всем школьникам верить в себя, не бояться пробовать свои силы и всегда идти к своей цели, - сказала Бегімсұлу.

⛓️‍💥Отметим, что республиканская олимпиада ежегодно объединяет талантливых школьников со всей страны и способствует развитию интеллектуального потенциала подрастающего поколения.

24/05/2026

🏅Астанада 7-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 547 дарынды оқушы білім бәйгесінде бақ сынап, үздіктер анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін жеңімпаздарды құттықтап, олардың әсері мен жетістікке жету жолындағы ойларын тыңдадық.

👩🏻‍🎓Атырау облысының намысын қорғаған жас тарихшы Музафар Айзере республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді. Дарынды оқушы білім додасынан алған әсерімен бөлісіп, жеңіске жету жолындағы қолдауды ерекше атап өтті.

– Мен Атырау облысынан 8-сынып бойынша тарих пәнінен қатыстым. Бұл олимпиада маған өте ұнады. Осы додаға екінші рет келіп отырмын. Биыл бағым жанып, І орын алдым. Осындай жетістікке жетуіме қолдау білдірген ата-анама және ұстаздарыма шынайы алғысымды айтамын, - деді Айзере.

🏆Биылғы республикалық олимпиада Атырау облысының құрамасы үшін де табысты болды. Өңірден келген оқушылар командалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, Гран-приді жеңіп алды.

– Атырау облысының командасы Гран-приді иеленді. Қоржынымызда 4 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль бар. Олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған азаматтарға алғыс айтамын. Қуанышымыз ерекше, - деді жеңімпаз.

24/05/2026
23/05/2026

Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен өткен ресми іс-шаралар аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова екі ел арасындағы білім саласындағы жаңа бірлескен жобалар туралы пікір білдірді.

Түркияның Нұрдағы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. Сонымен қатар, Қазақстанда «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу жөніндегі меморандумға қол қойылып, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен үздік білім беру тәжірибелерімен алмасу көзделуде.

Want your school to be the top-listed School/college in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


проспект Мангилик Ел 8/2, офис 1405
Akmola
Z05K5K8

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30