Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Share

Білім алудың төте жолының бірі – көпке түсінікті жазылған білім кітаптары. (с) Халел Досмұхамедұлы

Photos from Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы's post 31/05/2026

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болуы мен жарақат алу жағдайларының жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.

Жаз мезгілінде балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Олар көшеде, аулада, спорт және ойын алаңдарында болады, велосипед, самокат тебеді, демалыс орындарына барады, саяхаттайды.
Сондықтан дәл осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Осыған байланысты Ұлттық комиссия ата-аналарды, жүргізушілерді және барша азаматтарды алдағы жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңызбен жолда, аулада, су айдындары маңында және табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау қағидалары туралы сөйлесіңіздер. Бұл ережелерді үнемі естеріне салып отырыңыздар.

Балаларға жолда аса мұқият болу қажеттігін түсіндіріңіздер. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту қажет. Ал өткелден өтпес бұрын міндетті түрде велосипедтен немесе самокаттан түсу керек.
Велосипед, самокат немесе ролик тепкен кезде балалардың қорғаныш құралдарын пайдалануын қамтамасыз етіңіздер.

Үйдегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударыңыздар. Терезелерді қорғаныш құрылғыларынсыз ашық қалдырмаңыздар, баланың құлап кетуіне әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіздер, сондай-ақ қауіпті заттар мен химиялық заттардың қауіпсіз орындарда сақталуын қамтамасыз етіңіздер.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қай жерде жүргенін бақылауда ұстағандарыңыз абзал. Әсіресе, кешкі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз сыртта жүруіне жол бермеңіздер.

Осы қарапайым ережелер баланың ең қымбат байлығы - өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Құрметті жүргізушілер!
Көпшілігіңіз – ата-анасыздар, аға-әпкесіздер. Көлік тізгініне әр отырған сайын осыны есте сақтаңыздар.

Жолда, әсіресе тұрғын үйлердің маңында, аулаларда, саябақтар мен балалар алаңдарының жанында аса мұқият болыңыздар.

Жылдамдық режимін сақтаңыздар, жаяу жүргіншілер өткелі мен аулаға жақындағанда жылдамдықты төмендетіңіздер.
Көлік жүргізу кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудан бас тартыңыздар.

Бала көлікті байқамай қалуы мүмкін. Ал жүргізуші баланы міндетті түрде байқауға тиіс. Балалардың өмірі Сіздің бір сәт назар аударуыңызға байланысты болуы мүмкін.

Құрметті қазақстандықтар!

Балалардың өмірі мен денсаулығы - отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ жауапкершілігі.
Ешқандай алдын алу шаралары ересектердің қырағылығы, жеке өнегесі мен балаларға деген жанашырлығын алмастыра алмайды.
Балаларымыздың жазғы демалысы қауіпсіз өтуі үшін баршамыз бірлесіп күш салайық.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
#ҰлттықКомиссия

#НацКомиссия

26/05/2026

📚Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Талапкер ауылында оқу жылының аяқталуына арналған шарадағы құттықтау сөзі

25/05/2026

🔔 Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылуда

2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!

Түлектерге — жарқын болашақ, биік мақсат пен сәтті қадам,
ал оқушыларға — көтеріңкі көңіл күй мен қауіпсіз жазғы демалыс тілейміз! ✨

🔔 Сегодня во всех школах нашей страны звучит последний звонок

Поздравляем всех школьников, педагогов и родителей с завершением 2025–2026 учебного года!

Желаем выпускникам — светлого будущего, больших возможностей и уверенного пути,
а всем ученикам — ярких каникул, отличного настроения и безопасного летнего отдыха! ✨

24/05/2026

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында білім саласына қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Атап айтқанда, кадрлық мәселелер, бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі, педагогтердің біліктілік санаттары және еңбек құқықтарының сақталуына қатысты сауалдар көтерілді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі, ауыл мектептерінің жағдайы мен балалар лагерьлерінің жұмысы талқыланды.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер министрдің бақылауына алынды.

Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді

Еске салайық, министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдайды. Қоғамдық қабылдау Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберісіндегі Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында тұрақты негізде өткізіледі.

23/05/2026

Қазақстан мен Түркия президенттерінің қатысуымен өткен ресми іс-шаралар аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова екі ел арасындағы білім саласындағы жаңа бірлескен жобалар туралы пікір білдірді.

Түркияның Нұрдағы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. Сонымен қатар, Қазақстанда «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу жөніндегі меморандумға қол қойылып, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен үздік білім беру тәжірибелерімен алмасу көзделуде.

Photos from Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы's post 22/05/2026

📍КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
ОБЪЯВЛЯЕТСЯ КОНКУРС

20/05/2026

✍️Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды

****

✍️Глава государства подписал Указ «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации»

t.me/aqorda_resmi

Photos from Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы's post 20/05/2026

✍️Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды

****

✍️Глава государства подписал Указ «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации»

t.me/aqorda_resmi

20/05/2026

📝 Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан-Түркия жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасында Қазақстан Республикасында «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандумға қол қойылды.

▫️ ▫️ ▫️

📝 По итогам двусторонних переговоров и шестого заседания Казахстанско-Турецкого совета стратегического сотрудничества высокого уровня подписан Меморандум о намерениях между Министерством просвещения Республики Казахстан и Министерством национального образования Турецкой Республики по открытию двух школ Турецкого фонда «Маариф» в Республике Казахстан.
_____________________

📱instagram📱facebook📱tiktok📱website

MNU и РГП на ПХВ «Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования» Министерства просвещения РК подписали м 19/05/2026

https://mind.mnu.kz/ru/news/maqsut-narikbayev-university-i-rgp-na-phv-respublikanskij-nauchno-prakticheskij-czentr-ekspertizy-soderzhaniya-obrazovaniya-ministerstva-prosveshheniya-rk/

MNU и РГП на ПХВ «Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования» Министерства просвещения РК подписали м Партнерство направлено на развитие экспертизы образовательных ресурсов, обеспечение соответствия специалистов в области учебниковеденияпотребностям рынка тру....

Want your school to be the top-listed School/college in Akmola?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Akmola

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30