12/06/2026
Қуанышты жаңалық!
Лицейіміздің 10 «А» сынып оқушысы Тлеубеков Мансур халықаралық IELTS емтиханынан жоғары нәтиже көрсетіп, 8.5 балл жинады! 👏
Бұл — табандылықтың, үздіксіз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жарқын көрінісі. Мансурдың жетістігі лицейіміздің ғана емес, барша ұстаздар мен ата-аналардың ортақ мақтанышы.
Мансурды осы керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ
BIL/KTL ALUMNI | OSKEMEN
SHANYRAQ OSKEMEN BILIM-INNOVATION
02/06/2026
Жыл үздіктері – 2026
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша лицейіміздің үздік оқушылары мен педагогтері анықталып, салтанатты түрде марапатталды.
🏆 «Үздік жыл мұғалімі – 2026» - тарих пәнінің мұғалімі Камбасова Мөлдір Мұратбекқызы
🏆 «Үздік олимпиада мұғалімі – 2026» - физика пәнінің мұғалімі Узунташ Ресул
🏆 «Үздік сынып жетекшісі – 2026» - физика пәнінің мұғалімі Қуанышбаев Бислан Ізбасарұлы
🏆«Үздік жоба жетекшісі – 2026» – физика пәнінің мұғалімі Рысбек Сандуғаш Ақылқызы.
Сондай-ақ, оқу жылының қорытындысы бойынша лицейіміздің үздік оқушылары да марапатталды.
🏆 «Үздік жыл оқушысы – 2026» - 11А сынып оқушысы Бекболатов Әлихан
🏆«Үздік олимпиада оқушысы – 2026» атағына:
• 11А сынып оқушысы Мұқашев Дарын;
• 11Б сынып оқушысы Козленко Алан;
• 11Б сынып оқушысы Дарынов Амир ие болды.
🏆 «Белсенді оқушы – 2026» - 11Б сынып оқушысы Марат Ахмед. Лицейдің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына үлес қосқан Ахмедке «Шаңырақ» оқушылар ұйымы тарапынан 150 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табанды еңбектеріңіз, білімге деген құштарлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз лицейіміздің мерейін үстем етіп келеді. Жаңа жетістіктер мен биік белестер сіздерді әрдайым жетелей берсін! Сіздер – лицейіміздің мақтанышысыздар!
oskemen
alumni
27/05/2026
🏆 БІЗ — ЕЛІМІЗДІҢ ТОП-4 ОЛИМПИАДАЛЫҚ МЕКТЕБІ ҚАТАРЫНДА!
2025–2026 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша жарияланған еліміздің үздік олимпиадалық мектептері рейтингінде Өскемен БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі 🇰🇿 ТОП-4 орынға ие болды!
✨ Бұл жетістік — оқушыларымыздың табанды еңбегі, ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігі және ортақ мақсат жолындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
📚 Биыл республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің 676 мектебінен 1636 оқушы қатысып, үздіктер анықталды. Осындай ауқымды білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсету — біз үшін үлкен мәртебе!
👏 Жеңімпаздарымызды, жүлдегерлерімізді, жетекші ұстаздарымызды және лицей ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра береміз!
edu.kz
alumni
oskemen
27/05/2026
🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!
📚 2026 жылдың 19–22 мамыры аралығында Астана қаласында 7–8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Өскемен БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінің оқушылары білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды! ✨
🥇 І дәрежелі диплом және алтын медаль иегерлері:
• Сиез Айсұлтан — 7-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы)
• Нығмет Нұрасыл — 7-сынып оқушысы (биология)
🥈 ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегері:
• Акилжанов Богдан — 8-сынып оқушысы (химия)
📜 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталғандар:
• Сериккалиев Арсен — 7-сынып оқушысы (физика)
• Қайсанов Фархад — 8-сынып оқушысы (физика)
• Сағындық Санжар — 7-сынып оқушысы (химия)
👏 Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің жетістіктеріңіз — лицейіміздің мақтанышы!
Алдағы білім додаларында да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
alumni
oskemen
27/05/2026
🥈 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ОЛИМПИАДАСЫНАН КҮМІС МЕДАЛЬ!
2026 жылғы 15–22 мамыр аралығында Ресей Федерациясының «Сириус» федералды аумағында өткен Open International Biology Olympiad (OIBO-2026) халықаралық ашық биология олимпиадасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті! 🇰🇿🧬
🌏 Әлемнің 17 елінен 100-ден астам жас биолог қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, 100% нәтиже көрсетті.
Біз үшін ерекше қуаныш — осы құраманың қатарында біздің лицейіміздің 11-сынып оқушысы Мұқашев Дарын өнер көрсетіп, 🥈 күміс медаль иеленді!
👏 Дарынды осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — табандылықтың, үздіксіз ізденістің және сапалы білімнің жемісі.
🧑🏻🔬 Олимпиада барысында қатысушылар молекулалық биология, генетика, биохимия және физиология бағыттары бойынша күрделі тапсырмалар орындап, зертханалық жұмыстар жүргізді.
✨ Дарынға алдағы білім додаларында да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
edu.kz
oskemen
alumni
26/05/2026
География пәнінен 7–8 сынып оқушылары арасында өткен «GEO STAR» ұлттық олимпиадасының республикалық кезеңінде лицейіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥈 Тоқтаубаев Әбілмансұр — ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегері;
🥉 Омартаев Асанәлі — ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль иегері атанды.
Оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығы мен ізденімпаздығы — үлкен жетістіктің айқын көрінісі. Жас географтарға толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!