12/06/2026
Өлең мен өнер тоғысқан ерекше кеш!
Кітапхана ауласындағы «Дәстүр HUB» шығармашылық кеңістігінде «Өлең болып өрілген әйел» атты поэзиялық кеш өтті.
Кеш барысында қаламыздың талантты ақын қыздары жүректен шыққан жырларын оқып, көрермендерді нәзік сезім мен сырлы ойдың әлеміне жетеледі. Әр өлеңнен әйелдің көркі мен келбеті, ананың мейірімі, қыздың нәзіктігі, әйелдің даналығы мен қайсарлығы айқын сезілді.
Ұлттық нақышқа толы киіз үйдің ерекше атмосферасы поэзияның әсерін арттырып, кешке жиналған қауымға ұмытылмас әсер сыйлады. Жыр сүйер қауым ақындардың шығармашылығына зор ықылас танытып, рухани кештен мол әсер алды.
Әйел болмысының сұлулығын жырмен өрнектеген бұл кеш қатысушылардың жүрегінен орын алып, поэзияның мәңгілік құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Барша ақындарға, қонақтарға және кештің өтуіне қолдау білдірген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Особенный вечер, где встретились поэзия и искусство!
В творческом пространстве «Дәстүр HUB», расположенном во дворе библиотеки, состоялся поэтический вечер «Өлең болып, өрілген әйел».
В ходе вечера талантливые поэтессы нашего города читали стихи, идущие от самого сердца, увлекая зрителей в мир тонких чувств и глубоких размышлений. В каждом произведении ярко ощущались красота и обаяние женщины, материнская забота, нежность девушки, мудрость и стойкость женской души.
Особая атмосфера юрты, наполненной национальным колоритом, усилила впечатление от поэзии и подарила собравшимся незабываемые эмоции. Любители поэзии с большим интересом слушали выступления поэтесс и получили глубокое духовное наслаждение от вечера.
Этот вечер, воспевающий красоту женской природы языком поэзии, оставил тёплый след в сердцах участников и ещё раз подтвердил вечную силу поэтического слова.
Выражаем искреннюю благодарность всем поэтессам, гостям и каждому, кто поддержал проведение этого замечательного вечера!
12/06/2026
Кітапхана жанындағы лагерь жас қонақтарды жылы қарсы алуды жалғастыруда. 11 маусым күні кітапханаға №40 мектептің, «Бриг» жеке бизнес-мектебінің, «ДиЗар Плюс» ЖШС-нің және «Парасат» білім беру орталығының оқушылары келді.
Күннің мазмұнды бағдарламасына кітапхана залдарына экскурсия жасау, «Көгалдағы оқу залы», библио-кафе, лингвистикалық алаң және «Дәстүр Hub» шығармашылық кеңістігіне бару кірді. Балалар әртүрлі ойындарға қатысып, «Мозаикалық» әдіс арқылы сурет құрастырып, мергендікке, ептілікке және командалық өзара әрекеттестікке арналған ойындарда бақ сынасты.
Психологпен бірге өткізілген «Шығармашылық шуағы» ойын терапиясы ерекше қызығушылық тудырды. Онда балалар әртүрлі пішіндер құрастырып, күннің суретін түрлі-түсті макарондармен безендіру арқылы қиялын, шығармашылық ойлауын және ұсақ моторикасын дамытты. Лагерь қатысушылары «Қалдықтардан басталған қиял әлемі» эко-акциясына да қатысты. Картон қораптардан жасалған дамытушы ойындар мен басқатырғыштар орналасқан ойын аймағы балалардың ерекше ықыласына бөленді.
Күн шығармашылыққа, жылы қарым-қатынасқа және танымдық демалысқа толы атмосферада өтті. Қатысушылар уақыттарын қызықты өткізіп қана қоймай, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жаңа әсерлер алып, білім мен дағдыларын жетілдірді.
Библиотечный лагерь продолжает радушно встречать юных посетителей. 11 июня гостями библиотеки стали учащиеся школы №40, частной бизнес-школы «Бриг», ТОО «ДиЗар Плюс» и образовательного центра «Парасат».
Насыщенная программа дня включала экскурсию по залам библиотеки, посещение «Читального зала на траве», библио-кафе, лингвистической площадки и творческого пространства «Дәстүр Hub». Ребята приняли участие в разнообразных игровых активностях: создавали коллективную картину по методу «Мозаика», соревновались в играх на меткость, ловкость и командное взаимодействие.
Особый интерес вызвала игротерапия с психологом «Шығармашылық шуағы», где дети конструировали различные фигуры и украшали изображение солнца разноцветными макаронами, развивая воображение, творческое мышление и мелкую моторику. Участники лагеря также присоединились к эко-акции «Қалдықтардан басталған қиял әлемі». Большой популярностью пользовалась игровая зона с развивающими играми и головоломками, изготовленными из картонных коробок.
День прошёл в атмосфере творчества, общения и познавательного досуга. Участники не только интересно провели время, но и получили новые впечатления, знания и навыки, которые способствуют развитию их интеллектуальных и творческих способностей.
12/06/2026
⚖️📚11 маусымда бастауыш сынып оқушылары үшін «Құқық және мен. Азбука гражданина» атты танымдық іс-шара танымал «Своя игра» тележүргізу форматы бойынша өтті. Қатысушылар әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімдерін көрсетіп, интеллектуалды біліктілікте жарысты.
Рефлексия кезеңінде балаларға «Мен білемін» ойыны және Educaplay қосымшасындағы интерактивті тапсырмалар ұсынылды, бұл алған білімдерін қызықты формада бекітуге көмектесті.
Іс-шара мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын дамытуға және әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін орындаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
11 июня для учащихся начальных классов прошло познавательное мероприятие «Құқық және мен. Азбука гражданина» в формате известной телевизионной викторины «Своя игра». Участники продемонстрировали знания в области своих прав и обязанностей, отвечая на вопросы различной сложности и соревнуясь в интеллектуальной эрудиции.
На этапе рефлексии ребятам были предложены игра «Я знаю» и интерактивные задания в приложении Educaplay, которые помогли закрепить полученные знания в увлекательной форме.
Мероприятие способствовало формированию правовой грамотности школьников, развитию познавательного интереса и осознанию важности соблюдения прав и обязанностей каждого гражданина.
12/06/2026
🌿🌊«Көгалдағы оқу залы» бұл жолы да жас оқырмандарына шығармашылық пен ғажайыпқа толы ерекше кездесу сыйлады. Бұл жолғы саяхаттың бағыты – жұмбаққа толы су асты әлемі болды. Самал жел ескен ашық алаңда балалар қызықты кітаптардағы теңіздер мен мұхиттар туралы хикаяларды ықыласпен тыңдап, сан алуан тіршілік иелері туралы ой бөлісті.Олар көгілдір тереңдіктердің тылсым сырларына үңіліп, табиғаттың таңғажайып құпияларын бірге ашқандай әсерге бөленді.
🐟Танымдық әңгімеден кейін балалар шығармашылық жұмысқа құлшына кірісті.
Үстел үстіне қойылған мөлдір ыдыстардағы көкшіл су нағыз аквариум әсерін сыйлап, балаларды ертегі әлеміне жетеледі. Қиял қанатына ерік берген бүлдіршіндер түрлі-түсті қарындаштар мен бояуларды пайдаланып, қағаздан қиылған балықтарды ерекше сүйіспеншілікпен безендірді. Әр балықтың бейнесінен кішкентай шеберлердің өз қолтаңбасы мен арман-қиялы көрініс тапты.
Жұмыстар аяқталған соң, әсемделген балықтар біртіндеп «аквариумға» орналастырылып, оның іші сан құбылған түстерге боялған су асты мекеніне айналды.Нәтижесінде әр баланың қиялынан туған, теңіз тереңдіктерінің ғажап әлемін бейнелейтін көркем туындылар композициялар дүниеге келді.
📚 Күн шуағына малынған көгалдағы бұл әсерлі кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа білім мен ұмытылмас әсер сыйлады. Ал олардың шынайы ықыласпен жасаған шығармашылық жұмыстары сол жарқын күннің ең көркем естелігіне айналды.
🌿🌊«Читальный зал на траве» вновь предложил юным гостям провести время, наполненное творчеством и удивительными открытиями. В этот раз ребята отправились в путешествие по загадочному подводному миру. На свежем воздухе мальчишки и девчонки увлеченно слушали рассказы о книгах, делились историями об обитателях морей и океанов и обсуждали тайны водных глубин.
Перейдя от теории к практике, юные участники с увлечением включились в творческий процесс. На столах их ждали «аквариумы» — прозрачные ёмкости с ярко-синей водой, создающие атмосферу настоящего подводного мира. Проявляя фантазию и подбирая яркие цвета, дети с большим интересом рисовали и раскрашивали бумажных рыбок. После завершения работы каждая рыбка заняла своё место, постепенно наполняя «аквариум» красочными подводными обитателями. В результате у ребят получились оригинальные композиции, отражающие их творческий взгляд на удивительный мир морских глубин.
Время пролетело на одном дыхании, оставив после себя море детских улыбок, новые знания и потрясающие творческие шедевры, созданные маленькими руками на солнечной лужайке.
12/06/2026
Ребята из пришкольных летних лагерей с удовольствием посетили игровую площадку с деревянными настольными играми ручной работы, которая вызвала у них большой интерес.
Дети из разных школ с увлечением участвовали в играх, демонстрируя ловкость, сообразительность, внимательность и умение работать в команде. Особой популярностью пользовались игры «Эластик», развивающая реакцию и координацию движений, «Закрой коробку», требующая логического мышления и смекалки, а также игра «10 камней», направленная на развитие памяти и концентрации внимания.
Яркие эмоции, дружеские споры, азарт и радостные возгласы сопровождали участников на протяжении всего мероприятия. Примечательно, что увлекательный игровой процесс настолько захватил детей, что они на время забыли о мобильных телефонах и гаджетах.
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде демалып жүрген балалар қолдан жасалған ағаш үстел ойындары алаңына үлкен қызығушылық танытып, ойын әлемінің қызығына бір сәтте-ақ еніп кетті.Олар ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен зеректігін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Қатысушылардың ерекше ықыласына ие болған ойындардың қатарында шапшаңдық пен қимыл үйлесімділігін дамытатын «Эластик», логикалық ойлау мен ұтымды шешім қабылдауды қажет ететін «Қорапты жап», сондай-ақ есте сақтау қабілеті мен зейінді арттыруға бағытталған «10 тас» ойыны болды.
Ойын барысында балалардың жүзінен шаттық пен қуаныштың лебі сезілді. Достыққа толы пікір алмасулар, жеңіске деген құлшыныс, көтеріңкі көңіл күй мен шат күлкі іс-шараның сәнін келтірді. Әсіресе, қызықты ойындардың балаларды баурап алғаны соншалық, олар біраз уақытқа ұялы телефондар мен электронды құрылғыларды ұмытып, шынайы қарым-қатынас пен ортақ ойынның ләззатын сезінді.
Осындай танымдық әрі қызықты ойындар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік береді.
11/06/2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кең қанат жайған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өнегелі де тағылымды іс-шарамен жалғасын тапты. Кішкентай оқырмандардың бойында туған табиғатқа деген жанашырлықты ояту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Қалдықтардан басталған қиял әлемі» атты ерекше эко-акция, ойын-көрме сағаты өткізілді.
Шараның басты философиясы — күнделікті тұрмыста қолданылып, артық қалдық ретінде далаға тасталатын заттарды бей-берекет шашпай, оларға екінші өмір сыйлау, үй жағдайында қайта кәдеге жарату болды. Кішкентай бүлдіршіндерге тазалықтың маңызы тек көшені сыпыру емес, қоқысты сұрыптап, оны пайдалы дүниеге айналдыру екені ұғындырылды.
Кітапхана залында екінші реттік шикізаттардан, атап айтқанда, әртүрлі пішіндегі картон қиындылары мен түрлі-түсті қағаз қалдықтарынан жасалған көрме-картиналар көпшілік назарына ұсынылды.
Балалардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында қарапайым картон қораптардан құрастырылған интеллектуалды әрі моторикалық ойындар аймағы ұйымдастырылды.
Бүлдіршіндер қолдан жасалған лабиринттер мен басқатырғыш ойындарды қызыға ойнап, экологиялық тазалықтың ойын арқылы да көрініс табатынына куә болды. Ең бастысы, балалар бұл ойыншықтарды сырттан сатып алмай-ақ, өз үйлеріндегі картон қалдықтарынан оңай жасап алуға болатынын үйренді.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранды ту еткен бұл шара кішкентай оқырмандардың жүрегінде қоршаған ортаға деген үлкен сүйіспеншілік ұялатты. Болашақта бұл акция жыл көлемінде аясын одан әрі кеңейтеді.
В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» в библиотеке состоялась эко-акция «Қалдықтардан басталған қиял әлемі».
Цель акции — формирование экологической культуры у детей, развитие бережного отношения к окружающей среде и популяризация идей вторичного использования материалов.
В ходе мероприятия участникам рассказали о важности сортировки отходов и возможности повторного использования бытовых материалов. Вниманию детей была представлена выставка творческих работ, изготовленных из вторичного сырья: картона, цветной бумаги и других перерабатываемых материалов. Экспозиция наглядно продемонстрировала, как обычные материалы могут обрести новую жизнь и превратиться в оригинальные изделия.
Для детей была организована игровая зона с развивающими играми и головоломками, созданными из картонных коробок. Участники с интересом проходили лабиринт, решали логические задания и знакомились с примерами практического применения переработанных материалов.
Мероприятие способствовало формированию экологического сознания, развитию творческого мышления и воспитанию ответственного отношения к природе у подрастающего поколения.
11/06/2026
🚭📚⚠️Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне (26 мамыр – 26 маусым) орай ұйымдастырылған антинаркотикалық айлық аясында кітапханада «Нашақорлық – қоғам дерті. Наркомания – болезнь общества» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, оларды есірткі заттарын қолданудың адам өмірі мен болашағына тигізетін зиянды әсері туралы жан-жақты ақпараттандыру.
Көрме жұмысы барысында әртүрлі жас санатындағы оқырмандармен танымдық әңгімелер мен пікір алмасулар өткізілуде. Бүгінгі шараға 9-сынып оқушылары мен 1-курс студенттері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар тақырыптық әдебиеттермен танысып, түрлі тәуелділіктердің салдары туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, олар өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Жастардың тақырыпқа деген қызығушылығы ерекше байқалып, олар баяндамашылардың сөзін ықыласпен тыңдады.
Осындай тағылымды іс-шаралар жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғам дертіне айналған нашақорлықтың алдын алуға және әрбір азаматтың өз болашағына саналы әрі жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
🚭📚⚠️В рамках антинаркотического месячника, приуроченного к Международному дню борьбы с наркоманией и незаконным оборотом наркотиков (26 мая – 26 июня), в библиотеке организована книжная выставка «Нашақорлық – қоғам дерті. Наркомания – болезнь общества».
Цель выставки — формирование у подрастающего поколения осознанного отношения к здоровью и информирование о вреде употребления наркотических веществ.
В рамках работы выставки проводятся беседы с читателями разных возрастных категорий. Сегодня участниками мероприятия стали учащиеся 9-х классов и студенты 1 курса.
В ходе встречи участники познакомились с тематической литературой, получили информацию о последствиях зависимостей и приняли участие в обсуждении. Ребята проявили интерес, внимательно слушали выступающих и задавали вопросы.
Проведение подобных мероприятий способствует формированию здорового образа жизни и ответственного отношения к будущему.
11/06/2026
Құрметті Шығыс жұртшылығы және өңір қонақтары!
Түгел Түркінің түп қазығы, адамзаттың алтын бесігі арда Алтайдағы айтулы думан, дүбірлі дода “Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі” халықаралық фестивалі аясында өтетін Алтайдың ақиық ақыны Ақтан Нұрбаевтың 100 жылдығына арналған *“Ақтанымын Алтайдың”* атты республикалық ақындар айтысынан қапы қалмаңыздар!
11/06/2026
Сурет үйірмесінің қатысушылары жазғы демалыс уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуде. Үйірменің кезекті кездесуінде балалар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, еркін тақырыпта сурет салды.
11/06/2026
⚜️Кітапханадағы тоғызқұмалақ үйірмесінің оқушылары жазғы демалыс күндерін тиімді пайдаланып, алда өтетін жауапты додаға тыңғылықты дайындалуда. Олар еліміздің бас қаласы — Астана қаласында ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысып, өз шеберліктерін сынамақ. Күн сайын жүйелі жаттығу жасап, ұлттық зияткерлік ойынның қыр-сырын терең меңгеруге талпынып жүрген жас спортшылардың жеңіске деген жігері мен ынтасы ерекше. Үйірме жетекшісінің бағыт-бағдар беруімен олар тәжірибелерін шыңдап, алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетуге бар күш-жігерін жұмсауда.
⚜️ Учащиеся кружка тогызкумалак при библиотеке в период летних каникул ведут систематические тренировки и целенаправленно совершенствуют навыки национальной интеллектуальной игры. Впереди у них ответственное участие в Чемпионате Республики Казахстан, который состоится в городе Астана.
Юные спортсмены с большим интересом и упорством изучают тонкости национальной игры, стремясь достичь высоких результатов. Под руководством руководителя кружка они отрабатывают игровые стратегии, развивают логическое мышление и укрепляют практический опыт.
Занятия проходят в организованной и рабочей атмосфере, а участники демонстрируют высокую мотивацию, стремление к победе и командный дух.