Oskemen Nurorda

Oskemen Nurorda

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Oskemen Nurorda, Private School, Utepova 22/1 KWT, Öskemen.

02/09/2022

"Осы жылды жақсы өткізіп кетейік" 😅
Баланың тілінің — шала деген😁...

Жалпы, жаңа оқу жылы қалай өтіп жатыр, достар?

01/09/2022

Бүгін жаз қызығына бөленген жас өркендерді тәлімге шақыратын күміс қоңырау мектебімізде қайта соғылды🎉🛎

Шоқ-шоқ гүлдер💐, жарқын күлкі😍 мен құшағын айқара ашқан мектеп пен ұстаз🤗... Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл — еліміздің болашағы тәуелді болған, қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен сәттілік тілейміз!

31/08/2022

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Жаңа оқу жылына дайынсыздар ма? 😉

Иә, мектеппен, достармен, сүйікті ұстаздармен, кітаппен қайта қауышуға небары санаулы сағаттар қалды.

Айтып өтейік, "Білім күніне" арналған салтанатты жиын 1-ші және 11-сыныптар үшін ертең 01.09 күні сағат 10.00-де басталады.

Қалған 2-10-шы сыныптар үшін кабинеттерде сынып сағаты өтеді.

Кездескенше 🙌

25/08/2022

Дәл қазір мектебізде оқуға ниет білдірген оқушылар қабылдау емхтиханын тапсырып жатыр😍.

Үлгермесеңіздер, уайымдаңыздар🤗. Оқушыларды тіркеу әлі де жалғасуда. Бірақ кейбір сыныптарда санауды ғана орын қалды😉.

Қосымша ақпаратты 61-20-45 нөмірінен немесе Өтепов көшесі, 22/1 мекенжайынан келіп біле аласыздар.

Біз сіздерді күтеміз💙!

13/06/2022

Жылы ұямыздан тағы да 15 түлек түлеп ұшты.⁣

Қимастық. Мақтаныш. Қуану. Толқу. ⁣

Жүректі тербеген құпиялы сезім ата-ана, оқушы, ұстазды аялап өткені рас.⁣

Ұясынан ұшарда балапан үрей мен бірге сенім ала шығады екен.⁣

Біздің 11 жыл баптап, бұғанасын бекітіп, қанатын қомдаған әр оқушымыз ұстаздар берген білім және тәрбиені үлкен қоғамға батыл сеніммен әкетіп бара жатқанына үміттіміз.⁣

Ақ жол, сәт сапар жас түлек!⁣
Биіктей бер! ⁣
Алар асуың алда, біз тілекшіміз!⁣

———⁣

В этом году из нашей школы выпустились еще 15 выпускников.⁣

Как бы грустно не было прощаться, нас охватывают разные чувства. ⁣
И нежелание прощаться, но и неимоверная гордость и радость за наших учеников. ⁣

После вылета из гнезда птенец получает страх и веру вместе. Мы надеемся,что каждый наш ученик, после значимых усилий на протяжении 11 лет, закрепив за собой крылья, достойно представит знания и воспитание, данные педагогами в большое общество.⁣

Счастливого пути, дорогой выпускник!⁣
Перед вами много высот, которые вы сможете осилить! ⁣
А мы, в свою очередь, будем от всей души болеть за Вас!⁣

23/04/2022

Достар, жазғы демалысты жоспарладыңдар ма?⁣⁣
⁣⁣
Қаланың барлық оқушыларын біздің мектептегі жазғы лагерьге шақырамыз. ⁣⁣
Жазғы лагерь 30 мамыр мен 10 маусым аралығында жұмыс істейді. ⁣⁣
⁣⁣
🔺үш уақыт тамақтану⁣⁣
🔺30 сағат ағылшын тілін үйрену⁣⁣
🔺10 сағат қызықты математика⁣⁣
🔺кинотеатр мен этноүйлергке саяхат⁣⁣
🔺арт терапия⁣⁣
🔺мода көрсету
🔺балмұздақ және бургер пати⁣⁣
🔺аквагрим
🔺тарханкаға саяхат
🔺кукинг клаб
🔺футбол

⁣⁣
Бағдарламадағы “кинофест” сайысы және басқа да қызықты ойындар ерекше көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз!⁣⁣
⁣⁣
Құны: Бір балаға 80 мың теңге. ⁣⁣
Толық ақпаратты: 8(7232) 61 20 45 (Едилхан Жумадил) номеріне хабарласып біле аласыз!⁣⁣

⁣⁣———————⁣⁣
⁣⁣
Вы запланировали летний отдых, друзья?⁣⁣
⁣⁣
Мы приглашаем всех учеников города в летний лагерь нашей школы!⁣⁣
⁣⁣
Летний лагерь будет работать с 27 мая по 9 июня.⁣⁣
🔺трехразовое питание⁣⁣
🔺30 часов английского языка⁣⁣
🔺10 часов познавательной математики⁣⁣
🔺поездка в кинотеатр и зоопарк⁣⁣
🔺арт терапия⁣⁣
🔺показ мод
🔺мороженое и бургер пати⁣⁣
🔺аквагрим
🔺поездка в Тарханку
🔺кукинг клаб
🔺футбол

⁣⁣
Кинофест и интересные игры подарят Вам незабываемые впечатления и море радости!⁣⁣
⁣⁣
Стоимость: 80 тысяч тенге на одного ребенка.⁣⁣
Подробную информацию можно получить по телефону: 8(7232) 61 20 45⁣ (Едилхан Жумадил)

#летнийлагерь #лагерь #устькаменогорск #оскемен #ускаман #кшт #өскемен #июнь #языковойлагерь

15/04/2022

Әділдік құндылығы айына байланысты мектепте "Шын жүректен" атты қайырымдылық акциясы өтті.

Бір ай көлемінде өткен акцияның қорытындысы бойынша оқушылар балалар үйіне апаратын көптеген қажетті заттар жинақтап, ай соңында жоғары сынып оқушыларымен "Үміт" балалар үйіне достық кездесуге барып қайтты.

Кездесу барысында мерекелік бағдарлама көрсетіп, тілек білдіріп, сыйлықтарды табыстадық!

#құндылықтар

12/04/2022

Культурного человека в первую очередь отличают этические нормы. Наши дети поделились правилами этикета и поведения за столом.

#әдептілік #құндылықтар

Photos from Oskemen Nurorda's post 08/04/2022

🏅Елбасы медалі⁣⁣
⁣⁣
⁣⁣
Біздің оқушыларымыз оқуда озат әрі қоғамдық өмірде де белсенді. ⁣⁣
⁣⁣
Оқушыларымыз “Елбасы медалі” жобасына қатысып, қола медалді еншіледі.⁣⁣
⁣⁣
Бес оқушымыз да:
⛷1)Спорт және дене шынықтыру⁣⁣
♟2)Дарын мен дағды⁣⁣
📚3)Кітап оқу⁣⁣
🎻4)Ұлттық мұра ⁣⁣
🤝5)Волонтерлік іс сынды 5 бағытта өз мүмкіндіктерін танытып, көшбасшылардың жаңа буынының қатарына қосылды.⁣⁣
⁣⁣
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!⁣

Want your school to be the top-listed School/college in Öskemen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Utepova 22/1 KWT
Öskemen
070016

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00