22/03/2023
Келіп жеткен қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Сауаптар еселеп жазылатын осынау ерекше айды Алла баршамызға барынша құлшылықта өткізуді нәсіп етсін. Шайтандар кісенделіп, күні мен түні берекеге толы, мол мүмкіндіктерге жол ашылған, 11 айдың сұлтаны, Қасиетті Құран түскен Рамазан айы тек тамақтан тыйылу емес, сондай-ақ жанымызды жаман әдеттерден тазалау, рухани тазару арқылы Аллаға жақындай түсу айы. Ол үшін Алланы көп зікір етіп, истиғфар айтып, ардақты Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат айтып, Құран оқып, садақа беріп, нәпіл намаз оқу керек. Сонымен қатар бұл айда осынау құлшылықтарды көп әрі жиі орындау арқылы бір адым алға жылжисыз, кемелдене түсесіз. Себебі 30күн бойы осы игі амалдарды барынша үзбей шынайы ниетпен орындасаңыз, әдетке айналуы мүмкін. Намаз оқымасаңыз намазға бастаңыз, Құран оқып үйреніңіз, Алланың 99 есімін жаттаңыз, салауат, зікір, истиғфар айтуды арттырыңыз, т.б. Қалай болғанда да Рамазан мүмкіндіктер айы. Алла тағала «Егер адам шынайы иманмен және сауабына жету мақсатымен Рамазан оразасын ұстап, тарауих намазын оқыса, шешесінен туған күндегідей күнәсіз болады» (Ахмед бин Ханбәл; Нәсәи). Алла баршамызға осындай дәрежеге жетуді нәсіп етсін!🤲
12/03/2023