Amanzholov University

Amanzholov University

Share

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Photos from Amanzholov University's post 03/06/2026

Халықаралық ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтердік

Болгарияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Варна техникалық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.

Келісім аясында:
🔹 Академиялық ұтқырлықты дамыту;
🔹 Бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды қолға алу;
🔹 Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарланған.

Біздің міндетіміз – студенттеріміз бен оқытушыларымызға халықаралық деңгейдегі ең үздік мүмкіндіктерді ұсыну. Серіктестігіміз жемісті болсын!
——————-
Мы расширяем горизонты: Аманжолов университет выходит на уровень европейского образования!

Мы вывели наше международное сотрудничество на новый уровень. Подписан меморандум с одним из ведущих вузов Болгарии — Варненским техническим университетом.

Это партнерство — не просто формальность, а конкретные возможности для нашего академического сообщества:
🔹 Двудипломное образование: реальный шанс получить диплом европейского образца;
🔹 Академическая мобильность: обмен опытом и знаниями с ведущими экспертами Болгарии;
🔹 Научный прорыв: совместные исследования и инновационные проекты на стыке технологий.

03/06/2026

⚠️ Алаяқтардың арбауына түспеңіз!
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «тез ақша табу», «инвестиция арқылы жоғары табысқа жету» туралы жарнамалар жиі кездеседі. Алайда мұндай ұсыныстардың көпшілігі қаржылық алаяқтық болуы мүмкін.
✅ Инвестиция жасамас бұрын:
* Компанияның заңды тіркелгенін тексеріңіз;
* Ресми сайттар мен мемлекеттік дереккөздерден ақпарат алыңыз;
* Жоғары әрі кепілдендірілген табыс туралы уәделерге сенбеңіз;
* Жеке деректеріңіз бен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіз.
Есіңізде болсын: қаржылық қауіпсіздік – өз қолыңызда!

03/06/2026

Құрметті студенттер!

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Туым» республикалық акциясына қатысуға шақырамыз!

🔹 Мемлекеттік Тумен түскен фотоңызды әлеуметтік желіге жариялап, челленджге қосылыңыз.

Мемлекеттік Ту – Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің нышаны. Көк Туымызға құрмет көрсетейік!

#МеніңТуым #МемлекеттікРәміздерКүні

03/06/2026
02/06/2026

📍 Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да «ШҚУ – 2029: халықаралық рейтингтер, тұрақты даму және жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.

Іс-шараға университеттің басшылық құрамы, жоғары мектеп декандары мен құрылымдық бөлімше жетекшілері қатысты. Сессияны стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова жүргізді.

Кездесу барысында:
• 2029 жылға дейінгі даму бағыттары
• халықаралық рейтингтердегі позицияны күшейту
• ғылым мен цифрландыруды дамыту
• академиялық ұтқырлық пен халықаралық серіктестікті кеңейту

мәселелері талқыланды.

🎯 Негізгі мақсат — Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті-тің халықаралық деңгейдегі беделін арттыру және жаңа мүмкіндіктерді кеңейту.

Photos from Amanzholov University's post 02/06/2026

АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «AЗAMAT» ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУДА

Республикалық интеллектуалдық «AZAMAT» телебағдарламасының екінші маусымына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Жігер Сәрсенбаев пен Мерхат Алмасұлы қатысты.

Бағдарламаның алғашқы ойынында университет студенттері сәтті өнер көрсетіп, М.Х.Дулати университетінің студенттерін 4:1 есебімен жеңді.
Қатысушылар «Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбы аясында өз ойларын ортаға салып, қоғам үшін маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Студенттер цифрлық ортадағы қауіпсіздік, ақпаратты тиімді пайдалану, интернет мәдениеті мен жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа дағдылардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында нақты ұсыныстарын жеткізді.

Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру – уақыт талабы. Мемлекет басшысы да цифрландыру мен жасанды интеллект бағыттарын ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

Осындай өзекті мәселелерді көтеріп, өз ойын еркін жеткізе алатын жастардың қатары артып келе жатқаны қуантады. Университет студенттерінің интеллектуалдық алаңдарда белсенділік танытып, жоғары деңгейде өнер көрсетуі – білім мен азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.

Университет ұжымы студенттерімізге алдағы кезеңде сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейді.

Photos from Amanzholov University's post 02/06/2026

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.А.Алимхан мамыр айында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасындағы Гүлстан мемлекеттік университетінде білім және тәжірибе алмасу, ғылыми әдебиеттер қорымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Іссапар барысында білім алушыларға «Түркі ономастикасы» және «Қазіргі қазақ тілі» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізді. Оқу үдерісінде тіл білімінің өзекті мәселелері талқыланды. Халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бағдарлама нәтижесінде арнайы сертификат табысталды. Академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыруға мүмкіндік жасаған университет басшылығына алғыс білдіреміз.

01/06/2026

✈️ AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ ORHUN БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТҮРКИЯҒА БАРАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Orhun академиялық алмасу бағдарламасы бойынша шетелге оқуға және тағылымдамадан өтуге баратын студенттер мен оқытушылармен кездесу өтті.

Жиынға университеттің стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова қатысып, академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері, бейімделу кезеңі және халықаралық тәжірибенің маңызы туралы айтты.

Бағдарлама аясында қатысушылар Түркия, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе алмасады. Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар өз сұрақтарын қойып, шетелде білім алу бойынша пайдалы кеңестер алды. 🌍

01/06/2026

🚀 Қаржылық мониторинг агенттігі AFM AI Hackaton 2026 – жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік және деректер аналитикасы бағытындағы ауқымды хакатонға шақырады.

📍 2026 жылғы 24 маусым | Алматы қаласы, Farabi Hub алаңында. Жүлде қоры — 6 000 000 теңге!

Қатысушыларды 3 бірегей бағыт күтеді:

• Digital Shadow (OSINT және DarkNet мониторингі)
• AI Shield (деректерді қорғау және киберқауіпсіздікке арналған AI шешімдері)
• AI Media Watch (әлеуметтік желілердегі қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесінің белгілерін анықтау)

Командаңызды жинап, инновациялық шешім ұсыныңыз және қауіпсіз цифрлық болашақты қалыптастыруға өз үлесіңізді қосыңыз.

Тіркелу туралы және өзге ақпарат:
qmahackaton.kz сайтында.

Want your school to be the top-listed School/college in Öskemen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица 30-й Гвардейской дивизии, 34
Öskemen
070020

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00