06/06/2022
“3 ҚАҒИДА ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?”
Өткен постта айтқандай, қиындаған себебінің бірі-мені ешкім танымайтын. Сол себепті қанша жерден мықты мұғалім болсам да оқушылар саны біз ойлағандай болмады🥺
1- ші ай қанша оқушы болды деп ойлайсыздар ?
5 оқушы ғана…
Ал бағасы вообще шок😭. 3990 теңге. Осы бағада тек 5 оқушыға бір ай бойы зуммен сабақ бергенмін. 20 000 тенге айлық😭.
150-180 мың тенге тауып жүріп
20 000 тг айлық + 800 000 теңгеге жақын оқуым мен кредитім бар. Сразу ойыма беріле сап, бұрынғы жұмысыма қайту келді. Сізде солай етер ме едіңіз?
Бірақ ол кісі соңына дейін баруды таңдады.
Маған сенді✅
2-ші ай: 🇰🇷Корей тілі дамып бастағандай болды. Себебі табыс 4,5 есеге артты.
Прогресс бар😍. Үміт пайда болды😍. Арманға сенуге деген үмітім пайда болды.
Бірақ сүйікті ісім. Сүйікті тілім. Сүйікті жұмыс.🇰🇷
Оқырман саны 700 -ден асты. Оқушылар саны көбейе бастады.Корей тілін үйретуден мен демала бастадым🇰🇷📖
Сөйтіп Қымбаттан Түймедаққа айналу процессі 1 жылдан аса уақыт еңбекті талап етті.
Осындай корей тілінің дамуы , 10 000-даған оқырман, ай сайын 100 деген шәкірт тәрбиелеуге, және бұрынғы табысымнан 10 еседен көп табыс табуыма көмектескен
3 қағидам болды☝🏼🇰🇷
1- қағида: “ Осы ісімді нәтиже көрінгенше жеткіземін☝🏼”
Осы қағида арқылы мен әрбір оқырманмен, оқушымен болған әрбір жетіспеуді” толықтыра бастадым✅.
2- ші қағида:
Сол арқылы оқушыларыммен досымдай араласып, сабақ кезінде қатал ұстаз болдым.
Себебі 1-ші қағидам “Нәтиже” болмайынша- олар менен ұрыс еститін.
Себебі INSTATAEJI-дің екінші аты “ Нәтиже”
Ал 3-ші қағида:
Әрқашан шүкір етіңіздер. Түймедағым❤️. Қандай жағдайда да шүкір ет.
Алла тағала Құранда “ Шүкір етсеңдер , арттыра беремін” деді ғой🤗
Өміріңнің әр сәті мен нығметіне “Аллаға рахметіңді тоқтатпа”
Қиындық келсе де де қайыры барына сеніп сабыр ет. Шүкір мен сабыр❤️
Осылар екеуі сені бар әрі бай қылады ❤️.
Жүрегіңді таза ұстап, сүйікті ісіңмен 100% жұмыс істе. Жетесің Ин ша Аллаһ. Тоқтаушы болма Түймедақ🌼
3 күн бойы саған айтқым келгені осы.
Бұл менің өмірімнің-бір ғана жапырағы🍀. Әлі ашылып айтпағым алда көөп.
“Мен қалай түймедақ болдым “
историясы ұнады ма? 🤗
3 күн бойы қандай инсайт алдың?