02/08/2022
Корей тілін оқып бастағанымда бірден анамнан, әкемнен барып «Мам, пап корейский үйренгім келеді, ақша берші» деп сұрағаным жоқ. Оған дейін күнделікті youtube-тан, instagram-нан әртүрлі тегін сабақтарды көріп, оқитынмын.☑️ Тіпті, күні-түні, демалыс күндері барлығы басқа нәрсе істеп, еркін жүргенде мен үнемі бір дәптер мен қаламды құшақтап жүретінмін. Сол кезде үйдегілер келіп «не оқи бересің сен осы» деп сұраушы еді, былайша айтқанда интерес қуалайтын.«Корейский үйреніп жүрмін, ертең топик тапсырып Кореяға кетемін» деп әр сұраған сайын көп қылып армандарымды айтатынмын.😂❤ Олар да ол кезде серезный қарады деп ойламаймын.😉🇰🇷
Солайша уақыт өте ақылы курстар алдымнан шыға бастады. Жылдам, дұрыс үйрену үшін. Іздеген бірінші парақшаға кіре салдым, сол кезде жолым болыпты ғой, өте керемет үйреніп шықтым. Курстың ішіне кіріп курс туралы сұрадым. Сосын «Осы 2-3күнде жеңілдік аяқталады, тіркелсеңіз тіркеліп үлгеріңіз ». Сол кезде, 2 жыл бұрын ғой «Бастапқы бағасы 20к тг, қазір 7к тг орындар азайып жатыр» деді. Содан анама жай жай осындай курс бар екен, қатысып көргім келеді деп айтып жүрдім. Содан жеңілдік соңғы күні анама барып «Мам, маған 7к берші, ертең алғашқы стипендиямнан қайтарамын» деп алған едім. 🥹❤
«Корей тілін оқиын десем ата-анам рұқсат бермейді». Маған да бірден«міне ақша, ал да оқы» деп ешкім ақша берген жоқ. Өз бетіммен оқып жүрдім. Сол талпынысымның ақ анам менің ниетімнің оң екенін байқады.
Ата-ана қарсылығы деп қалдық қой, көпшілігін мазалайтын сұрақ, білемін. Бұл туралы жеке пост қылып жазған дұрыс шығар. Оған қоса менің сертификат алуым мен анамның басқаларға оны қалай айтқанының өзі бір пост.👍🏻😅
Жалпы айтарым, ниет оң болса, шынымен оқимын деген талпыныс болса ақша да, ата-ана да, жұмыс-оқу барлығы да шешілетін мәселе! Ең бастысы ойға алған мақсатыңды орындаудан бас тартпау!❤😉🇰🇷