12/02/2022
Hi, guys. Менің атым Дана Хамидулла. 12 жылдық тәжірбиесі бар ағылшын пәнінің мұғалімімін.
Менен көп сұралатын сұрақтардың бірі , Ағылшын тілін үйренуді неден бастау керек? Бүгінде ағылшын тілінің курстары да, репетиторлары да өте көп. Өйткені, сұраныс көп. Бұл қуантарлық жағдай.
Ағылшын тілін үйренемін деген адам интернеттен видеосабақтар көріп, музыка тындап, ағылшын тілінде кинлар қарап, өздігінен сөз жаттап үйренсе де болады әрине.
Бірақ, сабақтарының структурасы жоғары дейгейдегі, мықты методикасы бар, ағылшын тілінің грамматикасын жеңіл және нақты түсіндіре білетін мұғаліммен, ағылшын тілін тез уақыт арасында меңгеріп кетуге мүмкіндік көп.
Тағы да жиі еститінім, « ҰБТ-дан жоғары балл алғым келеді, қанша уақытта грамматиканы үйреніп тесттен жоғары балл ала аламын?», «Мен талай курстарға қатысып, нәтиже көрмедім» немесе «Ағылшын тілінің мұғалімімін, кейбір кезде грамматикадан қате кетіп жатады, не істесем болады?»,-д еп сұрап жатады.
Қазірге таңда, технологияның дамыған заманында тіптен үйден шығудың қажеті жоқ. Үйде отырып та, кез келген сізге ыңғайлы уақытта онлайн сабақтар өтуге болады. Бұл қарбалас уақыт жоқ заманда таптырмас мүмкіндік.
Менің айтарым, Ағылшын тілін неғұрлым ертерек бастайсыз соғұрлым тез нәтиже шығарасыз. Және де бастауға ешқашан кеш емес.