kef_zh.ch

kef_zh.ch

Share

Электронный колледж имени Жакии Чайжунусова

04/06/2026

04.06.2026
В рамках Дня государственных символов Республики Казахстан был проведен классный час, направленный на воспитание патриотизма, уважения к государственным символам и формирование гражданской ответственности обучающихся. В ходе мероприятия студенты познакомились с историей создания Государственного Флага, Герба и Гимна Республики Казахстан, их значением и ролью в укреплении национального единства. #жақияшайжүнісоватындағыколледж #кэф #рәміздеркүні🇰🇿🇰🇿🇰🇿 #семей

04/06/2026

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Бұл күні еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны дәріптеледі. Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің басты белгілері, халқымыздың бірлігі мен ұлттық құндылықтарының көрінісі. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітілді. Сондықтан бұл күн еліміз үшін ерекше маңызға ие мереке болып саналады.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы және Отанға деген сүйіспеншілігінің белгісі. 🇰🇿 #жақияшайжүнісоватындағыколледж #кэф #рәміздеркүні #семей

02/06/2026

31.05.2026 📆 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай колледж студенттері Абай облыстық мемлекеттік архивіне арнайы барып, тарихи құжаттармен танысты. Іс-шара барысында студенттер халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдер туралы құнды мәліметтер алып, қуғын-сүргін құрбандарының тағдырына қатысты архивтік деректерді көрді. Бұл тағылымды кездесу жастардың тарихи санасын қалыптастырып, өткенге құрметпен қарауға тәрбиеледі. Студенттер жазықсыз жапа шеккен азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Өткеннің қасіретін ұмытпау – келешек ұрпақтың парызы.Қазақстанда мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, көптеген азаматтар ату жазасына кесілді. Ашаршылық жылдары миллиондаған адам туған жерінен айырылып, ауыр зардап шекті. Бүгін біз өткеннің қайғысын ұмытпай, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін түсінеміз. Қуғын-сүргін құрбандарының есімі халық жадында мәңгі сақталады. #жақияшайжүнісоватындағыколледж #31мамырсаясиқуғынсүргіндердіескеалукүні #семей

29/05/2026

🇰🇿«Тәуелсіздік ұрпақтары»🇰🇿

20/05/2026

👨‍👩‍👧‍👦 Отбасы— бір шаңырақ астында өмір сүретін жандар ғана ма, әлде одан да терең ұғым ба?👨‍👩‍👧‍👦
15.05.2026 ж. Бүгін колледжімізде 1 курс 1 НУ тобының студенттерімен психолог Прудникова М.С. Халықаралық отбасы күніне арналған «ПроСемью: от Я к МЫ» атты ерекше жылы әрі ашық тренинг өткізді. 💫
Тренинг барысында психолог студенттермен бірге шынайы отбасылық құндылықтар жайлы ой бөлісіп, «Бақыт үйін» құрастырды, ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық міндеттерді талқылады, жанжалдардың туындау себептерін саралап, өзара түсіністіктің маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, отбасындағы «Мен» үлкен «Бізге» бастау болатыны жөнінде терең ой қозғады. 🏡✨
Тренингтің басты түйіні:
«Отбасы — сені қандай болсаң да қабылдайтын, әрдайым қолдау мен түсіністік таба алатын, мейірім мен махаббатқа толы орта». ❤️
Барлық қатысушыларға шынайылығы, белсенділігі және ашық пікірлері үшін алғыс білдіреміз! 🌷

👨‍👩‍👧‍👦 Семья — это просто люди, живущие вместе, или нечто большее?
15.05.26г. Сегодня в нашем колледже со студентами 1 курса группы 1 НУ психолог Прудникова М.С. провела невероятно тёплый и откровенный тренинг «ПроСемью: от Я к МЫ», посвящённый Международному дню семьи. 💫
Психолог вместе со студ�

Photos from kef_zh.ch's post 19/05/2026

«Абай мұрасы – мәңгілік» тақырыбында өткен іс- шара барысында студенттер ақынның адам тәрбиесіне және болашақ ұрпақты білім мен ғылымды үйренуге шақыруы туралы айтылған қара сөздерін айтып, талдау жасап, тәрбиелік мәніне ден қойылды. Іс - шараның басты мақсаты: Абай Құнанбаевтың қара сөздерінде айтылған тәрбие, білім, ғылым және адами қалыптасу жолдарына түсінік беру арқылы студенттер бойында ұлтжандылық қалыптастыру. Білім-ғылым жайында жазылған қара сөздері арқылы студенттерге мотивация беру. Студенттерге «Абай мұрасы – мәңгілік» презентация көрсетіліп, буклет, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

15/05/2026

ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ
14.05.26 ж күні Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттық тәрбиенің ошағы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға колледжіміздің 1 НУ тобы қатысты. Шараның мақсаты жастарды отбасы бірлігін сақтауға, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, көпбалалы отбасылардың өнегесін насихаттау және ұлттық дәстүрлерді ұлықтау болып табылады. Музейге арнайы шақырылған қонақтар үлгілі өнегелі әже Оспанова Камал - 87 жаста, 5 бала тәрбиелеп отырған Нұрлатовтар және Уахметовтар отбасы болды. Кеште қатысушылар өздерін таныстырып, отбасылық тәрбие мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Б.Түктібаев ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
#СемейӨлкетануМузейі
#ОтбасыКүні
#ҰлттықТәрбие

Photos from kef_zh.ch's post 15/05/2026

🌸 Ана – баланың алғашқы ұстазы, өмірдегі ең асыл жан 🌸
2026 жыл 10 мамыр – Қазақстанда Аналар күні ретінде атап өтіледі. Бұл аналарға деген сүйіспеншілік пен алғысты білдіретін, олардың қоғамдық рөлін бағалайтын ерекше мереке.❤️Осы күнге орай колледж студенттері арасында «Менің анам – ең жақсы» атты фотоколлаж ұйымдастырылды. Колледж студенттері аналарымен бірге түскен ерекше әрі жылы фотосуреттерін ұсынуда. Бұл фотолардан ана мен бала арасындағы шексіз махаббат пен мейірімді көруге болады ❤️
Әр ана – баласы үшін ең қымбат, ең ерекше жан.
Барлық аналарға алғысымыз шексіз! Сіздерге амандық, қуаныш және ұзақ ғұмыр тілейміз 🌷

15/05/2026

🇰🇿 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні 🇰🇿
08.05.26ж. Колледжімізде Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған ерекше іс-шара өтті. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні еліміздегі маңызды мерекелердің бірі. Бұл күні Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаны атап өтіледі. Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. 9 Мамыр - бұл күн – әрқайсымыз үшін өте маңызды, себебі ол бейбіт өмір сыйлаған батыр аталарымыздың ерлігімен тығыз байланысты. Іс-шарада студенттер елін қорғаған батырларды құрметтеп, қазіргі әскерилердің еңбектері жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, колледж кітапханышысы Касымова С.Т. ұлы ұстаз Жақия Шайжүнісов атамыздың Көкпекті балалар үйінде Ұлы Отан соғысы жылдары ата-анасыз қалған балаларды өз балалрындай тәрбиелегені жайлы, соғысқа қаншама азық-түлік жіберіп отырғаны жайлы әңгімелеп берді. Іс-шарада студенттеріміз ән айтып, өлең оқып, шағын әдеби монтаж арқылы соғыс жылдарының қиын сәттерін көрсетті. Әрбір номер жүрекке жетіп, көрермендерге терең ой салды. Бүгінгі іс-шара арқылы біз өткенді еске алып, батырларға деген құрметімізді білдірдік.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен қайсар рухы — кейінгі ұрпаққа мәңгілік өне

Want your school to be the top-listed School/college?

Telephone

Website