56_tulpar_sadik

56_tulpar_sadik

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from 56_tulpar_sadik, Education, .

23/06/2026

☀️🎨 Алақай, жайдарлы жаз келді!

Жазғы сауықтыру жұмыстары аясында тәрбиеленушілер үшін «Бояулар әлеміне саяхат» атты табиғат аясындағы шығармашылық әрекет ұйымдастырылды.

Балалар таза ауада сурет салып, қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Шығармашылық жұмыс барысында табиғаттың әсемдігін сезініп, бояулар арқылы өз көңіл күйлері мен ойларын бейнеледі.

🌿 Табиғат пен өнер тоғысқан бұл сәт балаларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады! 🎨✨


«Ягодка» тобы
Тәрбиеші:Касимова Ш.С.

23/06/2026

«Тәрбие бесігі» жобасы аясында логопед маман тәрбиеленушілермен «Сөзді толықтау» тақырыбында ойын өткізді.

Мақсаты – балалардың сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Ойын барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді толықтырып, өз ойларын еркін жеткізуге жаттықты. 🗣️✨

20/06/2026

Әке – отбасының тірегі, баланың алғашқы ұстазы!

Қазақстанда Әкелер күніне орай ұйымдастырылған «Бір күн әкемнің орнында» бейнероликтер акциясына «Ботақан» ересек топ тәрбиеленушісі Серік Даниял қатысып, өз әкесінің мамандығымен таныстырып, оның күнделікті еңбегі туралы әсерлі бейнеролик ұсынды.

Баланың әкесіне деген мақтанышы, құрметі мен сүйіспеншілігі әр кадрдан көрініс тапты. Осындай игі бастамалар арқылы балалар ата-ананың еңбегін бағалауды, отбасы құндылықтарын құрметтеуді үйренеді.

✨ Әке еңбегі – әрқашан қадірлі, әрқашан үлгі!

Барша әкелерге зор денсаулық, отбасына амандық пен береке тілейміз!

19/06/2026

⚜️ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ИДЕОЛОГИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ⚜️

👨‍👩‍👧‍👦 «Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубының» мақсаты – отбасы мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру.

Кездесулер арқылы ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту, өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделген отбасылық құндылықтарды дәріптеу көзделеді.

✨ Бақытты бала – саналы ата-ана тәрбиесінің жемісі!

19/06/2026

🌿🎯 Таза ауадағы ұлттық ойындар – «Асық Party» 🎯🌿

Жазғы сауықтыру жұмыстары аясында бүлдіршіндер үшін таза ауада ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Асық Party» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық ойыны – асық ату, асық жинау, мергендік пен ептілікті қажет ететін қызықты ойын түрлеріне қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық ойындар арқылы тәрбиеленушілердің шапшаңдығы, дәлдігі, ұйымшылдығы мен достық қарым-қатынасы дамыды.

Осындай тағылымы мол ойындар балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелейді.

✨ Ұлттық ойын – ұрпаққа мұра, ұлттық рухтың қайнар көзі!

Ұйымдастырушы: Шолпан Арысбековна Тажиева

17/06/2026

🌿☀️ Жазғы дәрумендер – денсаулық кепілі! ☀️🌿

Біздің балабақшада балалардың денсаулығын нығайту мақсатында «Жазғы дәрумендер» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Балалар жеміс-жидектердің пайдасы туралы мәлімет алып, олардың құрамындағы дәрумендердің ағзаға әсерін білді.

Мақсаты: балалардың дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту, пайдалы тағамдарға қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

🍎 Алма – күш-қуат береді
🍓 Құлпынай – иммунитетті нығайтады
🍉 Қарбыз – ағзаны дәрумендермен байытады

Балалар ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, жаздың пайдалы сыйларымен жақынырақ танысты.

#алақайжайдарлыжазкелді🥳🌼🌼🌼☀️
#дәрумендерпайдасы🌟

15/06/2026

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БАЛАЛАРҒА БАС КИІМ КИЮДІ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Бас киім – баланы күн өтуден, қызып кетуден және күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтын маңызды құрал.

☀️ Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды.

😊 Балаңыздың денсаулығын сақтап, өзін жайлы сезінуіне ықпал етеді.

🌡️ Қызып кету мен сусызданудың алдын алуға көмектеседі.

📌 Өтінеміз, балаңыздың балабақшаға бас киіммен келуін күн сайын қадағалаңыз!

❤️ Балаларымыздың денсаулығына жанашырлық танытып, қамқорлық жасағандарыңыз үшін рақмет! ❤️

Ескерту: жаз мезгілінде ашық түсті, жеңіл матадан тігілген панама, қалпақ немесе кепка киген жөн. ☀️

15/06/2026

☀️ «Көңілді жаз» ☀️

Жаз – шаттық пен қызыққа толы ерекше мезгіл! Біздің бүлдіршіндеріміз жазғы сауықтыру жұмыстары аясында көңілді ойындарға қатысып, таза ауада серуендеп, шығармашылық жұмыстармен айналысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әсерлі сәттерге бөленуде.

Балалардың күлкісі мен қуанышы – біздің ең үлкен жетістігіміз. Әр күн жаңа әсерге, жаңа достыққа және жарқын естеліктерге толы болсын!

🌈 Көңілді жаз – бақытты балалық шақтың бастауы!

«Ақ қайың» тобы
Тәрбиеші:Абуова А.

11/06/2026

Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба «ақша баламен бірге жүреді» қағидаты негізінде жүзеге асырылуда.
Аталған жоба 2024 жылғы 24 қазанда іске қосылып, мемлекеттік қаржыландыруды ата-аналардың таңдауы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына бағыттауға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде бюджет қаражатының ашық әрі тиімді жұмсалуы қамтамасыз етіліп, балабақшаға кезек айтарлықтай қысқарды, қаржыландыру саласындағы заң бұзушылықтар азайып, мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестік пен көрсетілетін қызметтердің сапасы артты.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды жазғы қабылдау басталады

2026–2027 оқу жылына дайындық шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жүйесінде кезектерді автоматты түрде қайта қалыптастыру жүргізіледі.
Қазіргі уақытта 2 жасқа толған, сондай-ақ 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2 жасқа толатын балалар 21-санаттан жас ерекшелігіне және жеңілдіктердің болуына қарай тиісті санаттарға ауыстырылады.
Маңызды: 21-категория бойынша ваучерлер берілмейді.
Жоғары кезекке ауыстырылғаннан кейін балалар ваучерлерді бөлу процесіне қатыса бастайды. Болжам бойынша бұл өзгеріс шамамен 15 000 балаға әсер етеді.
жылғы 20–30 маусым аралығында:
мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау уақытша тоқтатылады;
ваучерлер беру тоқтатылады;
6 жасқа толған тәрбиеленушілерді шығару және 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа топтарды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

1 шілде күні сағат 18:00-де:
кезектерді қайта қалыптастыру аяқталғаннан кейін жүйеде балаларды қабылдауға арналған бос орындар ашылады.
алдымен бос орындар баласын бір балабақшадан екіншісіне ауыстыруды жоспарлаған ата-аналарға арналған күту парақтарына ұсынылады.
Сағат 19:00-де қалған бос орындар барлық ваучер иелеріне қолжетімді болады.

Want your school to be the top-listed School/college?

Website