19/12/2025
⚜️МАКАТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕРТУ!
Құрметті ата-аналар мен тұрғындар!
Ауданымыздағы балалар мен жасөспірімдердің интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ROBLOX ОЙЫН АЛАҢЫ ТУРАЛЫ ЕСЕРТУ ЖАСАЙМЫЗ. Бұл онлайн платформа балалар арасында танымал болғанымен, бірнеше қауіптерді де қамтиды. Сол себепті, ата-аналарға өз балаларының қауіпсіздігіне мұқият назар аударуды сұраймыз.
ҚАУІПТЕР:
1. КИБЕРБУЛЛИНГ – Roblox ойындарында басқа ойыншылармен араласу барысында балаларды қорлау, жәбірлеу немесе теріс ықпал ету жағдайлары орын алуы мүмкін.
2. АЛАЯҚТЫҚ – Roblox-тағы виртуалды валюта ROBUX арқылы балалар алаяқтарға тап болуы мүмкін. Жалған сыйлықтар мен ұтыстар арқылы жеке мәліметтерді алуға тырысатындар бар.
3. ЗИЯНДЫ КОНТЕНТ – Кейбір ойындар мен чаттарда балаларға сәйкес келмейтін материалдар (зорлық-зомбылық, жалақы немесе басқа да зиянды ақпараттар) болуы ықтимал.
ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ:
• Ата-аналар балалардың ойындарын бақылап, қауіпсіздік параметрлерін орнатуы қажет.
• Roblox-та тек қауіпсіз және тексерілген контентті пайдалануға, алаяқтықтан сақ болуға кеңес беріледі.
• Балаларға жеке ақпараттарын (аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі) ешкімге айтпау керектігін үнемі ескерту қажет.

16/12/2025
Құрметті әріптестер!
Сіздерді халқымыз үшін қастерлі де қасиетті мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ұлт рухының асқақ белгісі. Бейбіт өмір мен тұрақтылықты, бірлік пен ынтымақты ту еткен еліміздің ертеңі жарқын болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Еліміздің дамуы жолындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым бағаланып, жетістіктеріңіз еселене берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын! 🇰🇿
Құрметпен Нуржауған Сериккалиевна.