20/05/2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Білім және мәдениет» арнасы эфиріне бағдарламалар циклмен шығады.
Апта сайын сенбі күндері білім беру және ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланатын хабарларды телеарна тарататын болады. Бұл арада дискуссиялар, көкейтесті тақырыптарға сұхбаттар, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларымен, мектеп мұғалімдерімен, директорлармен, әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, оқушылармен жүргізілген түсіндіру жұмыстары көрсетіледі.
Ақпараттық хабарлар мен репортаждар Білім және ғылым министрлігінің жұмысын жаңа, серпінді жағынан көрсетеді.
• 21-мамыр 2016 ж. 12:15 – Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша министрдің брифингі.
• 28-мамыр 2016 ж. 12:00 – көптілділік, адам басына қаражаттандыру, ҰБТ-ға дайындық, мектептердегі соңғы қоңырау және білім беру мен ғылымға байланысты тағы басқа тақырыптар.
«Білім және мәдениет» арнасының қолжетіспеушілігі жағдайында бағдарламаларды Министрлік сайтындағы (www.edu.gov.kz) «Видео» бөлігінде көруге болады – http://edu.gov.kz/ru/videobilim.