18/03/2022
БІЗ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТАУЫ
Қазіргі таңдағы ең басты жаңалық - Мемлекет басшысының Жолдауы. Жолдау барша халықтың жүрегінен айрықша орын алып отыр.
Неге?
Себебі, біз осы күнге дейін, болашаққа сеніп өмір сүрдік, бар жақсылықты ертеңнен күттік. Ал, Президентіміздің: «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын», - деген сөзі бойымызға ерекше қуат, жігер, сенімділік сыйлады.
Жолдауда құнды, бірқатар игі бастамалар мен тың өзгерістер айтылды. Жаңа облыстардың бой көтеруі, «Суперпрезиденттіктен» бірте-бірте арылу. Парламенттің рөлін арттыру, мәжіліске заң қабылдау құқын беру, бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы, тағысын тағылар.
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында айтылған ең басты мәселе – Президенттің өкілеттіліктерін азайтып, оның билігін шектеу жайы. Бұл шешім - Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттің мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білетін тұлға, саяси қайраткер екендігін дәлелдеді. Егер, бар билік бір адамның қолында болса, қандай жағдайға әкелетінін өмір, тарих, қаңтардағы қырғын, халықтың мүшкіл халі көрсетіп отыр. Демек, Президент билігі шектеліп, оның өкілеттіліктері қысқарады, есесіне, мәжілістің құзіреті артып, оған үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Келесі бір көңіл аударарлық мәселе - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына ұлттық Құрылтайдың шақырылуы. Бұл - ата-бабамыздан келе жатқан түрлі түйіткілді мәселелерді шешетін тарихи мәні жоғары басқосу. Қазіргі таңда мұндай Құрылтай керек-ақ...
Сонымен бірге, жұрттың ерекше назар аударып, сөз етіп жатқаны - Абай, Жетісу, және Ұлытау облыстарының құрылатындығы.
Ұлы ақын Абай мен Қапшағай қаласына тегін беру сөз болған кемеңгер Дінмұхамед Қонаев аталарымыздың рухы шаттанып, мәртебесі бұрынғыдан да биіктей түскен болар. Сарыарқадағы бауырлардың да қуанышында шек жоқ. Бұрынғы Жезқазған облысы аумағынан қайтадан облыс ашылып, ұлт ұясы - Ұлытау атын иеленбек.
Ал біздің алдымызда тұрған басты міндет – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу. Шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету. Осы бағытта «Сырдария» университетіне зор міндет жүктеліп отыр.
Сондықтан да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған басты мәселелермен бірге интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз!
Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ғалым хатшы Ләззат Абенова
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/160
16/02/2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялаймыз.
Конкурсқа жоғары білімі, біліктілік санаттары бар мамандар қабылданады:
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Педагог-психолог
- Менеджер
Үйірмелерге қажетті мамандар:
- Хореография
- Шешендік өнер
- Шахмат
- Ментальді арифметика
- Фортепиано
- Ағылшын тілі
- Карате
- Логопед
📍Ескерту: Қызметкерлердің лауазымдық, оқытушылардың біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, ынтыландыру мақсатында айлық ақыларына қосымша үстемақы төленеді.
📍Мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, К.Омаршаев көшесі 7А, ☎️ +7 702 843 1400
+7 707 590 0125
08/02/2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялаймыз.
Конкурсқа жоғары білімі бар, бастауыш сынып мұғалімдері және біліктілік санаттары бар мұғалімдер қабылданады:
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Директордың бейін бойынша оқыту орынбасары
- Бухгалтер
- Менеджер
- Шаруашылық меңгерушісі
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Логопед
Үйірмелерге қажетті мамандар:
- Хореография
- Шешендік өнер
- Шахмат
- Ментальді арифметика
- Фортепиано
- Ағылшын тілі
Ескерту: Қызметкерлердің лауазымдық, оқытушылардың біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, ынтыландыру мақсатында айлықақыларына қосымша үстемақы төленеді.
Мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, К.Омаршаев көшесі 7А, ☎️87023581558, 87017506341
04/02/2022
ХАБАРЛАНДЫРУ
Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялаймыз.
Конкурсқа жоғары білімі бар, бастауыш сынып мұғалімдері және біліктілік санаттары бар мұғалімдер қабылданады.
«Жетісай ауданындағы «Сырдария» мектеп-лицейіне» штаттық кестеге сәйкес қажетті қызметкерлердің тізімі
Лауазымдардың атауы
Штаттық бірлік саны
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - 1
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1
Директодың бейін бойынша оқыту орынбасары - 1
Бухгалтер - 1
Менеджер - 1
Шаруашылық меңгерушісі - 1
Педагог- психолог - 1
Аға тәлімгер (вожатый) - 1
Бастауыш сынып мұғалімі - 5
Музыка пәнінің мұғалімі - 1
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 1
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - 1
Орыс тілі пәнінің мұғалімі - 1
Цифрлық сауаттылық (Информатика) пәнінің мұғалімі - 1
Тәрбиеші - 5
Ескерту: Қызметкерлердің лауазымдық, оқытушылардың біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, ынтыландыру мақсатында айлықақыларына қосымша үстемақы төленеді.
Мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, К.Омаршаев көшесі 7А, ☎️87023581558, 87017506341
27/01/2022
«СЫРДАРИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ АШЫЛДЫ
Syrdariya school артықшылықтары:
✅ ағылшын тілін интенсивті режимде оқыту;
✅ ағылшын тілін шетелдік мұғалімдер оқытады;
✅ математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту;
✅ жоғары білікті мұғалімдер;
✅ шетелдің тәжірибелі мамандарынан білім алу мүмкіндігін ұйымдастыру;
✅ оқыту процесінде баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын технологиялар қолданылады;
✅ оқу бағдарламасының икемділігі, балалардың өздерін қызықтыратын пәнді таңдай алу мүмкіндігі;
✅ заманауи материалдық-техникалық база;
✅ үйірмелер: шахмат, гимнастика, волейбол, футбол, фортепиано, домбыра, актерлық шеберлік, би, дизайн, робототехника, карате, қол өнері, кино және теледидар;
✅ мектепте мұғаліммен бірге үй тапсырмасын орындау;
✅ теңгерімді тамақтану;
✅ мектептегі балалардың қауіпсіздігі, заманауи бейнебақылау (әр сыныпта ата-аналарға балалардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін камералар орнатылған);
✅ оқушылардың максималды қауіпсіздігі, мектеп аумағының қорғалуы;
✅ баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін сапалы әрі ыңғайлы парталар;
✅ мектеп қызметінде білім берумен қатар тәрбиелік бағытқа аса мән беріледі.
📞 8 (72534) 6-27-69, +77023581558 (WatsApp,Telegram)
Мекен-жайы: Жетісай қаласы, Омаршаев көшесі, 7а
24/12/2021
ЖАҚЫНДА «СЫРДАРИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ АШЫЛУЫ
Syrdariya school артықшылықтары:
✅ ағылшын тілін интенсивті режимде оқыту;
✅ ағылшын тілін шетелдік мұғалімдер оқытады;
✅ математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту;
✅ жоғары білікті мұғалімдер;
✅ шетелдің тәжірибелі мамандарынан білім алу мүмкіндігін ұйымдастыру;
✅ оқыту процесінде баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын технологиялар қолданылады;
✅ оқу бағдарламасының икемділігі, балалардың өздерін қызықтыратын пәнді таңдай алу мүмкіндігі;
✅ заманауи материалдық-техникалық база;
✅ үйірмелер: шахмат, гимнастика, волейбол, футбол, фортепиано, домбыра, актерлық шеберлік, би, дизайн, робототехника, карате, қол өнері, кино және теледидар;
✅ мектепте мұғаліммен бірге үй тапсырмасын орындау;
✅ теңгерімді тамақтану;
✅ мектептегі балалардың қауіпсіздігі, заманауи бейнебақылау (әр сыныпта ата-аналарға балалардың іс-әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін камералар орнатылған);
✅ оқушылардың максималды қауіпсіздігі, мектеп аумағының қорғалуы;
✅ баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз ететін сапалы әрі ыңғайлы парталар;
✅ мектеп қызметінде білім берумен қатар тәрбиелік бағытқа аса мән беріледі;
✅ балаларды мектепке және үйлеріне жеткізу.
📞 8 (72534) 6-27-69, +77023581558 (WhatsApp,Telegram)
Мекен-жайы: Жетісай қаласы, Омаршаев көшесі, 7а
https://syrdariya.edu.kz/kz/media/item/109