24/10/2020
Ықылас сүресіндегі кереметтерінің бірі ашылды - Sunna.kz Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты
Мәйекті мақал-мәтелдер, образды ойлар, бабалар сөзі, тағылымды жазбалар, маңызды ақпараттармен сусындай аласыздар.
24/10/2020
Ықылас сүресіндегі кереметтерінің бірі ашылды - Sunna.kz Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты
23/02/2020
ӘУЛИЕ МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ АСТРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМЫ (20 ғ.)
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр,
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.
Сұм мен қуды-- шулатқан дабырымен,
Сұрайды Алла тұрғызып қабірінен.
Алашты да сынаған қыл көпірде,
Аман шықты одан да ол — Сабырымен.
«Тәңірі» деген ілтифат-базынаңа,
Бұл— Құдайдың жасаған назы ғана;
Жерге сіңген көз жас пен маңдай терің,
Жер астында айналған қазынаға.
Алтын басың сан мәрте дауда қалған,
Дауда қалған,
Сатылған,
Саудаланған!
Нақаһтан бір қан төккен ерің жоқ-ты,
Жерің жоқ-ты біреуден жаулап алған!
Көк Бөрінің сен де көк байрағы едің,
Мен де сенде бұлбұлдай сайрап едім.
Адамзаттың көзіне тік қарайтын,
Бір жұрт болса,
Сол—Сенсің, қайран, елім!
Сен едің ғой Тұранның кемел елі,
Алтын Ордаң о дағы ерен еді.
Адамзатқа құшағын ашқан жұртты,
Алланың бір алқауы керек еді!
Қаншама уақыт көзтүркі,мазақта өстің,
Қаншама уақыт қан кештің, азап кештің;
Үш ғасырдай бодан боп, аман қалған,
Қастық жасай алмайды қазаққа--
Ешкім!
Жыр мен күйің хисса ғой,-- зарың—әрі,
Ананың ақ сүтіндей—арың әлі!
Түбі Әлемді өзіне жалт қаратар,
Түріктердің Сен—
Қара Шаңырағы!
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр;
Босаға мен төріңді аласта бір;
Адамзатта болмаған алтын заман
Келе жатыр Алладан Алашқа бұл.
23/02/2020
Құнанбайдың нақыл сөздері - Sunna.kz Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты
20/02/2020
03/11/2016
"Қасым хан жанымызға төнген жауларымызды қосып алып, жерімізді кеңейтіп, батыстағы Алтын орданың астаналарының бірі болған Сарайшықты арнайы басып алған. Қасым хан жаңа
құрылған Қазақ хандығын Алтын орданың мұрагері ретінде көрген. Ол ары қарай ноғайларды да қосып алуды армандады. Ал, Ноғай ордасы - бүгінгі бүкіл оңтүстік Ресей. Сол тұста оның 300 мыңға дейін әскері болды. Ол заман үшін бұл - өте көп әскер. Бүгінде сол Қасым ханның ескерткіштерін
қойып, көшелерге атын беру, күнделікті өмірде атын жиі атау - бұл біздің геосаяси империялық санамызды қайта жаңғыртатын жайт. Біз дәл қазір сыртқы саясатта белсенді болып, өз ықпалымызды Қырғызстан, Өзбекстанға дейін күшейтіп, Ресей мен Қытайға өз шамамызды мойындата білуіміз керек."
Berik Abdygaliuly
23/10/2016