20/09/2022
20.09.2022ж. Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша “Право” Қоғамдық қорының заңгері Рамазан Әсел Ерланқызы және психолог Амангелдіқызы Нұрай семинар өткізді. Ұйымдастырушылар: Құқықтық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджері Молдабеков Архат Сейткалиевич және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Жұрсынқанұлы.
19/09/2022
2022 жылы 19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп гимназиясында «Педагогикалық технологиялар жеке-тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері» тақырыбында көркем еңбек мұғалімдеріне семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін арттыру, білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Семинарға көркем еңбек мұғалімдері, білім беруді жаңғырту орталығындағы көркем еңбек пәнінің әдіскері Ж.Даримбетов қатысты.
Семинар барысында «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» тақырыбында мектебіміздің көркем еңбек мұғалімдері А.Байстенова баяндамасын слайд презентациямен түсіндірді және «Сазбалшықтан құмыра жасау» тақырыбында көркем еңбек мұғалімі Т.Жолдибеков шебер сынып өткізді.
«Жапсырмалау өнері.Жыл мезгілдерін жасау», «Дымқыл техникада сурет салу», «Аралас техникада натюрморт салу» тақырыптарында басқа мектептегі әріптестеріміз шебер сыныптар көрсетті
Қалалық семинардың өту барысы бойынша кері байланысты көрсетілген QR кодтар бойынша Падлет бағдарламасына кіріп, семинардан алған әсерлерімен қатысқан мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.
15/09/2022
15.09.2022ж.Фариза Оңғарсынова атындағы 77мектеп-гимназиясында отбасына күніне орай жоспарланған іс-шара аясында спорттық сайыс ұйымдастырылды.Бұл спорттық сайыс 4,5,6,7сыныптар арасында оздырылды.Әр сыныптан бір отбасы Әке,ана,ұл,қызы қатысып,берілген спорттық сайсыстың барлық кезеңдерін отбасымен шапшаңдықпен бірге орындады.4сыныптар арасында 7отбасы қатысып өз бақтарын сынады..Түрлі спорттық кезеңдер бойынша тапсырманы орындап,іс-шара өте қызықты,тартымды өтті.Өздеріне қарсылас болған басқа топтардан оза шыққан сыныптардың ата -аналарына алғыс хат беріліп, мектеп әкімшілігі орын алған барлық отбасын құттықтап,марапаттап,алғыстарын білдірді.Осындай салауатты өмір салтын ұстанатын түрлі спорттық жарыстар,байқаулар әліде мектеп-гимназиямызда жалғасын тауып,ұйымдастырылатын айтқымыз келеді .
#білімжаңғыртуорталығы
15/09/2022
14.09.2022ж.Ф.Оңғарсынова атындағы 77мектеп-гимназиясында мектепшілік Эвакуацияға дайындық жұмыстарын көрсету бағытында мектепшілік іс-шара ұйымдастырылды.Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Жүніс Шамиханұлы ережеге сай әр тоқсанда бір болатын осы шараны түске дейінгі ауысымдағы 5,-11сынып оқушыларын дабыл қаққан кезде минутқа есептеп,қанша уақыт аралығында оқушыларымыз далаға шыққанын бақылады.Мектебіміздің барлық қосымша есіктері ашық болу керектігін айтып түсіндірді.Оқушыларға алдын ала түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.Эвакуация кезінде қалай жағдайдың алдын алуға болатыны жайлы айтып жеткізді.Іс-шараға оқушылармен бірге сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріде қатысты.