15/12/2021
💡Білімді жастар - еліміздің болашағы!
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті.
Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
22/10/2021