12/06/2026
Техникалық шығармашылықтағы жарқын жеңіс
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарымен кездесті.
2026 жылдың 30 мамыры мен 7 маусымы аралығында Орал қаласында өткен Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік және кеме құрастыру) республикалық жарысына еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 180 оқушы қатысты.
Жамбыл облысының құрамасы жарыста тамаша нәтиже көрсетіп, 8 оқушы І орынға, 1 оқушы ІІІ орынға ие болды. Нәтижесінде облыс қоржынына 9 жүлде түсті.
Айта кету керек, Жамбыл облысының құрамасы 2019–2026 жылдар аралығында аталған республикалық жарыста қатарынан 8 жыл бойы командалық есепте І орынды иеленіп келеді. Бұл – оқушылардың таланты мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі.
Кездесу барысында басқарма басшысы жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс білдіріп, алдағы байқауларда да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
10/06/2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ» АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасының» республикалық кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды спорттық шараға республиканың барлық аудан-қалаларынан келген жас спортшылар, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, жаттықтырушылар, төрешілер және спорт жанашырлары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, дарынды спортшыларды анықтап, қолдау көрсету.
Салтанатты шара «Салтанат» биімен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Ашылу рәсімінде сөз алған құрметті қонақтар қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында ұйымдастырушылар Ұлттық мектеп лигасының оқушылардың жан-жақты дамуына, көшбасшылық қасиеттерінің қалыптасуына және бұқаралық спорттың өркендеуіне қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Биылғы жарыстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар бекіткен ережеге сәйкес спорттың 10 түрі бойынша өткізіліп, 800 жуық баланы қамтиды. Атап айтқанда:
* Баскетбол – «Алтын доп»;
* Волейбол – «Шұбар доп»;
* Гандбол – «Ұшқыр доп»;
* Футбол – «Былғары доп»;
* Тоғызқұмалақ;
* Үстел теннисі;
* Асық ату және бес асық;
* Шахмат – «Ақбозат»;
* Футзал – «Теңбіл доп»;
* Жеңіл атлетика.
Жарыстар 5–6 сынып, 7–8 сынып және 9–11 сынып оқушылары арасында өткізіліп, әр жас ерекшелігі бойынша үздіктер анықталады.
Мерекелік іс-шара барысында өнерпаз оқушылардың орындауындағы әндер мен би композициялары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Вокал» студиясының тәрбиеленушілері орындаған музыкалық нөмірлер жас спортшыларға ерекше рух берді.
Ұлттық мектеп лигасы бүгінде еліміздегі ең ауқымды мектептік спорт жобаларының бірі саналады. Жоба оқушылардың спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың достық қарым-қатынасын нығайтуға, жеңіске деген жігерін шыңдауға ықпал етеді.
09/06/2026
«Арнайы білім беру беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 3-4 маусым күндері арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтерінің тәжірибесін тарату, жеке тұлғаның әлеуметтік кәсіби рерсурстарын және АББ ұйымы педагогтерінің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық конкурсының І облыстық кезеңі өтті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын практикада іске асыратын шығармашыл жұмыс істейтін, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау, мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби иммиджін қалыптастыру, педагогикалық инновациялар мен шығармашылық белсенділікті көтермелеу, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогтердің қызметін дамыту, педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіруде педагогтер өз тәжірибелерін ұсынды.
«Арнайы мектептің үздік педагогі» номинациясы бойынша байқаудың І облыстық кезеңіне қатысқан арнайы мектеп интернаттардың педагогтері конкурсқа қатысқаны үшін Алғыс хаттарға ұсынылды. «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үздік маманы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №1 ПМПК сурдопедагогі Л.Сейдазимова І дәрежелі, облыстық ПМПК олигофренопедагогі Н.Кемелбек ІІ дәрежелі, №1 ПМПК әлеуметтік педагогі Ф.Жарылқасынова ІІІ дәрежелі, «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының үздік педагогі» номинациясы бойынша Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім-дефектологі Е.Окс І дәрежелі, «Оңалту» орталығының педагог-психологі Ж.Бегимбаева ІІ дәрежелі, Байзақ ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі Н.Әміралиева ІІІ дәрежелі, Тараз қаласы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологі М.Куляева ІІІ дәрежелі, «Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогі» номинациясы бойынша Тараз қаласы №8 бөбекжай-бақшасының дефектологі А.Алсай І дәрежелі, Тараз қаласы №44 «Ертарғын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі М.Қуатбекова ІІ дәрежелі, Тараз қаласы №32 «Ботақан» бөбекжай-башасының логопеді А.Есенқұл және №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының логопеді Ж.Базарбек ІІІ дәрежелі дипломдарды иеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен педагогтер марапатталып, жүлделі І орынды иеленген педагогтердің материалдары конкурстың ІІ кезеңіне жіберіледі.
09/06/2026
Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» байқауының республикалық кезеңі өтті.
Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №35 «Ер Төстік» бөбекжай-бақшасы І орын, №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген үздік бағдарлама» номинациясын иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!