Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы

Share

Образования школа

09/07/2026

📢 БОЛАШАҚ СТУДЕНТТЕРГЕ КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІК! 🌏🎓
Құрметті талапкерлер, ата-аналар және білім алуға қызығушылық танытушылар!
Сіздерді Woosong University Kazakhstan университетінің Ашық есік күніне шақырамыз!
Бұл – халықаралық білім беру мүмкіндіктерімен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алуға, профессорлармен кездесуге және болашақ оқу жолыңызды жоспарлауға тамаша мүмкіндік.
📅 Күні: 10 шілде
⏰ Уақыты: 10:00–18:00
📍 Мекенжайы: Түркістан қаласы, 160-шы орам, 39-шы ғимарат
Ашық есік күнінде сіздер: ✅ Бакалавриат және магистратура бағдарламалары туралы ақпарат аласыздар;
✅ Гранттар мен оқу мүмкіндіктерімен танысасыздар;
✅ Профессорларға сұрақ қойып, кеңес ала аласыздар;
✅ Халықаралық білім алу жолдарын зерттейсіздер.
Болашағыңызды бірге құрайық! Сіздерді асыға күтеміз! ✨
📞 Байланыс телефондары:
+7 776 046 6851
+7 776 046 6853

#АшықЕсікКүні
#БолашақСтудент
#ХалықаралықБілім
#СапалыБілім
#МамандықТаңдау
#Түркістан
#ЖастарБолашағы
#БілімгеҰмтыл
#Талапкер2026

Photos from Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы's post 18/05/2026

Құрметті !
Отырар ауданы,Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия 4-9-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен білім беру саласының қызметкерлері!
2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Құжат талаптарына сәйкес, білім беру ұйымдарында келесі әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🚫 Бітіру іс-шараларын өткізу:
Мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде (мейрамханалар, дәмханалар, жалдамалы пәтерлер мен демалыс аймақтарында) бітіру кештерін (банкеттер) ұйымдастыруға;
🚫 Заңсыз ақша жинау:
Түрлі сылтаулармен (мектепке немесе ұстаздарға сыйлық, мерекелік дастарқан, мерекелік шаралар және т.б.) ата-аналардан қаражат жинауға.
🎯 Біздің мақсатымыз:
Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірімізде іске асырылып жатқан «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасын сапалы орындау. Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шаралар даңғазалықсыз, заң шеңберінде және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтуі тиіс.
⚠️ МАҢЫЗДЫ: Аталған мәселе білім басқармасы басшылығының қатаң бақылауында болады. Ережелердің сақталуын қамтамасыз ету — бәрімізге ортақ міндет.
Түсіністік танытып, заңдылықты сақтауға атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

13/05/2026
08/05/2026

Құрметті ата-аналар мен білім беру саласының қызметкерлері!
2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Құжат талаптарына сәйкес, білім беру ұйымдарында келесі әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🚫 Бітіру іс-шараларын өткізу:
Мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде (мейрамханалар, дәмханалар, жалдамалы пәтерлер мен демалыс аймақтарында) бітіру кештерін (банкеттер) ұйымдастыруға;
🚫 Заңсыз ақша жинау:
Түрлі сылтаулармен (мектепке немесе ұстаздарға сыйлық, мерекелік дастарқан, мерекелік шаралар және т.б.) ата-аналардан қаражат жинауға.
🎯 Біздің мақсатымыз:
Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірімізде іске асырылып жатқан «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасын сапалы орындау. Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шаралар даңғазалықсыз, заң шеңберінде және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтуі тиіс.
⚠️ МАҢЫЗДЫ: Аталған мәселе білім басқармасы басшылығының қатаң бақылауында болады. Ережелердің сақталуын қамтамасыз ету — бәрімізге ортақ міндет.
Түсіністік танытып, заңдылықты сақтауға атсалысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Photos from Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы's post 29/04/2026

1 Мамыр ынтымақ пен бірлік мерекесі қарсаңында
“Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында ардагер ұстаздардың құрметіне жабдықталған 10 кабинеттің ашылу салтанаты өтті

Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ардагер ұстаздарды ұлықтауға арналған ерекше шара өтті.
Мектеп қабырғасында бірқатар жаңа кабинеттер мен білім беру кеңістіктерінің салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, олар ел болашағын тәрбиелеуге өмірін арнаған ардагер ұстаздардың есімімен аталды. Бұл игі бастама – жас ұрпаққа үлгі, ұстаз еңбегіне деген құрметтің айқын көрінісі.

Іс-шараның басты мақсаты – ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие қалдырған ұстаздардың еңбегін ұлықтау, олардың есімін мәңгі есте қалдыру. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің өкілдері, ауыл әкімдігі, ардагер ұстаздар, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты.

Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназияның
🌹”Мәжіліс залы” ардагер ұстаз Белгібай Мария Имансарықызының атына берілді. Мәжіліс залының лентасын қию рәсімі гимназия директоры Сарсенбаев Талғат Жұматайұлы және еңбек ардагері Жабатаев Зәмір ағайға ұсынылды.

🌹” Ата-аналарды педагогикалық қолдау” кабинеті ардагер ұстаз Байжұман Қалдан Сыпабекқызының есімімен ашылып, лента қию рәсімін Отырар аудандық және мектеп-гимназия ата-аналар комитетінің төрағасы Жарабек Оралбек атқарды.

🌹205 кабинет – информатика кабинеті Тұрлыбек Мейрамкүл апайдың атымен ашылып, лентасын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ембай Дархан ағай лентасын қиды.

🌹 207 кабинет – математика кабинеті Тұрмағанбетова Лаззат апайдың атына беріліп, лентасын ауыл әкімі Қыдыров Ғалым Сағындықұлы мен ұлағатты ұстаз Байжанова Кенже Әсілханқызы қиды.

🌹 303 кабинет – «Құқықтану» кабинеті ұстаз Тәжібаев Қалмырза ағайдың атымен ашылып, салтанатқа оның жары, ардагер ұстаз Ештаева Гүлшархан апай қатысып, лента қию рәсімін аудандық білім бөлімінің әдіскері Жақыпбек Злиха Әсенқызы және Ештаева Гүлшархан апай бірге атқарды.

🌹 304 кабинет – қазақ әдебиеті кабинеті ұлағатты ұстаз Сейітова Злиха апайдың атына беріліп, аудандық білім бөлімінің бас маманы Бекмұрат Бақыт лентасын қиды.

🌹 306 кабинет – геометрия кабинеті Киізбаева Рая Қанафияқызының есімімен ашылып, лентасын аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ембай Дархан ағай, аудандық білім бөлімінің бас маманы Бекмұрат Бақыт ағай және ұстазымыз Серғали Қанафияұлы қиды.

🌹 307 кабинет – «Ән және музыка» кабинеті Орынбеков Абылайхан ағайдың атына беріліп, салтанатқа оның жары, ардагер ұстаз Әмзеева Айсулу Мүсілімқызы қатысты. Лента қию құрметі Жамбыл атындағы мектеп-лицей директоры Қылышбаева Қадиша Әуесқызына берілді.

🌹 111-кабинет еңбек ардагері Жақыпбек Құтыш ағай мен ардагер ұстаз Есімова Рыскүл апайдың атымен ашылып, ардагер ұстаз Жақыпбек Боранбай, және Төлімбетов Боранбай ағай лентасын қиды.
🌹 108 кабинет ардагер ұстаз Дәрімбекова Күлзада апайдың атына беріліп, лента қию рәсімін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ембай Дархан ағай атқарды.

Бұл шара – тек жаңа кабинеттердің ашылуы ғана емес, білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға деген құрметтің белгісі. «Ұстаз – ұлы тұлға» деген ұғымның мәнін айқындай түскен бұл игі іс білімді,тәрбиелі,үлкенді құрметтейтін “Адал азамат” қалыптастыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз!
Үлкенді құрметтеу,еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету біздің парызымыз!

14/04/2026

📢 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Түркістан облысы
Отырар ауданы
Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының түлектерінің мектеп бітіру іс-шаралары қарсаңында “Сыбайлас жемқорлықтың алдын -алу”мақсатында ата-аналардан қандай да бір мақсатта ақша жинауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.
Мектеп бітіруші түлектеріміздің рұқсатсыз іс-шаралар ұйымдастырмауын және заң талаптарына қайшы келетін қаржы жинауға жол бермеуін сұраймыз. Төмендегі ескертпелерді назарда ұстауларыңызды өтінеміз:

📌Мұғалімдерге сыйлық беру – міндетті емес
📌Материалдық сыйлықтар беру – заңға қайшы
📌Ұстаздарға ең құнды сый – құрмет пен алғыс
📌Баршаға бірдей әділдік қағидатын сақтау
📌Мұғалімдерді ыңғайсыз жағдайға қалдырмау
📌Ата-аналар комитеті арқылы да ақша жинамау
📌Мерекені материалдық құндылықтармен өлшемеу
📌Балаларға дұрыс үлгі көрсету
📌Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау
📌Ұстазға құрмет пен алғыс – ең үлкен сый

Құрметті ата-аналар!
Біздің мақсатымыз – сапалы білім беру және тәрбиелі адал азамат қалыптастыру. Сондықтан мереке қарсаңындағы ең жақсы сыйлық – шынайы алғыс пен жылы лебіздеріңіз болсын.

📞 Байланыс үшін:
Ш.Қалдаяқов атындағы гимназия директоры:
Сарсенбаев
Талғат
Жұматайұлы
87052464322

Want your school to be the top-listed School/college in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Жібек жолы
Türkistan
160700

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00