Woosong University Kazakhstan
Official Facebook Account of Woosong University Kazakhstan (WSUK)
Working hours: 09:00 - 18:00
05/06/2026
📢 Жаңа технологиялық хаб Түркістаннан басталады
Бүгін жергілікті басылымда Woosong University Kazakhstan академиялық директоры Ким Бон Кён мырзамен сұхбат жарық көрді.
Сұхбатта университетіміздің білім беру философиясы, халықаралық стандарттарға негізделген оқу жүйесі, ағылшын тіліндегі білім беру, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және болашақ мамандарды даярлау бағыттары туралы айтылды.
Woosong University Kazakhstan – корей білім беру тәжірибесін Қазақстанға алып келіп, студенттерге жаһандық деңгейдегі мүмкіндіктер ұсынуды мақсат етеді.
Осындай маңызды ақпаратты қоғамға жеткізуге үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл университетіміздің танымалдылығын арттырып, Түркістанды халықаралық білім беру орталығы ретінде дамытуға бағытталған тағы бір қадам.
InternationalEducation StudyInKazakhstan FutureLeaders AI Technology EducationInnovation
04/06/2026
Ашық есік күні
📍 Түркістан, Жаңа қала, Вусонг университеті
09.00-18.00
Университетке барлықтарыңызды шақырамыз✨
04/06/2026
Астана қаласында
🇰🇿🇰🇷12 маусым
📍 Orta community
41/1 мәңгілік ел көшесі
өтетін Woosong University Kazakhstan ақпараттық сессияға шақырамыз. Университет өкілдерінен тікелей мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоя аласыздар✨
04/06/2026
🇰🇿🇰🇷11 маусым 12:00-14:00
📍 KAU, Toraigyrov 43, Алматы қаласында өтетін ақпараттық сессияға келіңіздер. Университеттің өкілдеріне тікелей сұрақ қоя аласыздар.
Пікір бөліміне + қалдырсаңыздар, тіркелу формасын жібереміз
Мечтаешь получить международный диплом? 🎓🇰🇷
Поступай в Woosong University Kazakhstan - первый корейский университет в Казахстане!
Приходи на информационную сессию в Алматы и Астане и узнай всё о:
🔹 грантах и скидках
🔹 образовательных программах
🔹 условиях поступления
🔹 международных возможностях для студентов
Задай все интересующие вопросы и получи консультацию напрямую от представителей университета.
⏳ Количество мест ограничено!
Чтобы зарегистрироваться, оставь «+» в комментариях — мы отправим тебе форму регистрации.
📍 в Алмате - 11 июня
Адрес: KAU, Toraigyrov 43, Almaty
📍в Астане - 12 июня
Адрес: Orta community, 41/1 Мәңгілік ел көшесі
Халықаралық диплом алғыңыз келе ме? Woosong University
Кореялық білімді Қазақстанда ұсынады.
11 маусымда Алматыда 12 маусым Астанада өтетін ақпараттық сессияға қатысып, гранттар және тағыда басқа сұрақтарыңызға жауап алыңыздар. Орын саны шектеулі, пікір бөліміне + қалдырсаңыз тіркелетін форманы жібереміз
03/06/2026
🎓 Woosong University Kazakhstan-ға қабылдау қалай жүргізіледі?
2026 оқу жылына қабылдау бірнеше көрсеткіштің негізінде жүзеге асырылады. Әр талапкердің өтінімі жеке қарастырылып, төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
📊 Қабылдау балының құрылымы:
✅ ҰБТ нәтижесі - 50%
✅ Мектептегі GPA (үлгерім көрсеткіші) - 20%
✅ Ағылшын тіліндегі сұхбат - 30%
💡 Сонымен қатар IELTS нәтижесі үшін қосымша балл беріледі.
📌 Ағылшын тілі бойынша талап:
• IELTS 5.0 немесе соған тең халықаралық сертификат
• Қабылданатын емтихандар:
IELTS, TOEFL iBT, Oxford Test, CEFR, Duolingo English Test, TEPS, PTE Academic, TOEIC
📌 Ерекше жағдайлар:
🔹 Егер халықаралық ағылшын сертификатыңыз болмаса, бірақ ҰБТ-дағы ағылшын пәнінен нәтижеңіз 65%-дан жоғары болса, бұл IELTS 5.0 деңгейіне теңестірілуі мүмкін.
🔹 ҰБТ нәтижесі бойынша үздік 15% қатарына кірген талапкерлер ағылшын тілі сертификатын тапсырмай-ақ өтініш бере алады.
📑 Қажетті құжаттар:
• Онлайн өтінім (Application Fee - $50)
• Жеке куәлік немесе паспорт
• Аттестат
• Транскрипт (бағалар тізімі)
• ҰБТ сертификаты (бар болса)
• Ағылшын тілі сертификаты
• Ұсыныс хат (міндетті емес)
📍 Неліктен сұхбат өткізіледі?
Сұхбат барысында университет оқытушылары талапкердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау деңгейін, мотивациясын және оқу бағдарламасына дайындығын бағалайды.
🌏 Woosong University Kazakhstan - халықаралық деңгейдегі білім, кореялық стандарт және әлемдік мүмкіндіктер!
📩 Қабылдау туралы толық ақпарат алу үшін Direct немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
Türkistan
161200