Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»

Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»

Share

Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар жылы»

Photos from Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»'s post 01/12/2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР: КОЛЛЕДЖАРАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Жұмысшы мандықтар» жылы аясында Кентау қаласындағы №7 колледж базасында Түркістан облысы колледждерінің арасындағы «Табысты колледж - 2025» инновациялық байқауы өтті.

Мақсат - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тұрақты дамуын қолдау, инновациялық шешімдердің негізінде сапалы білімді қамтамасыз ететін, біліктілігі жоғары мамандарды дайындайтын озық колледждерді анықтау және марапаттау.

Аталған іс-шараға облыстың 16 колледжі қатысты. Байқауда «Атамекен» ӨКП ұсынған мамандары сарапшылық етті.

Байқауға токарлық іс, электр жабдықтары, нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі, темір жол транспортындағы автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару, ветеринария, электрмен қамтамасыз ету, кәсіптік оқыту, ара шаруашылығы салаларын қамтитын жобалар, жаңа шешімдер және өнімдер ұсынылды.

Байқау нәтижесі бойынша:
І орын - №7 колледж;
ІІ орын - Д.Құрманбеков атындағы №20 колледж;
ІІІ орынды №8 колледж иеленді.

Сонымен қатар ұтымды жобаларын ұсынған Кентау арнаулы кәсіптік колледжі, №14 колледж, Мақтаарал аграрлық колледжі сәйкесінше «Тиімді жоба», «Заманауи жоба», «Саладағы озық жоба» номинацияларымен марапатталды.

Photos from Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»'s post 17/10/2025

ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТ «AGROLEAGUE – 2025» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

«Жұмысшы мамандықтар» жылы шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің халықаралық «AgroLeague -2025» байқауы өтті.
Байқау мақсаты – ауыл шаруашылығы саласы бойынша оқитын студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдау, жастарды ауыл шаруашылығы саласына тарту, олардың агроөнеркәсіп саласындағы бәсекеге қабілеттілігі мен жұмысқа орналасу мүміндігін арттыру.
Бес кезеңнен тұратын қонкурс нәтижесінде Ордабасы ауданына қарасты №18 колледжінің ауылшаруашылығын механикаландыру бөлімінің ІІ курс студенті Әлжан Шадияр І орынды иеленді. Аталған құзыреттілік бойынша облыс намысын қорғаған жеңімпаз студент республиканың түкпір-түпкірінен келген агро саласындағы колледждер арасында жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Жамбыл облысының №9 Меркі колледжінде өткізілген халықаралық байқауға Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары және Өзбекстан, Қырғыстан елінен келген студенттер қатысты.

Photos from Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»'s post 03/09/2025

🛠️ЖАСТАРДЫ КӘСІБИ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ЗАУЫТҚА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗІЛДІ

✅Жаңа оқу жылының басталуына орай Кентау трансформатор зауытында «Білім келешегі: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

📌Шараның негізгі мақсаты – білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыру және жастарды кәсіби қолдау. Іс-шара барысында колледжге жаңадан қабылданған І курс студенттері ресми түрде көпшілікке таныстырылды.

👨🏻‍🏭«Кентау трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов пен зауыт ардагерлері студенттер мен ата-аналарды құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, Түркістан облысы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Рысалды Нәлжігітова және Білім беруді дамыту орталығының әдіскері Динара Смагулова колледж ұжымына алғыс хаттар табыстады.

⚙️Шара аясында қатысушылар үшін шеберлік сабақтары өткізіліп, зауытқа экскурсия ұйымдастырылды. «Alageum» оқу орталығының арнайы кабинеттерінде өткен тәжірибелік сабақтарда І курс студенттері заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасап, өндірістік бөлшектердің құрылымымен танысты. Бұл тәжірибе олардың теориялық білімін практикамен ұштастыруға және кәсіби қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.

👨🏻‍💻Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы салтанатты жиындар, шеберлік сабақтары мен экскурсиялар жастардың ынтасын күшейтіп, жаңа оқу жылының сәтті басталуына жол ашады.

Photos from Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»'s post 02/09/2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ӨҢІРДЕ АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында әлеуметтік қолдау, білім беру және еңбек нарығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев мәлімдеді.

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» ретінде жарияланып, өңірде осы бағытта кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыс әкімі бекіткен 7 бағыттан тұратын 64 тармақты жоспар аясында кәсіптік білім беру, жұмысшы мәртебесін көтеру, жастарға кәсіптік бағдар беру және еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етуге басымдық берілді.

Облыстағы 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 47 мыңнан астам студент 75 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оның ішінде, 16 500-ден астам студент 38 жұмысшы мамандығы бойынша даярлануда. 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік грант бөлініп, оның 9 500-і жұмысшы мамандықтарына бағытталды.

Сондай-ақ, дуалды білім беру жүйесі қарқын алып келеді. Облыстағы 35 колледж 654 кәсіпорынмен 64 мамандық бойынша келісімге келіп, нақты өндірістік тәжірибеге негізделген оқыту жүйесі жолға қойылған.

Түркістан облысында жастарды еңбекке баулу мен жұмыспен қамту бағытында ауқымды форумдар мен байқаулар ұйымдастырылуда. «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» форумы аясында 100-ге жуық түлек нақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1500 бос жұмыс орны ұсынылған жәрмеңкеде жұмыс берушілер мен жастар тікелей байланыс орнатты.

Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. 2024-2025 оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, өңірдегі 115 мектеп кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Бүгінде 100 білім ошағы жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар мектептердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын және заманауи стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім ошақтарының 100% жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылған. Турникет, дабыл түймесі және күзетпен қамтылу мәселесі толық шешімін тапқан.

Облыста 67 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша 1200-ден аса педагог қатысып, оның 78%-ы басқарушы лауазымдарға тағайындалды. Жыл соңына дейін 16 мыңнан астам ұстаз біліктілігін жетілдіруі жоспарланған.

Алғаш рет енгізілген «Ұстаз» ұлттық платформасында 12 826 педагог аттестациядан өтуде. Бұл жүйе педагогтерді ынталандырып, кәсіби дамуға жаңа серпін беруде.

Түркістан облысында Президент Жолдауын іске асыру аясында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жастарды еңбекке тарту, білім беру жүйесін жаңғырту және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру бағыттарында нақты қадамдар жасалуда. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, Әділетті Қазақстан құру жолында маңызды үлес қосып отыр.

02/09/2025

🤝 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ БІРҚАТАР БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

📑Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ ынтымақтастық меморандум жасады. Маңызды қадам – өңіріміздегі кәсіби білім беру жүйесін жаңа сапаға бағыттайды. Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты облыста жүйелі шаралар атқарылуда. Колледждер мен өндіріс орындарының арасындағы тікелей байланыс орнатылып, өңір білікті жұмысшы күшіне, ал кәсіпорын қажетті кадрға қол жеткізуде. Маңызды кездесу барысында

✅Маңызды кездесу аясында компания өкілдері Түркістандағы колледждер мен жаңа ашылған Woosong University Kazakhstan жоғары оқу орнының базасымен танысты:

• «Көпсалалы индустриалды-техникалық» колледжінде – 35 оқу кабинеті, 7 зертхана, 20 шеберхана, спорт және жатақхана инфрақұрылымы бар;

• «Түркістан жоғары Болашақ» колледжінде – педагогика, бухгалтерия, IT, аспаздық, автоэлектрик сияқты мамандықтар бойынша мамандар даярлануда;

• «Woosong University Kazakhstan» студенттеріне 2+2 халықаралық қос диплом бағдарламасы ұсынылады.

📌 Болашақта түркістандық студенттер Кореядағы «Woosong» университетінде бір немесе екі семестр оқып, екі елдің дипломын иелену мүмкіндігіне ие болады. Облыс әкімдігі тарапынан 100 талапкерге грант бөлініп, алғашқы жеңімпаздар анықталды.

02/09/2025

🤝ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМ ЖАСАДЫ

✅Түркістан қаласында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, депутаттар, сала басшылары мен студенттер қатысты.

📌 Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру бойынша нақты қадамдар жасалды.⠀

– Бұл ынтымақтастық кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтереді. Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыста колледждер мен өндіріс орындары арасында тікелей байланыс орнап, сұранысқа ие мамандар даярлануда, – деді облыс әкімі.

✅ Жиын барысында: Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ меморандумға қол қойды; • «СП Буденовское» кәсіпорны, Кентау көпсалалы колледжі және студент арасында үшжақты келісім жасалды; • «Қазақтелеком» АҚ пен «Woosong» IT университеті келісімге келді; • «Тәлімгер» жобасы аясында 2 түлек ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасты.

🔎 Сонымен қатар қатысушылар өңірдегі колледждердің оқу базасымен танысты.Бұл қадамдар жастардың кәсіби дамуына, өңірдің еңбек нарығын сапалы мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

#ТүркістанОблысы #СамұрықҚазына #Ынтымақтастық #ЖұмысшыМамандықтарЖылы #КәсібиБілім #ДуалдыОқыту #КолледжЖәнеӨндіріс #СтудентТәжірибесі #МаманДаярлау #ЖастарЖәнеЖұмыс
————-

🤝 ЗАКЛЮЧЁН МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ МЕЖДУ АКИМАТОМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ И АО «САМРУК-КАЗЫНА»

✅В городе Туркестан прошло мероприятие под названием «Предприятие и колледж – гарантия качественных специалистов». В работе приняли участие аким области Нуралхан Кошеров, представители АО «Самрук-Казына», депутаты, руководители профильных сфер и студенты.

📌 В ходе встречи были предприняты конкретные шаги по организации производственной практики студентов и их дальнейшему трудоустройству.⠀

– Это сотрудничество выведет систему подготовки кадров на новый уровень. В рамках объявленного Президентом «Года рабочих профессий» в области налажено прямое взаимодействие между колледжами и предприятиями, что позволяет готовить специалистов, востребованных на рынке труда, – отметил аким области.

✅ В ходе мероприятия: • подписан меморандум о сотрудничестве между акиматом Туркестанской области и АО «Самрук-Казына»; • заключено трёхстороннее соглашение между предприятием «СП Будёновское», Кентауским многопрофильным колледжем и студентом; • подписано соглашение между АО «Казахтелеком» и IT-университетом «Woosong»; • в рамках проекта «Наставник» двум выпускникам оказана поддержка в трудоустройстве на крупные предприятия.

🔎 Кроме того, участники ознакомились с учебной базой региональных колледжей.Данные шаги направлены на развитие профессиональных навыков молодёжи и обеспечение рынка труда области квалифицированными специалистами.

#ТуркестанскаяОбласть #СамрукКазына #Сотрудничество #ГодРабочихПрофессий #ПрофессиональноеОбразование #ДуальноеОбучение #КолледжИПроизводство #СтуденческаяПрактика #ПодготовкаКадров #МолодежьИТрудоустройство

02/09/2025

☑️Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында нақты қадамдар жасалды.

Photos from Түркістан облысы «Жұмысшы мамандықтар»'s post 02/09/2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ ЖАСАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында нақты қадамдар жасалды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл ынтымақтастық кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

– Бұл кездесу – өңіріміздегі кәсіби білім беру жүйесін жаңа сапаға бағыттайтын маңызды қадам. Президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты облыста жүйелі шаралар атқарылуда. Колледждер мен өндіріс орындарының арасындағы тікелей байланыс орнатылып, өңір білікті жұмысшы күшіне, ал кәсіпорын қажетті кадрға қол жеткізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында «Еңбек адамы – еліміздің тірегі. Бізге нақты кәсіби маман қажет. Жастар бір мамандықтың қыр-сырын терең меңгеруге ұмтылуы тиіс» деп атап өтті. Осы мақсатта биыл облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 15 500 мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Оның 9 500-і жұмысшы мамандықтарға бағытталып отыр. Сол себепті, өңіріміздің 50 колледжді заманауи өндіріс талаптарына бейімдей отырып, дуалды оқыту жүйесін кең көлемде енгізіп жатырмыз. Соның жарқын мысалы ретінде Түркістан индустриялық аймағында орналасқан «BNK group» және «Жасыл-Суық» компанияларын атап өткім келеді. Бұл кәсіпорындар колледждермен тығыз серіктестік орнатып, электрмонтер, дәнекерлеуші, электрик, техник-оператор сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді жұмысқа қабылдауда. Осы орайда, «Самұрық-Қазына» қорының құрамдас компаниялары тарапынан студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуге және әрі қарай жұмысқа орналастыруға бағытталған қадамдарын жоғары бағалаймыз. Сіздермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде облыс аймағында кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Бұл – жастардың бәсекеге қабілетті болуына және олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына бағытталған қадам, – деген Нұралхан Оралбайұлы колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге әкімдік тарапынан толық қолдау болатынын айтты.

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа 6 мамандық ашылды. Бұл – өндірістік сектордың, жұмыс берушілердің нақты сұранысынан туындаған шешім.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру көзделген.

Одан бөлек, жиын барысында дуалды оқыту бойынша «СП Буденовское» кәсіпорыны, Кентау көпсалалы колледжі және студент арасында үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ мен «Woosong» IT университеті келісімшартқа отырды.

Іс-шара соңында «Самұрық-Қазына» АҚ «Тәлімгер» жобасы аясында 2 бітіруші түлектің ірі кәсіпорындарда жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіп, еңбек кітапшасын тапсырды.

Осы күні іс-шараға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына экскурсия ұйымдастырылып, Түркістан қаласындағы «Көпсалалы индустриалды-техникалық» колледжі мен «Түркістан жоғары Болашақ» колледжінің базасы таныстырылды.

17/07/2025

🛠️⚙️АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Жұмысшы мамандықтар – нақты іс пен кәсіби шеберліктің үлгісіБүгінде қоғам дамуы үшін жұмысшы мамандықтарының маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Техникалық және жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Бұл — ел экономикасын алға бастырушы негізгі күш” деп атап көрсеткен болатын.Жұмысшы мамандығы – бұл тек табыс көзі емес, бұл – тұрақтылық, шеберлік және елге пайда әкелудің жолы. Электрик, дәнекерлеуші, аспаз, көлік жөндеуші, тігінші, құрылысшы – бұл мамандықтар нақты нәтиже мен практикалық біліктілікті талап етеді. Бұл салада нағыз кәсіби шеберге айналу – адал еңбек пен табандылықтың жемісі.Жұмысшы мамандықтардың басты ерекшеліктері: • Нақты нәтиже: қолмен істелетін жұмыстың нәтижесі көзге көрініп тұрады – салынған үй, жөнделген көлік, тігілген киім, дәмді тағам. • Тез жұмысқа орналасу мүмкіндігі: жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары. Көптеген кәсіпорындар жас мамандарды бірден жұмысқа қабылдайды. • Еңбек нарығындағы тұрақтылық: қандай жағдай болмасын, бұл кәсіптер ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. • Кәсіби өсу мүмкіндігі: дәнекерлеушіден – технологқа, механиктен – инженерге дейін өсудің нақты жолы бар. • Шетелде де сұранысқа ие: кәсіби білікті жұмысшылар Германия, Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде жоғары бағаланады.

17/07/2025

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып белгіленді. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, сондай-ақ жастарды нақты еңбекке бағыттау мақсатында қолға алынуда.

Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей үлес қосып отырған – жұмысшы мамандық иелері. Құрылысшы, электрик, дәнекерлеуші, механик, технолог, фельдшер, медбике сынды мамандар – экономиканың нақты секторындағы негізгі қозғаушы күш. Бұл кәсіптер тек сұранысқа ие емес, сонымен бірге тұрақты табыс көзі мен кәсіби дамуға кең мүмкіндік береді.

Want your school to be the top-listed School/college in Türkistan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Туркестан
Türkistan