English department

English department

Share

Zhanibekov university
Топ-3 университет Kz
Филология факультеті
Ағылшын тілі кафедрасы

Photos from English department's post 12/06/2026

2026 жылғы 25 мамыр мен 12 маусым аралығында Филология факультетінің 4-курс студенттері 6B01703 – «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жобаларын қорғауда.
Дипломдық жобаларды қорғау Ағылшын тілі кафедрасында өткізіліп, студенттер өздерінің зерттеу жұмыстары мен кәсіби құзыреттерін таныстыруда.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы:
🔹 Төраға – Суюбердиева А.А., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., аға оқытушы;
🔹 Маханова Ж.Қ. – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі;
🔹 Абрамова Г.И. – ф.ғ.к., «Ағылшын тілі» кафедрасының доценті;
🔹 Полатова С.Д. – PhD, қауымдастырылған профессор м.а., «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы;
🔹 Корпешова С.Ж. – Н.Д. Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-шебер.
📚 Дипломдық жобаны қорғау – білім алушылардың оқу барысында жинақтаған теориялық білімі мен практикалық тәжірибесінің нәтижесін көрсететін маңызды кезең.
Барлық бітіруші түлектерге сәтті қорғау, жоғары нәтижелер және болашақ кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
#ДипломдықЖоба #Қорғау

18/05/2026

30 сәуір 2026 жылы “Тұмар” оқу ғимаратының 428 дәрісханасында «Cultural Leadership and National Identity» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында мәдени көшбасшылықтың қоғамдағы рөлі, ұлттық болмысты сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды. 🇰🇿📚

Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұлттық сана мен мәдениеттің маңыздылығы туралы ой қозғады. Ашық тәрбие сағаты танымдық әрі мазмұнды форматта өтіп, студенттердің белсенді қатысуымен ерекшеленді.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! ✨

#АшықТәрбиеСағаты #ҰлттықҚұндылықтар

18/05/2026

📌 Кураторлық сағат | Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Бүгін біздің кураторлық топтарымызда өте маңызды және өзекті тақырыпты ашып талқыладық. «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» — бұл тек заңгерлер үшін емес, әрбір азамат үшін ең маңызды қағида!
Сағат барысында біз:
✅ Заңды білмеудің қандай салдары барын
✅ Күнделікті өмірде құқықтарымызды қалай қорғау керектігін
✅ Жауапкершілікті сезінудің неге маңызды екенін
талқыладық. Студенттеріміз өте белсенді болды, көптеген сұрақтар қойылды!
Естеріңізде болсын: Заң — бәріміз үшін бірдей! Оны білу — тек міндет емес, өзімізді және жақындарымызды қорғаудың ең күшті құралы.
Сіздің ойыңыз қандай? Комментарийге жазыңыз! 👇
#ЗаңдыБіл #Жауапкершілік #ҚұқықТәрбиесі #КураторлықСағат #УниверситетӨмірі

14/05/2026

«Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы Дроботова А.В. 1703-94 тобының 2-курс білім алушыларына “Food” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ 28/04/2026 күні өткізіліп, білім алушылардың лексикалық, коммуникативтік және практикалық бағыттағы дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында тақырыптық лексиканы белсенді қолдануға, ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға, тілдік болжам жасау қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ меңгерілген оқу материалын әртүрлі коммуникативтік жағдаяттарда қолдануға ықпал ететін интерактивті тапсырмалар пайдаланылды. Сабақ жылы шырайлы және нәтижелі білім беру атмосферасында өтті. Білім алушылар белсенділік, қызығушылық және өзара әрекеттесуге дайындық танытып, жаңа материалды меңгеруге жоғары ынта көрсетті.

27/04/2026

🌿 ЭКО ТРЕНД

Филология факультеті, Ағылшын тілі кафедрасы 1703-13 тобының білім алушылары қоршаған ортаны таза ұстау тақырыбында өз көзқарастарын видео арқылы жеткізді.

Тазалық — бұл жай ғана талап емес, ол — біздің өмір салтымыз. Қала, көше, аула — барлығы біздің әрекетімізге байланысты. Қалай қарасақ, солай қалыптасады.

Бұл видеода қарапайым, бірақ маңызды ой бар:
тазалық — әркімнен басталады.

Үлкен өзгеріс күтудің қажеті жоқ.
Бәрі кішкентай әдеттерден басталады.

🌱 Саналы бол
♻️ Табиғатты құрметте
💚 Таза орта қалыптастыр

#ЭкоТренд #ТазаӨмір #ЖасылОй

27/04/2026

📚⚖️ «Заң мен заман» тақырыбында өткен тәлімгерлік сағат

1703-63 тобы арасында «Заң мен заман» тақырыбында мазмұнды әрі қызықты пікірталас өтті. Тәлімгерлік сағат барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қазіргі қоғамдағы заңның рөлі мен маңызын талқылады.
Пікірталас қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Әрбір білім алушы өз көзқарасын дәлелдеп, өзекті мәселелерге белсенді қатысты.
Іс-шараны ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Жұмаділда Шапағат Азаматқызы ұйымдастырды.

#ЗаңМенЗаман #Пікірталас #СтуденттікӨмір #ТәлімгерлікСағат

22/04/2026

22.04.2026 күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Филология факультеті Ағылшын тілі кафедрасының доценті Байниязов Аябек Жандарбекұлы мен аталған кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Байниязова Жанар Тулеубаевна Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға университеттің бакалавр білім беру бағдарламалары кеңінен таныстырылып, университетте оқытылатын барлық мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар талапкерлерге «Ұстаздар шеберханасы» атанған оқу орнымыздың бұрынғы түлектері, оқу үдерісіның ұйымдастырылуы, студенттеріміздің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық бағдарламаларға қатысуы, шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс, тәжірибеден өту мүмкіндіктері жайлы түсіндірілді.
Кәсіптік бағдар жұмыстары аясында оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, жеке қабілет пен қызығушылыққа сай бағыт таңдау жолдары жөнінде кеңестер беріл�

17/04/2026

📌 Кураторлық сағат | Ата заң — ел тірегі
Құрметті студенттер!
Бүгін кураторлық топтарымызда «Ата заң — ел тірегі» тақырыбында ерекше мағыналы сағат өткіздік. Қазақстан Республикасының Конституциясы — бұл тек құжат емес, бүкіл елдің тірегі, болашағымыздың негізі!
Сағатта біз:
✅ Ата заңның тарихы мен маңызын
✅ Конституцияда бекітілген негізгі құқықтар мен міндеттерді
✅ Әрбір азаматтың Конституцияны сақтау арқылы елдің тұрақтылығына қосатын үлесін
тереңнен талқыладық. Студенттеріміздің көздерінен от жанып, патриоттық сезім күшейгенін көрдік! ❤️
Ата заңды білу — Отанды сүюдің бастауы!
Сіз Конституцияның қай бабын ең маңызды деп санайсыз? Комментарийге жазыңыз, бірге талқылаймыз! 👇
#АтаЗаң #Конституция #КураторлықСағат

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Байтұрсынов, 63
Shymkent