Қауырсынды ұшырып, ол жерге түскенше бала көзбен бақылайды.Зейінін шоғырландырады🙌🏻
Sauurpaq.kz
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Sauurpaq.kz, Nursery, Кремлевская көшесі 2/1, Shymkent.
📌 Балаңыздың дамуына алаңдайсыз ба?
Тегін диагностикадан өтіп, нақты жағдайын біліп алыңыз!
👩⚕️ Бізде:
•Афк маманы
•Сенсорлы интеграция
•Остеопат маманы диагностика жасайды.
Егер балаңыз тынымсыз, бір орында отыра алмайтын, гиперактивный болса, балаға ауыр нәрсе сүйретіңіздер.
Біздің жағдайымызда ауыр жилет сүйреп жатыр.Үй жағдайында көліктің дөңгелегін,5 литр баклашкаға су құйып сүйрету керек.
Кеңесіміз пайдалы болса, гиперактивті баласы бар танысыңызға жіберіңіз🤗
Егер бұл қиын болса, бұл тек тепе-теңдік мәселесі емес. Оның артында вестибулярлық жүйенің, координацияның, денені сезінудің (проприоцепция) және моторлық жоспарлаудың жеткіліксіз дамуы жатуы мүмкін.
Осы видеодағы жаттығуда бала тар тіректе тұрып, тепе-теңдігін сақтай отырып, аяғымен конусты алып, қолына береді. Бұл:
✔️ балансты дамытады;
✔️ бір аяқта сенімді тұруды үйретеді;
✔️ аяқ-қол координациясын жақсартады;
✔️ ми мен дененің үйлесімді жұмысын күшейтеді.
Ал сіздің балаңыз бұл жаттығуды орындай алар ма еді? 👇
Сенсорлық қапшықтың (Body Sock) пайдасы
Сенсорлық қапшық - баланың денесін толық қамтып, терең қысым (deep pressure) беретін сенсорлық құрал. Ол сенсорлық интеграция сабақтарында кеңінен қолданылады.
Пайдасы:
✅ Дене қалпын сезінуді (проприоцепцияны) дамытады – бала өз денесінің кеңістіктегі орнын жақсырақ сезіне бастайды.
✅ Жүйке жүйесін тыныштандырады – терең қысым мазасыздықты азайтып, өзін қауіпсіз сезінуге көмектеседі.
✅ Зейін мен шоғырлануды арттырады – жаттығудан кейін бала тапсырмаларға жақсырақ көңіл бөледі.
✅ Ірі моториканы дамытады – еңбектеу, жүру, секіру, созылу кезінде барлық дене бұлшықеттері жұмыс істейді.
✅ Қозғалысты жоспарлау қабілетін (праксис) жақсартады – бала қозғалысын дұрыс жоспарлап, үйлестіруді үйренеді.
✅ Тепе-теңдік пен координацияны дамытады – қозғалыс кезінде денені басқару қабілеті жақсарады.
✅ Бұлшықет күшін және төзімділігін арттырады – қозғалыс жасау үшін қосымша күш жұмсайды.
✅ Эмоция мен мінез-құлықты реттеуге көмектеседі – гипербелсенді немесе тез қозатын балалардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Бұл жай ғана қыстырғышпен ойын емес.
Осы қарапайым тапсырма арқылы бала саусақ күшін, ұсақ моториканы, қол-көз координациясын және екі қолдың үйлесімді жұмысын дамытады. Кейін бұл дағдылар сөйлеу, жазу, киіну және күнделікті өмірде өте маңызды рөл атқарады.
Егер сіздің де балаңызға диагноз қойылған болса, жылдам нәтижеге жеткізгіңіз келсе кешенді емге алып келіңіз✅
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Shymkent
160000