Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясы

Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясы, Middle School, Күншығыс, 62, Shymkent.

03/07/2026

Экономим воду вместе с Тамшы!

А вы знали, что эффективно используя стиральную и посудомоечную машины одна семья может сэкономить до 35 000 литров воды в год?

Одна простая привычка помогает формировать культуру водосбережения!

#ЭкономьтеВоду
#БерегитеВоду
#КаждаяКапляВажна
#ЧистыйКазахстан

03/07/2026

Тамшымен бірге суды үнемдейік!

Кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды тиімді пайдалану арқылы бір отбасы жылына 35 000 литрге дейін су үнемдей алатынын білесіз бе?

Бір ғана қарапайым әдет су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі!

#ТамшыменБірге
#СудыҮнемдейік
#СудыҮнемдеу
#ТазаҚазақстан

01/07/2026

2026 жылдың 1 шілдесі – Қазақстан үшін тағылымы терең, тарихи күн.

Бүгін жаңа Конституциямыз күшіне еніп, ел дамуының жаңа белесін бастайды.

Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен татулығының, азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының басты кепілі.

Ата Заңда айқындалған асыл қағидалар өмірде өз көрінісін тауып, Әділетті, қуатты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құруға жол ашсын!

____________________

Сегодня 1 июля 2026 года - исторический день для Казахстана.

Новая Конституция вступает в силу, открывая новую страницу в развитии государства.

Основной закон - это фундамент доверия между государством и обществом, гарантия прав граждан и ориентир для будущих поколений.

Пусть принципы, закрепленные в Основном законе, станут реальной основой для сильного, справедливого и успешного Казахстана.

P.S.: Сурет AI көмегімен жасалған.
Изображение сгенерировано с помощью AI.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 01/07/2026

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды.

Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді.

Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті қолдау алғаш рет енгізіліп отыр.

Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі өзгермейді.

Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарлары – адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізі ретінде дамыту конституциялық деңгейде алғаш рет айқындалды.

Ата Заңымыз Конституция үстемдігін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде, оның ең жоғары заңды күшін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылуын бекітеді. Барлық заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер тек Конституцияның негізінде, сондай ақ оны орындау мақсатында қабылдануға және оған қайшы келмеуге тиіс.

Бұған дейін сот төрелігі қағидаттарының қатарында бекітіліп келген заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы туралы ережелер конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституциялық мәртебеге ие болды. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күшіне тыйым салу барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін жалпыға бірдей міндетті талап ретінде бекітілді.

Конституциялық заңдармен реттелетін мәселелердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық мәртебесі, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот, сот жүйесі, арнаулы құқықтық режимдер және мемлекеттік құрылыстың өзге де мәселелері енгізілді. Бұл олардың құқықтық реттелуінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы беріле отырып, халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Бұл қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын күшейтеді. Заң шығарушы биліктің жаңа үлгісі жасалып, мемлекеттік институттар арасында өкілеттіктер қайта бөлінді.

Адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды. Конституция қылмыстық сот ісін жүргізудегі негізгі кепілдіктерді сот қызметінің қағидаттары ретінде емес, бас бостандығы нақты шектелген сәттен бастап барлық мемлекеттік органдар сақтауға міндетті әрбір адамның ажырамас құқықтары ретінде бекітті. Олардың қатарында нақты ұсталған сәттен бастап қорғалу құқығы, бас бостандықтың шектелуіне сот бақылауы, негізсіз ұстауға тыйым салу, сұрақтарға жауап бермеу құқығы, өз-өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы («Миранда қағидалары»), сондай-ақ кінәсіз презумпциясы бар.

Мемлекеттің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу міндеті, зияткерлік меншікті қорғау құқығы, дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікті қоса алғанда, цифрлық құқықтарға кепілдіктер, сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың экологиялық жауапкершілігі конституциялық деңгейде алғаш рет бекітілді.

Жаңа Конституцияның күшіне енуімен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Конституция үстемдігін, оның ең жоғары заңды күшін және конституциялық құндылықтардың бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ете отырып, конституциялық бақылауды жалғастыра береді.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстан Республикасының конституциялық дамудағы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл кезеңде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып, Конституция үстемдігі орнықты дамудың, заңдылық пен әділдіктің берік негізі бола береді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының барша азаматтарын жаңа Конституцияның күшіне енуімен және еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды.

Жаңа Конституция мәтініне сілтеме:

Қазақстан Республикасының Конституциясы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫБіз, біртұтас Қазақстан халқы,байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихыны....

01/07/2026

Құрметті отандастар!

Бүгін жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция күшіне енді.

Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған тарихи қадам.

Жаңа Ата Заңда мемлекеттік басқару құрылымы жетілдіріліп, Вице-Президент институты енгізіледі. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылып, оның депутаттары партиялық тізімдер бойынша сайланады. Сонымен қатар заңнамалық бастамалар көтеріп, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Халық кеңесі жұмыс істейтін болады.

Конституциялық реформалар аясында адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері одан әрі жетілдіріледі. Бұл өзгерістер әділетті қоғам құруға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді.

Жаңа Конституцияның қолданысқа енгізілуі құтты болсын!

Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі | 24/06/2026

КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

25 маусымнан бастап Шымкент қаласындағы колледждерге құжат қабылдау басталады. Жаңа 2026-2027 оқу жылында тағы 6 мың бала Шымкент қаласының колледждерінде тегін білім алуға мүмкіндік алады.

Жергілікті бюджет есебінен білім беру саласына – 310, өнер және гуманитарлық ғылымдар саласына – 373, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласына – 50, кәсіпкерлік, басқару және құқық саласына – 125, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына – 861, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3141, ветеринария саласына – 25, денсаулық сақтау саласына – 365 орын, қызмет көрсету саласында 750 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп, өңіріміздің 28 колледжінде орналастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша талапкерлердің өтінімдерін қабылдау колледждер мен www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Қосымша сұрақтар бойынша жұмыс уақытында (дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9:00-13:00, 15:00-19:00 аралығында) төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады: 87479718959, 87024072941, 87023115138.

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі | eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды

Photos from Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясы's post 22/06/2026

ШЫМКЕНТ – КӨШ БАСЫНДА. KUNDELIK.KZ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласы электронды журнал мен күнделікті жүргізуде республика бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Осыған орай «Күнделік» ЖШС жетекшілері Шымкент қаласының білім басқармасына, қалалық әдістемелік кабинетке, аудандық білім бөлімдері мен мектеп ұжымдарына ерекше жетістікті айғақтайтын «Алтын белгі» марапатын салтанатты түрде табыстады.

Бұл жоғары марапат Kundelik.kz платформасын жауапкершілікпен әрі сапалы толтыруға, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге байланысты беріліп, цифрлық білім беру платформасын тиімді әрі нәтижелі пайдалану бағытындағы ауқымды жұмыс жоғары бағаланып отыр.

Айта кету керек, Шымкент қаласы соңғы жылдары цифрлық білім беру жүйесін дамытуда және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуде республика бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Бұл табыс – білім беру ұйымдарының, қажырлы педагогтердің, жауапты ата-аналар мен ізденімпаз оқушылардың бірлескен еңбегінің жемісі.

Photos from Т.Рысқұлов атындағы 25 мектеп-гимназиясы's post 20/06/2026

✨ EduCampShym 2026 – білім мен болашаққа бастар жол! ✨

📅 2026 жылғы 18 маусымда «EduCampShym 2026» жобасы аясында №25 мектептің 9–10 сынып оқушылары Шымкент университеті базасында ұйымдастырылған танымдық іс-шараға қатысты.
🏛️ Іс-шара барысында оқушылар университеттің оқу үдерісімен танысып, заманауи аудиториялар мен зертханаларды аралады. Университет мамандары білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар және жоғары оқу орнында білім алудың артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берді.
📚 Сонымен қатар, Шымкент университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мамандары кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар арқылы олардың болашақ кәсіби бағытын айқындауға қолдау көрсетілді.







#Шымкент

20/06/2026

✨ PROFSTART – кәсіби болашаққа бастар маңызды қадам! ✨

📅 2026 жылғы 17 маусым күні «PROFSTART» жобасы аясында мектебіміздің оқушылары М. Өтебаев атындағы Жоғары және технологиялар колледжінде ұйымдастырылған танымдық іс-шараға қатысты.
🏫 Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу үдерісімен танысып, заманауи зертханалар мен шеберханаларды аралады. Колледж мамандары білім беру бағдарламалары, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар және олардың болашақтағы мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
💻 Сонымен қатар оқушылар IT бағытымен танысып, ақпараттық технологиялар саласындағы заманауи мүмкіндіктер мен болашақ мамандықтар туралы мәлімет алды.


#25Мектеп
#КәсібиБағдар
#МамандықТаңдау
#Колледж
#Шымкент

#АқпараттықТехнологиялар
#ОқуАғартуМинистрлігі
#ШымкентӘдістемелікОрталығы

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Күншығыс, 62
Shymkent